Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
29.04.2014
0
691
0

Сайыс сабақ " Көкпар"

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"

Учитель математики

Калекеш Айнагуль Абайкызы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу, ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:  Тәлімдік

Көрнекілік: Карточкалар, плакаттар, асық.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ауызша жұмыс.

Сабақтың барысы:   Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

                                       Босқа қарап тұрмаңыздар

                                                         Математикадан басталмақшы

                                    Көкпарлардың сайысы – деп бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

1. Топтардың таныстыруы.   Асыл тастан

                                              Өнер жастан

                                                  Шығады деп дарынды

                                                  Халық айтса, халық сөзі

                                              Әрқашанда қонымды

                                                  Бұл шындықты, күнделікті

                                                  Көріп жүрміз өмірден

                                                  Сан мыңдаған жастар өсті

                                                  Өнер асқан шанымды   демекші сол жастарды ортаға шақырамыз.

                  Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,

                  Кең даламнан естіледі асқақ үн.

                  Талай талант сенде шындалып, сенде өсті

                  Талай ғылым сенен алды бастауын

                  Сол математика ғылымының жолын қуған

                  Тұр тарландар күтіп ойын бастауын.          

 

     Әділ қазыларды сайлап алайық.

Ойынымыз 7 турдан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

І. Топтардың сәлемдесуі.  

ІІ. Зерделілер сайысы (Үй тапсырмасы)

   Әр топ 1 математик туралы қысқаша айтып береді. Математика туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер. « Көкпар» сөз жұмбағын құрастырып келу.

ІІІ. Шапшаңдық сайысы.

                                  Мынау асық, асығыңдар, келіңдер.

                                  Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер.

                                  Сайыстырып барлығын да көріңдер

                                  Заңдылығына математиканың сеніңдер.

Топ мүшелері қоржыннан асықтар алады да, нөмірін айтады, сұрақтары карточкада жазылған. 4 топ кезектесіп алады (5 сұрақтан).

І\/. Формулаларды білесің бе? Сиқырлы төртбұрыштар сайысы.

О, формула, фантастика секілді,

Білесің бе, қызықтарды не түрлі?!

Сиқырланған төртбұрыштарды қараңдар,

Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді.

 Әр топқа 3 төртбұрыштан, формула жазу.

 

\/. Жұмбақтар сайысы.  Әр топқа екі жұмбақтан шешу тапсырылады.

\/І. Топ жетекшілерінің сайысы. Жаңылтпаш айту.

\/ІІ. Өнер сайысы. Әр топ өз шығармаларын орындау.

Қорытынды.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қылды қақ жарып, әділ сына

Еңбегін «жас математиктердің» әділ сына демекші, ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

  

                                                Асықтардағы сұрақтар:

 

 1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?  (3)

2. Геометрия терминінің мағынасы қандай? (жер өлшеу)

3. π саны нешеге тең?  (3,14)

4. Координаталық жазықтық неше ширекке бөлінеді?

Әр ширектегі нүктенің координаталарының таңбалары қандай?  (4) (+;+)  (-;+) (-;-) (+;-)

5. Амал таңбаларынан жақшаны пайдаланып үш бестіктен нәтижесі 2-ге тең өрнек жаз:   (5+5) : 5 = 2

6.   0 = ?      (1)

7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?   (3)

8. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?   (5)

9. Төрт қойдың неше аяғы бар?  (16)

10. 1800- қа тең бұрыш қалай аталады?   (жазыңқы)

11. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу қалай аталады?  (жанама)

12. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)

13. Екі қатынастың теңдігі   (пропорция)

14.  1 = ?      (а)

15. 1 т  мақта ауыр ма, 10ц  темір ауыр ма?  (тең)

16. Асханаға 100 кг пияз және одан  3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?     (300кг)

17. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?   (6)

18. Бөлменің төрт бұрышында  бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?

19.  Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?    (100)

20. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.  (диаметр)

 

                                                     Жұмбақтар.

1. Нәрселерді санағанда

    Керек ол бізге ауадай,

    Айтыңдаршы бұл қандай сан

    Жан-жағыңа қарамай                         (натурал)

2. Егіз туған қос жүйрік,

    Жарыса шауып терлейді,

    Бірін- бірі көрмейді.

    Дамылсыз қанша шапса да,

    Бір мәреге келмейді.                       (параллель түзулер)

 

3. Дүниеде бүтін сан бола бермейді.

    Көңілге армандаған қона бермейді

    Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

    Қандай сан бар, кәнеки кім білем дейді.       (бөлшек сан)

4. Түзудің бір бөлігі

     Екі шеткі нүкте көрігі

     Ұзындығы және бар

     Айтшы сыйлық сенікі.        (кесінді)

5. Бірдей  санды бірнеше рет

    Көбейтуден тұрады.

    Егер оны ықшамдасаң

    Қандай атау болады?            (дәреже)

6. Нүктеден,  екі сәуледен

    Құрылған айтшы бұл не екен?    (бұрыш)

7. Бүтін сан, бөлшек сандар

    Барлығы да бар онда

    Бұл жиында кездеседі

    Оң, теріс сан бәрі де.         (рационал сандар)

8. Шекер жейтін аққұтан

    Бір қазыққа байланды

    Аузына тістеп шекерін

    Ол қазықты айналды               (циркуль)

9. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.     (х)

                                     Жаңылтпаштар

1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

    Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

    Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш

     Сәйкес бұрыш  құрған бұрыш

     Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

 

2. Бес түп алма «бестік» алғандікі

    Төрт түп алма «төрттік» алғандікі

    «Төрттік» алған бес түп алма алмайды,

    «Бестік» алған төрт түп алма алмайды.

 

3. Рационал сан, иррационал сан

    Иррационал сан, рационал сан

    Біріккен сан болған соң

    «Нақты сан» деп аталған сол.

 

4. Шеңбер, шеңбер доп емес

    Доп сияқты, доп емес

    Доп деп, доп деп шеңберді

    Ойлама шеңбер, ол емес

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения