Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
22.04.2014
0
737
0

Ағаш-биік өсімдік

Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, с. Шелек

ГККП Д/С №38 «Гулдер»

Воспитатель младшей группы

Жусанбаева Д.К.

Мақсаты:  Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері, күз туралы түсінік беру.

                   Балаларды өсімдіктер әлемі-үйеңкі ағашымен таныстыру.

                   Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруін бақылай білу дағдыларын          

                   дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға

                   тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

                                              Қане, кімнің бойы ұзын?

                                              Паровозы ол пойыздың.

                                              Қатар-қатар тұрайық,

                                              Паровозды құрайық.

                                              Пш-пш-пш, бас алға,

                                              Қарап қалма, аспанға.

                                              Пш-пш-пш,пш-пш-пш.

 

- Балалар, біздің пойызымыз ұзын ба, әлде қысқа ма?

- Біз осы пойызбен қазір ағаштар аялдамасына барамыз.

- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

- Күнді.

- Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

- Алақай деп қуанамыз! (Қол шапалақтау).

- Күн бізге не береді?

- Күн бізге жылу береді.

- Қазір жылдың қай мезгілі екен?

- Қазір жылдың күз мезгілі.

- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

- Ауа райы салқындайды, жиі-жиі жаңбыр жауады.

- Мынау не?

- Ағаш.

- Дұрыс. Бұл балалар үйеңкі ағашы.Үйеңкі ағашы-биік өсімдік, ұшар басы

 

 цилиндр  формалы, бұтақтары жұптаса орналасқан, діңі ашық сұр қабықты.

Жапырақтары ірі, қалақшаланған, ұштары үшкірленген, жазда ашық жасыл, күзде сарғыш қызыл түсті.

-         Оның тамыры жердің астында, тереңде жатады сондықтан көрінбейді.

-         Ағаштар тірі: олар дем алады, қоректенеді, өсіп-өнеді.Ағаштар ауаны тазартады, одан жиһаз бен қағаз жасайды, жазда күннен, ыстықтан қорғап, көлеңке болады.

Оларды қорғау керек.

-         Ағаштар әртүрлі болады, оның жапырақтары да әр түрлі.

-         Сары, сарғыш қызғылт, жасыл,қоңыр,қызғыл түсті.

-         Пішіндері де әр түрлі.

-         Дөңгеленіп жүрек сияқты,жұмыртқа сияқты сопақша,қалақшаланған ұштары үшкірленген.

-         Күзде ағаштардың жапырақтары түсіп қалады.

Бой жазу:

                             Тербеледі ағаштар,

                             Алдымнан жел еседі.

                             Кіп-кішкентай ағаштар,

                             Үп-үлкен боп өседі.

-         Балалар, ағаштар үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-         Биік пе, әлде аласа ма?

-         Жапырақтар, бұтақтар.

Еңбек:

-         Ал енді балалар, барлығымыз жапырақ жинайық.Кім көп жапырақ жинар екен?

Сұрақ-жауап. Қортындылау.

  «Мысық» өлеңін айтып қимылмен көрсетеді.

Ойын: «Мысық пен тышқан».

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения