Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
23.04.2014
0
1160
0

Көшеде сақ бол

Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сайрамский район

Школа-гимназии №107 им. Юсуфа Сареми

Учитель начальных классов

Атаходжаева Х.Т.

Мақсат:

  1. Оқушылардың көше мен жолақтардағы жол әрекеттері ережелерін бағдаршам мен жол транспорттары мен жаяу жүрушілерді реттейтін МАИ инспекторларының қозғалысы туралы алған білімін тексеру.
  2.  Жарақат алған адамға алғашқы медициналық жәрдем беру жаттығуларын өткізу.
  3. Оқушыларды зерек болуға, өз өмірін түрлі қауіпті жағдайларға тап болудан сақтауға үйрету.

Көрнектілер:  жол қиылыстарының үлгісі , МАИ инспекторы, жол белгілері, бағдаршам моделі, көлік түрлерінің суреттері, бейнефильм дискі.

 

Сабақтың барысы:

    Ойын қатысушылары екі топқа бөлінеді. Ойынды жоғары сынып оқушыларынан бір оқушы инспектор формасында жүргізеді.

1-топ. «Бағдаршам.»

2-топ. «Қиылыс.»

   Ойын шарттарын бағалау үшін қазылар алқасы бекітіледі.

1-шарт: «Тапқыр жолаушы.»

   Жүргізуші шарт бойынша әр топқа 5 сұрақ қойып, олардың жауаптары тыңдалады. 

Бағдаршам тобына:

  1. Жаяу жүргіншілер жолдың қай жағынан жүруі керек?
  2. Қозғалыссыз тұрған автобустың қай жағынан өтуге болады?
  3. Не үшін жолдың ортасында шана, шанғы немесе конькимен сырғанауға болмайды?
  4. Егер жаяу жүргінші жол ортасында көлікке тура келсе, ол қай жерде тоқтауы тиіс?
  5. Бағдаршам орналасқан қиылыста МАИ инспекторы бар болса, жаяу жүргінші кімге мойынсыну керек?

«Қиылыс» тобына :

  1. 1.    Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көзі жанғанда не істеу керек?
  2. 2.    Жолды қай жерлерінен кесіп өтуге болады?
  3. 3.    Қандай жерлерде ойын ойнауға рұқсат етіледі?
  4. 4.    Неліктен жүріп келе жатқан көлік алдынан кенеттен шығуға болмайды?
  5. 5.    Қиылыс дегеніміз не?

2-шарт.

Әр бір топ мүшелеріне жол қозғалысына байланысты суреттер беріледі. Жол қозғалысына байланыстырып, сурет бойынша мәтін құрастыру қажет.

(1-сурет. Жол үстінде доп теуіп жүрген балалар

2-сурет. Қолындағы добы көлік астына түскен қыз)

Қазылар алқасы 2 шарт бойынша бағалауы тиіс.

Арада би көрсетіледі.

 

3-шарт.

Жол қозғалысы ережелері туралы өлең - тақпақтар байқауы.

 

4-шарт.

Жарақат алған жаяу жүргіншіге алғашқы көмек көрсету.

Ән. Үш түрлі шырақ.

 

5-шарт.

Қиылыстағы бағдаршамға қарап, велосипедпен дұрыс жүру, мәреге тез жету жаттығуы.

    Қазылар алқасы 5 ұпайлы жүйемен топтарды бағалап, жеңімпаз топ марапатталады.

Шақырылған МАИ инспекторы мен қонақтарға сөз беру.

    Сабақты қорытындылау.

№107 Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназия                          мұғалімі Атаходжаева Хикоятхон

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения