Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
27.04.2014
0
739
1

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Казахстан, Алматинская область,  Алакольский район

ГУ «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель математики

Тазабекова  Анар Нурмухамедовна

Жалпы мақсаттар

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есеп шығарту, оқушылардың білімін толықтыру, алған білімдерін басқа тапсырмаларда пайдалана алу біліктіліктерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық ізденістерін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Анықтамаларды, формулаларды қолданып  есеп шығара алуға, қорытынды жасауға , топпен жұмыс істеуге, өзін бағалай алуға, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі, типі

Практикалық  , дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыс.

Дерек көздері

Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алгебра.     

 «Алгебра 7» дидактикалық материалдар. .Авторы: С.М.Сеитова

Көрнекіліктер

Тапсырмалар, фигуралар, формулалар, бағалау парағы, стикер, фостер.

Түйінді идеялар

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлудің анықтамаларын, формулаларын есепте пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыста ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз ойларын жеткізе алуын қалыптастыру.

Бағалау

 

Бағалау парақтары арқылы оқушылардың жинаған ұпай сандары және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Тапсырманың мазмұны

1.Ой сергіту

«Мыңның түсін білгенше

Бірдің атын біл»-демекші анықтамаларды, формулаларды сұрау

2. Ой толғаныс

«Білгенге маржан білмегенге арзан»-деп келесі тапсырма

«Жауабыңды сәйкестендіру» ойыны

3. Ой қозғау

Оқулықпен жұмыс

4.  Ой түйін

 Фигуралардағы адасқан формулаларды тауып қағаз бетіне түсіру.

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

1.Ұйымдастыру

(3 мин)

 

1.Оқушыларды топтастыру, топтарға оқушы ережесін жаздыру.

2.Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

 

 

Оқушылар топтың ережесін құрады, сабақтың мақсаты мен жоспары танысады.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау

(10мин)

Ой сергіту

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірдің атын біл-демекші анықтамаларды, формулаларды сұрау

1. Рационал бөлшектерді көбейту дегеніміз не? Формуласын жаз және мысал келтір.

2. Рационал бөлшектерді бөлу дегеніміз не? Формуласын жаз және мысал келтір.

3. Рационал бөлшектерді қысқарту дегеніміз не? Формуласын жаз және мысал келтір.

4. Рационал бөлшек дегеніміз не? Мысал келтір.

 

Білгенге маржан білмегенге арзан-деп келесі тапсырма

«Жауабыңды сәйкестендіру» ойыны

І топ                                                       ІІ топ

 

1.               А.               1.               А.4рq 

2.         Б.                     2.         Б.          .           

3.        В.4nm3                         3.            В.

ІІІ топ                                                        ІV топ

 

1.3с2                 А.                    1.                 А.

2.           Б.                   2.            Б.

 

3.;                 В.                  3.                   В.

 

 

Сұрақтар

Жауаптар

Жинаған ұпай

Жинаған баға

1.

 

3

«5»

2.

 

2

«4»

3.

 

1

«3»

 

 

0

«2»

 

 

 

 

Оқушылар топпен бірлесіп, сұраққа жауап береді.

 

Сұрақ-жауапты топ басшысы бағалайды.

 

 

 

Топ мүшелері есепті бірігіп есептеу арқылы, жауабын сәйкестендіреді және тақтадағы жауаппен дұрыстығына көз жеткізеді.

3. Есеп шығарту

(25 мин)

Ой қозғау

 

Оқулықпен жұмыс

№551

1 топ                                          ІІ топ         

 

1)        2)

ІІІ топ                                          ІV топ

 3)                       4) 

 

№554

І топ                                           ІІ топ

1)                         2)

 

ІІІ топ                                          ІV топ

3)                         4)

 

Әр топтан оқушылар шығып берілген есепті тақтаға орындайды, өз тобынан шыққан оқушының есебін топ оқушылары бірлесіп шығарады.

 Сергіту сәті

(2 мин)

 

 

 

 

 

 

Ой түйін

 

Оқушылар математикалық  мақал-мәтелді жалғастырады.

-Бір тал кессең,  .....

-Досыңды үш күн сынама,  .....

-Білгенің бір тоғыз, .....

-Ұлға отыз үйден ......

-Білекті бірді жығады, .....

-Бір кісі қазған құдықтан, .....

 

Фигуралардағы адасқан формулаларды тауып, қағазға жазып көрсету.

Қысқаша көбейту формулалары. Рационал бөлшектердің формулалары.

 

Оқушылар мақал-мәтелге

белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар топпен ақылдасып,бірге формулаларды құрып, қанша формула тапқанын фостерге схема бойынша салып, жазып көрсетеді.

Төрт топ бірін-бірі бағалайды.

 

4.Қорытынды

(2 мин)

 

 

Оқушылардан сұралады «Бағдаршам»-да қандай түстер бар?

-Жасыл, сары, қызыл.

-Ендеше, балалар бүгін біз сабағымызды осы түстерді қолдана отырып, қорытындылайық.

Қазір сендер  түстерді таңдап мына қорапқа саласыңдар, ол түстер мынаны білдіреді.

«Жасыл» түс- бүгінгі сабақты түсіндім, ары қарай өзім есеп шығара аламын, үй жұмысын орындай аламын.

«Сары» түс- мен бүгінгі сабақты жартылай түсіндім, маған әлі оқулықты оқу арқылы түсінігімді жетілдіру керек, бірақ үй жұмысын орындап келуге талпынамын.

 «Қызыл» түс- сабақты дұрыс түсінбедім, есептер маған түсініксіз болды, мен үй жұмысын орындай алмаймын. Маған көмек керек.

 

 

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, талдау жасап таңдаған түстерін қорапқа салады. Белсенді қатысады.

 

 

5.Бағалау (2 мин)

Критерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау

Топ басшысының бағалау парақтарымен жиынтық бағалау,

 әр оқушыны мадақтап, белсенді емес оқушыларға ескерту айтылады.

 

Топ басшысының жиынтық бағалауы.

 

6. Үйге тапсырма (1 мин)

 

П. 3.1-3.2  № 552,  № 555

Формулаларды қолданып есеп шығару, еске сақтау.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения