Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
25.04.2014
0
1331
0

СЫНИ ОЙЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Казахстан, Кызылординская область, Казалинский район, г. Айтеке би

Средняя школа №216 им. К. Сатбаева

Заместитель директора по учебной части начальных классов

Ляззат Кошен

               Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  биылғы Қазақстан халқына Жолдауында:

«Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл күйлеріне байланысты» - деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне барша жұртшылықтың назарын аударды.Бүгінгі таңда XXI ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады.

               Біріншіден, адамдар өмір алған білімдерін жаңғыртты, дамытып отырады.

               Екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі.

               Үшіншіден, бүкіл білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңесіне кіреді.

               Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Демек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Өйткені, «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп, Президентіміз Н.Назарбаев бізге ел сенімін жеткізіп отыр.

               II. Негізгі бөлім.

               Шығармашылықпен айналысқан мұғалімнің сабағы өте сапалы өтеді,әрі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру – ұстаздардың алдында қойылып отырған ең басты талаптардың бірі. Осы себептен ұстаздар үздіксіз ізденуге міндетті.

              Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда мұғалімдер көп ізденіп, жаңа оқыту технологияларын меңгеруі, әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуі қазіргі таңда қажеттілікке айналып отыр.

               2009 жылдан бастап, СТО бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп келемін.

               Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым,бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауды сабақтарда үйрету.Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибиелеріне ене бастады.

               Сын тұрғысынан ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға,жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Бастауыш сынып оқушылары да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Оған осы жобамен жұмыс барысында көзімді жеткіздім.

               Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым – деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

               Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

               Енді осы кезеңдердің басты мақсат – міндеттеріне тоқталсақ.

               Қызығушылықты ояту.

      Үйрену процесі – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұйымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

      Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлау», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

      Ойлау мен үйретуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Бұл кезеңде «Түртіп алу», INSERT әдістері бойынша жұмыс жүргізуге болады.

        INSERT – оқиғаны түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқиғаны есте сақтау, мәтінді жете түсіну күрделі жұмыс.

        Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны  түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі.

        Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне,басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады.Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады.Дәл осы кезде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап,оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңында көтеріледі,үлкен әлемге енеді, сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді,өзгеше сенім,тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Қолдануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр, жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

          Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

          Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек.Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді,шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен сын тұрғысынан ойлау технологиясымен жұмыс жасаудың айырмашылығын салыстырып көруге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда,үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап,оның дамуын жан-жақты зерттей отырып,өз сабақтарын соған қарай өзгертіп отыруы тиіс.Әйтпесе, жаңа құны болмайды.

           Жаңа технология ретінде ең озық әдістер дер кезінде игеру, іздену, арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті.

           Мен сабақтарымда, көбінесе математика, орыс тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына  сәйкес бірізді, жүйелі қолданып келемін. Ой қозғау стратегиясында «ЧТО мы знаем об этом, давайте вспомним?» деп – минут ой жинақтау логикалық ойландыра білуге бастайды. Не жазарын білмей,есіне түсіру қиындық келтірген оқушыларға қасына барып, баяу ғана берілген тапсырмаға байланысты сұрақтар беріп, мысалы, «как ты думаешь какого цвате? На что оно похоже? Где были бывает или находится?» деп бағыт беріп отырдым.

            Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бірін-бірі тыңдамайды, сыныпта шу көбейеді. Барлығы да жазғандарын тақта алдында оқығысы келіп асығыстық танытты.

            3-4 сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болады.Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренеді.Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.

            «Читая этот расказ, как вы себя почувствовали? Какой пример вы бы себе выбрали?»- деген сұрақтармен бағыт берілуде. Бірте-бірте оқушылар мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені айта алатында батылдық сезіле бастады. Қазір күнде өтілетін әңгімеден соң оқушылар толғанысын жасап, өз ойын жазбаша білдіреді.Кейде мәтіндегі ойға байланысты мақалда кірістіріп жаза алады.

             Жигсо әдісіне мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады.Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Мұның өзі олардың өздерін басқа жолдастарында сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйретті.

             «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кубизм» әдістеріне оқушылар қызыға кіріседі. Бес жолды өлең құраудың пайдасы орыс тілі, қазақ тілі сабағында зат есім,сын есім,етістік,мәндес сөздер,сөйлем туралы ережені бекіте түседі. Еркін жазу әдісінде жануарлардың бірнеше дайын мүсінін әкеліп, әр топтан бір оқушы шығып сиқырлы қалтадан ешкімге көрсетпей біреуін алып, өз тобына барып топ мүшелері келесі топқа ойласып жұмбақ жасырады. Келесі топқа жазғандарын оқып береді. Олар жұмбақталған нәрсені ойласып тауып отырады. Әр топтың жасырған жануарлары бойынша балалар «Семантикалық картаны» қызығушылықпен толтырып отырады. Еркін жазу әдісінде өтілген тақырыпқа байланысты мағлұмат жинап келуге тапсыруға болады.

               Егер дәстүрлі оқытуда – баланы жаттауға, есте сақтауға үйретсе, сонымен қатар дәстүрлі оқытуда тапсырманы 4-5  оқушыдан сұрап, қаншама оқушылар тасада қала беретін еді. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та, оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін,шығармашылығын жан-жақты дамытатындығын көрудеміз. Аңғарымды, ойлы болуға, өз ойын дәлелді жеткізуге үйренетініне көзіміз жетіп келеді.

                Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу ісін ұйымдастырушы деуге болады.

                Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

                Оқушыларға ойлану-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

                Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

                Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

                 Кейбір оқушылар қолайсыз жағдайға түсіп қалғанда оны әжуаға айналдырмау.

                Оқушылардың бір-бірінен жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

                 Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

                  Мысалы, математика 3- сынып

                  Қарама қайшылықты табу (әдісі)Венн диаграмма

 

                a = 5cм, b=4см,

                s=?, P=?

                Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

               Ұқсастығы: аудан табуда және периметрді табуда тік төртбұрыштың қабырғалары бірдей.

               Айырмашылығы: аудан табуда және периметрді табудағы жолдар.

               Өрнектердің мәндері.

               Сиқырлы қалам(әдісі) көбейту және бөлу амалдарын орындау.

               Орыс тілі,3-сынып.

               Назовите основные признаки осени.

Что такое зима?

                   Ана тілі 4 класс

 Сабақтың тақырыбы: Амангелді туралы естеліктер. Ә.Жангелдин. Қазақ халқының ұлттық бостандығы жолындағы күрестің ұйымдастырушысы және басшысы А.Иманов туралы қазақтың тұңғыш азаттық жолындағы күрескерлерінің бірі Ә.Жангелдин естелігімен таныстыру, батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін оның болашағына немқұрайлы қарамайтын, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.Өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.

 

күйші


 Ассоцация құру:








Кестемен жұмыс:

Кейіпкердің бойында қандай қасиет бар?

Адалдық

Жанашырлық

Ақылдылық

Кішіпейілділік

Шындықты жақтау

Елдің жайын ойлау,әдіс-тәсілдерін үйрету

Елді соңынан ерте білуін, өзіне жақын серік іздеу

Құрдастарына ақ жарқын мінезі, көңілді жүруі

 

Венн диаграмма

 

                    Ә.Жангелдин                                                                                       А.Иманов

 
   

 

Сабақтың тақырыбы: «Нағыз адам» Ана тілі 3 класс

Сабақтың мақсаты: Әңгімемен таныстырып, мазмұны мен идеясын ашу.

Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Адамгершілікке, адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Адамгершілік қасиеттерді танып біледі.

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорын молайтады.

Стратегиялар:

Топтастыру

Болжау кестесін толтыру

Эссе

I.Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу

Адамгершілік қасиеттерін атап, топқа сол сөздер арқылы бөлінді.

I топ. Сыпайы

II топ.Әдепті

III топ.Тәртіпті

II.Әр топ эссе жазады (таңдаған сөздері бойынша 2-3 минут өз ойларын жазады). Топта талқылап, ой бөлісіп, спикер таңдаулысын оқиды.

II топ. «Әдепті» тобының жазған эссесі:

Әдепті баланың ұяты болады.Ол өзін де, басқаларды да сыйлайды. Ата-анасын тыңдайды.Сабағын жақсы оқиды.Таза жүреді.

                Басқа топтар осылай жазғандарын ортаға салады.

                Нағыз адам ретінде қандай қасиеттер керек? Соны топтастырып жазайық,- деп тапсырма бердім.

III тобының топтастыруы:


Барлық топтарды тыңдап ортақ қорытындысы жазылады.


III. Мағынаны тану

Мәтінді үш бөлімге бөліп оқыту. Әр бөлімнен соң оқушылар болжау кестесін толтырып, топта талқылайды.Соңында таңдаулысы оқиды.

 

Болжау кестесі.

Не болды деп ойлайсыз?

Не болды?

Сіз қалай жалғастырасыз?

Шаруа оларға көмектесті.

Ол шұңқырға баспалдақ қойып, шелегін алып берді.

Олар өте қатты қуанды.

Жолаушыға ас береді.

ОЛ шелегін тастап кетеді.

Шал жолаушыдан шелегін сұрап алады.

Шаруа көмектеспей кетіп қалды. Бұл адам емес,-деді атасы.

Шелегін тастамай кеткеніне ренжиді. Бұл да әлі адам емес,- деді атасы жолаушы шелегін тастап кетеді.Бұл нағыз адам,-деп жауап берді атасы.

Тағы бір жолаушы келіп екеуін қонаққа шақырады. Сонда атасы:

Бұл нағыз адам,-дейді. Аздан соң бір жолаушы келеді.Олар дос болады.Шелек,арқан жасайды.Бір күні арқан үзіліп шелек суға түсіп кетеді.

Бірақ олардың шелегі де, арқаны да болады.

 

IV.Қорытынды

                  Оқушылардың шығармашылығын дамытуда оның нәтижесін көруде өзіме мынадай формуланы пайдаланамын.Осы формула арқылы нәтижеге жетуді көздеймін.

                    Г+П+Ж+Э – шығармашыл, дарынды шәкірт. Сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Осы мақсатта нәтижеге жетуде мына кестені пайдаланамын.

 

Р\с

Бағыты

Оқушының аты-жөні

Жүргізілетін жұмыс түрі

Нәтиже

1

Гуманитарлық(орыс тілі,ана тілі,қазақ тілі)

Ойнар Ақтоты

Күнділдә Дәулет

Тәжібай Роза

Сынақсөз, шығарма, мазмұндама,эссе,әңгіме, бес жолды өлең,тест

«Прекрасная пора» атты сайыста II орын

Руский медвежонок

2

Политехникалық

/математика/

 

Логикалық есептер, бақылау жұмысы,тест

 

3

Жаратылыстану

/дүниетану/

 

Тест, тәжірибелік жұмыстар, зерттеу жұмыстары.

 

4

Эстетикалық

/өнер,спорт,бейнелеу/

Қ.Маратұлы

Н.Бержанов

Сурет салу.Спорттық ойындар, байқаулар.

Балалар шығармашылығы

I, II орындар

 

                Қорыта айтқанда, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында пайдаланудың нәтижесінде сыныпта 21 оқушы өзара жұмыс жасай біледі. 21 оқушының 13 жоғары деңгейде.6 оқушы орташа деңгейде, екеуі төменгі деңгей тапсырмаларын өздігінен орындай білетіндігін көрсетті.

                 Бүгінгі қоғамға, мектепте керегіде осылар.

Кел жастарым ой бесігін тербейік,

Маман керек бұл ғасырда елге нық.

Жаңалықтың жаңа әдісін қолдайық,

Сынмен қарау соқпақтарын меңгеру

Жаңа ғасыр – жаңа өмір сатысы,

Жаңалықты меңгеру – жұрт хақысы.

Сын тұрғысы әдістерін игерсең

Тура жолға түсер ғылым ағысы.

Шәкірттерді баурап алса, жалын ой,

Ол ұстаздың мәңгі өшпейтін шамы ғой.

Ұлағатты, өнегелі ұлы істі,

Ұға білу-нағыз үлкен абырой.

                                                                     (А.Мұхаметкариева)

                   

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Назарбаев «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің халқына Жолдауы /Егемен Қазақстан 29 қаңтар,2010 жылғы
  2. «Оқыту технологиялары» Оқу - әдістемелік құрал. Алматы 2007ж
  3. «Сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі» А.Мұхаметкариева

Мектеп директорының орынбасары №1 2011ж

  1. «Бастауыш мектеп» журналы №181,8 2003ж
  2. Б.А Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары»
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения