Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
27.04.2014
0
1807
1

Қосу мен азайту 26+7 ;33 – 7

Казахстан, Алматинская область,  Алакольский район

ГУ «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель начальных классов

Кыйсыкова  Шолпан  Муратбековна

 Мақсаты: Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін  көрнекілікке сүйеніп енгізу,сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету. 26+7 және 33 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайтуды орындау тәсілдерін түсіндіру, үйрету. 2.Ойлау қабілетін дамыта отырып, математикалық біліктерін ,ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру,зерделеу қиялын ұштап,білімін шыңдау. 3.Ал5а 0ой5ан 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Типі:ұжымдық,топтық

Сабақтың технологиясы:дидактикалық бірліктерді ірілендіру  технологиясы.

Әдісі: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік жұмыс,тест.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану,көркем жазу.

Көрнекіліктер:суреттер,видео ролик,тестік жұмыс,геометриялық денелер

 Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық. Слайдпен видеоролик көрініп тұрады.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «5-тік»болсын.

 

-Балалар ,бүгінгі сабағымыздың сәтті,көңілді өтуіне тілектеспін.

Бүгін  сабағымызда қиын қияға шығамыз.Қиын қияға шығу үшін көптеген тапсырмаларды орындауымыз керек .Сендер  тапсырманы дұрыс орындасаңдар сиқырлы таяқша жол көрсетеді.Тапсырмаларды сүрінбей орындасаңдар  таудың шыңына шығып, туымызды тіге аламыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1-тапсырма.Таудың етегі 

№ 3 оқу, талдау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

2-тапсырма.Жабайы аңдар

«Кім шапшаң»  ойыны

 

Сандарды жіктеу.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын ,мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ:Ой қозғау

3-тапсырма.Қауіпті құз(түсіндіру)

 

 Көрнекілікпен жұмыс (интерактивті тақтадағы кесте).

№ 1

Неше толық ондық?\2\

Неше бірлік?             \6\

 Алдымен 26-ны толық ондық шыққанша  толықтырамыз,яғни 26+4,содан кейін 30-ға 7-ден қалған 3-ті қосамыз,қосындының мәні 33-ке тең.Кері амал (азайту)осыған ұқсас қарастылады.Толық ондық шығару үшін  33-тен 3-ті азайтамыз.Содан соң 30-дан 7-ден қалған 4-ті азайтамыз.Айырманың мәні 26-ға тең.

а/26 + 7  = 33            

/26 + 4 / + 3  = 33

                                                                                                            

Дәптермен жұмыс.Күн ретін жазайық.Көркем жазу минуты.

26                26               26              26

ә/ түсіндіре отырып шығару.48+5 =53                      74 + 9 =83            

96 – 9  =87                              53-5 =48                       83 + 9  =92

4-тапсырма.Таудың асуы

 

Кітап туралы айту.Кітап,оқу туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? «Кітап –алтын қазына»,............т.б

а/

Ікүні – 22 бет                        

ІІкүні- ? 8 бет    артық            3-ші күні  сонша-?бет

 

/22 + 8 /  +  22  = 52  бет    

 

Тақтамен жұмыс

1-көшеде-30үй                     3көшеде сонша?үй

2-көшеде-?5-еуі  кем            30+(30-5) =55 үй

Сергіту сәті.

Құлагердей халық сүйген,

Шаршамастан шабамыз.

Қиналмай –ақ есептердің,

Жауабын тез табамыз.

5-тапсырма.Қар көшкіні.

4. Тез есепте?(ауызша)

№ 6 .Ауызша  сандар көрсетіп ,разрядтық  қосылғыштарын ажыратып жіберіңдер.

1онд.5бірл. + 5бірл. = 2 онд.

2онд.5 бірл.+5бірл. = 3 онд.

8онд.5бірл. + 5бірл. =9 онд

9 онд - 5бірл. =8 онд. 5 бірл.

2онд – 5 бірл. =1 онд. 5 бірл.

ҮІ.Бекіту.

6-тапсырма.Шыңымыздың басы.

Логикалық тапсырма

Кесеге-шай

Стақанға –шырын

Шыны аяққа- кофе

 

ҮІІ Қорыту: 

Электронды оқулықтан тест шешу.

Сәйкестендіру тесті

1.12-6            49

2.22-8             44

3.36-7              6

4.53-4            14

5.49-5            29

6.33-9          61

7.42-5          24

8.65-4          37                          

Әрбір сандардағы өрнектерді дұрыс тапсаңдар жасырылған сөзді табасыңдар

1              2             3            4              5            6             7             8

 

 


Ж            А             Р            А           Й             С         Ы              Ң

 

-Балалар ,бүгін біз сабақта таудың шыңына шығып еліміздің туын тіктік.Әрдайым  осындай  білім шыңына шығып,өзіміздің білімді екенізді дәлелдей берейік.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  1№ 4 , 129 бет,  2 бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения