Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
28.04.2014
0
2803
0

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Казахстан, Южно-Казахстанский область, Сайрамский район

Школа-гимназии №107 им. Ю.Сареми

Учитель начальных классов

Турсуметова Х.Р.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары, оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Ойлау–баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады.Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп,оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасату керек.

Ойлау дегеніміз мәселені шешудегі толғану процесі. Ойлану–дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырылады. Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлану туралы зерттеулер,олардың процесс күйін емес, ойлану қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.

Ойлаудың дамуы дегеніміз–оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады.

Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

Практикалық-қимылдық

Көрнекі көркем

Сөйлеу-логикалық

Ең алғашқысы (3жасқа дейінгі балаларда болатын) практикалық-қимылды ойлау. 4-7 жас аралығында көрнекі-көркем ойлау басым болады. Мектептің алғашқы жылдарында сөйлеу-логикалық ой көрнекі-көркем ойлаумен қабаттаса дами бастаса,орта және жоғарғы сынып оқушыларында бұл маңызды орын алады.Тапсырма сөйлеу арқылы орындалады. Ойлауды дамытудың негізі–сөйлеу тілі. Ойлаудың даму барысында кейінгі ой алдыңғысын мүлде жоққа шығармайды.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлау қабілетін түрлі ойындар арқылы жүзеге асыру негізінде балаға сабақтада ерекше назар аударылады. Ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады.

 

Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры

Мақсаты:

а) 4 санымен таныстыру деп аталатын ойын-сабаққа балалармен 3-ке дейінгі сандарды тура және кері санап, еске түсіру. 4 санымен таныстыру.

б) Айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып, геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

в) Берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1-ден 4-ке дейінгі сандар, суреттер, геометриялық пішіндер, түрлі-түсті қаламдар, проектор.

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап ойыны, сурет салу, бояу, жұмбақ.

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындау. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларды 1 ден 10 ға дейін тура және кері санату.

-          сол цифрлар ішінен 1 таңбалы сандарды ата.

-          10 цифры 1 таңбалы сан-ба? Не үшін?

-          1-ден 10-ға дейінгі сандар ішінен тақ сандарды ажырат.

 

Логикалық ойын

1. Екі сиырдың мүйізі қанша?

2. Бес қойдың аяғы қанша?

3. Бес қойдың басы нешеу?

4. Үш  адамның қолы нешеу?

5. Қайсы геометриялық пішіндердің 4 жағы және 4 бұрышы болады?

6. Ұшбұрышта-ше?

 

II. Негізгі бөлім. Жаңа тақырып.

1. Қазір қолдарыңа үйшіктің суретін беремін. Қасында мысалдар бар. Осы өрнектердің мәнін тауып, үйшікте берілген цифрларға сай етіп бояңдар.

1 – қарақора                                                   3-2=

2 – көк                                                            4-2=   

3 – сары                                                          2+1=

4 – қоңыр.                                                      1+3=

 

2. Тақтадаға қоян, мысық, күшік және тасбақа суреттері ілінген. Үйшіктерге 1,2,3,4 цифрлары жапсырылып, қай жануар, қай үйшікте тұратыны анықталады. Әр жануарға арналған мысалдарды оқушылар орындайды. Мысалдардың астынан жасырынған «ТӨРТ» сөзі шығады.

4 қандай сан?

- жұп сан

- бір таңбалы сан

- 3-тен кейінгі сан

- 5-тен алдыңғы сан.

4 цифрының өлеңімен таныстыру.

Үштен кейін төрт болар

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қыс мезгілі – күн суық

Ақ қар жатыр жер жауып.

 

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттер проектор арқылы тақтаға түсіріледі.

  1. Аюларымыз шкафта тұр.

1-ші сөреде қанша? 3         (төбеде)

2-шісінде ше? 1                  (төменде)

Барлығы – 4. Демек, 3 пен 1 дің қосындысы 4 болады.

                       3+1=4        1+3=4

Екінші сурет:

1-ші сөреде – 2

2-шісінде – 2

Барлығы – 4. Демек, 2 мен 2-нің қосындысы 4 болады.

                       2+2=4         2+2=4

Оқулықтағы көк және қызыл кесінділерді сызғышпен өлшеу.

 

Сергіту сәті:

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу

Қолымды сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

 

III. Жаңа тақырыпты пысықтау.

Тақтаға:

1+3=4           2+2=4

Қосу компоненттері, орын алмастыру қасиеттерін еске түсіру.

1+3=4           4-2=2                   3см < 4cм

3+1=4           4-1=3                   4см > 3см.

Оқушылардың дәптерлерің тексеріп бару. Тапсырманы әдемі және қатесіз орындаған оқушыларды әр түрлі геометриялық пішіндермен марапаттау.

Жұмбақтар:

Алма ағашта 5 алма

Қандай тәтті жесе алма,

Біреуін мен жеп қойсам

Қалады онда неше алма?

 

Мұратта 2 кітап

Маратта 2 кітап

Қоссақ 2 мен 2ні

Неше болады шешуі?

 

Қоян емес, ұзын құлақ

Ат емес, төрт тұяқ.   (Есек)

Сен, мен, ол, біз

Қаншамыз барлығымыз.    (4)

Жұмбақты шешуде белсенді қатысқан оқушыларға жетондар беру.

IV. Сабақты қорыту.

 Сабақ барысында белсенді қатысқан және жинаған геометриялық пішіндерінің санын анықтай отырып, оқушыларды мадақтау. Дәптерлеріне көрсетілген 4 санын жазып орындау. Санның жазылу ретін түсіндіріп, сабақты аяқтау.   

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения