Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
21.04.2014
0
1622
0

Аққұс туралы аңыз

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

Школа-лицей №7

Учитель начальных классов

Узакбаева А.С.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: әңгіме мазмұнымен таныстыру; Ш. Қалдаяқов өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру;
ә) тәрбиелік: ән құдіретін сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу, өнер адамдарын құрмет тұтуға тәрбиелеу;
б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Ш. Қалдаяқов» деректі фильм, әндер жинағы, плакат, слайд, Бақытжан Байқадамов, Людвиг Ван Бетховеннің суреттері, қосымша кітаптар
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың барысы:
                                               І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабаққа психологиялық дайындық.
Алға қойған мақсатымыз:
1. Тыныштық сақтау
2. Ойымызды толық айту.
3. Бір - бірімізді тыңдау.

                                              II. Үй тапсырмасы

Оқушылар өз бетімен орындаған тапсырмаларын қорыту.

(оқушылар Әбілхан Қастеев туралы жинаған мәліметтерін оқиды)

Әбілхан Қастеев

Қазақстан халық суретшісі, КСРО және Суретшілер Одағының мүшесі

Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.

(Оқушылар ойын қорытындылау)

                                       III. Өткен сабақты қорыту

Оқушылар, Әбілхан Қастеев туралы ойымызды қорытындылап өттік. Суретшінің өнеріне Қазақстанның суретшілерімен бірге шет елдердің де    суретшілері  тәнті болған. Олай болса, олардың пікірлеріне назар аударайық.

«Әбілхан – өнеріміздегі, ұлттық рухани мәдениетіміздегі ұлы тұлға.»

                                                                             Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов                                                                                                            

«Қастеев шығармаларын көріп, кең-байтақ Қазақстанды аралап шықандай әсер алдым.»

                                                                                       Америкалық әйгілі суретші  Рокуэл Кент                                                                                            

«Қазақтың кім екенін білгің келсе, Әбілханның суреттерін, Шәмшінің әндерін зертте.»

                                                                             Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов

                                                         IV. Жаңа сабақ 

(Әнұран туралы түсінік беру.)

-          Әнұранның авторлары кімдер?          (Оқушылар жауабы тыңдалады)

-          Ендеше, бүгінгі сабағымызда сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармаларымен танысамыз. Шәмші әндерінің маңыздылығын, шоқтығының биіктігін ұғынамыз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да осы.                                           (Шәмші туралы мағлұмат беру)

                                                        Шәмші Қалдаяқов

Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратын Шәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

                                      « Құйрықты жұлдыз секілді
                                       Туды да көп тұрмады
                                       Көрген білген өкінді
                                       Мін тағар жан болмады»                  
                 Ғ.Құрманғалиев

«Қазақстанның аспанында Шәмші әуені. Қазақ таңды Шәмшімен атырып, күнді Шәмшімен батырады.»                                                                                                  Оразбек Бодықов

 

Оқушылар,бүгінгі сабағымызда Шәмшінің сенімді серігі, сырлас досы, жазушы Оразбек Бодықовтың сазгермен өткізген қызықты бір күндерінің естелігінен алынған «Аққұс туралы аңыз» әңгімесімен танысамыз. 

                                                          Бодықов Оразбек (1927-1997)

29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданында туылған.Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ,орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесін 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды. Роман,повестері: «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов».

Драмалық шығармалары: «Отырар ертең қирайды», «Қорқыт», «Жекпе-жек», «Жүрегімнен сұраңдар», «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні».А.Тоқмағанбетовтың «Әке мен бала»романын орыс тіліне, В.Смирнова Ракатаның  «Авиценна»романын қазақшаға аударған.

-          Оқушылар, аңыз дегеніміз не?

 

   Оқиға желісі күнделікті                                             Кейіпкерлері:Алдар  көсе,

    өмірде  кездесетін сюжетке                                      Жиренше, Асан Қайғы,Аяз би

   Аңыз

     құрылады

 

Белгілі бір  адамның                                                                                      Әңгіме, жыр

атына, іс-әрекетіне

құрылады

                                 Аңыз  түрлері:шежірелік,жылнамалық, эпостық

 

Мәтінді оқу, түсіндіру.

(Мұғалім әңгімені өзі оқып түсіндіреді. Оқушыларға тізбектеп оқытады.)

                 Людвиг ван Бетховен

1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет    етті.        

 Әншіскрипкашыклавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.

     Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.                             

                                    Бақытжан  Байқадамов

1917 жылы Торғай облысының Торғай селосында дүниеге келді. Оның әке-шешесі дарынды адамдар болған, анасы өзі ән шығарып, ән шырқайтын, ал әкесі домбырада ойнайтын. Музыкаға деген әуестік болашақ композиторда бала кезінен-ақ пайда болды. Ол ән айтып, домбырада ойнады. 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Хорға арналған шығармалары: “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз”

1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. Хорға арналған сюиталары: “Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б., вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалары:“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”.  Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады (1997).

                     Топпен жұмыс:  (оқушылар берілген сұрақтардың жауабын оқулықтан тауып оқиды)

            1.Автор мен  Шәмшінің  арасында  қандай  әңгіме  болды?

            2.Аққұс  қандай  құс?

            3.Қарақұс  неліктен  Аққұстың көзін  жоймақшы  болды? 

            4.Аққұстың   ақырғы   өтініші, ол  ажалдан  қалай құтылды?

            5.Аққұс  ән  салғанда табиғат  қандай  өзгеріске  ұшырайды?

 

-           Балалар, ендігі кезекте әңгіме бойынша жоспар құрамыз.

                    Жоспар:

-          Шәмшімен сырласу

-          Аққұстың әні

-          Қызғаныш

-          Ән құдіреті

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы орындалады.

           Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп

            Көл тынып – тыныш күйге еніп

            Аспан егіледі – аспан жылағандай күйге түседі

                                   V. Жаңа сабақты қорыту

1 – топ:                                      Аққұс әнінің құдіретінің әсері:

                                

                                          Табиғатқа                                                  Адамға

2 – топ:                       Табиғат ән құдіретіне қалай табынады?

Жел

Тау

Өзен

Ағаш

Жарық дүние

Сарнаған жел тына қалады

Қаратаудың көкірегі қарс айырылып, ах ұрады

Ағысын тоқтатады

Жапырағын жайып, қайғыға оранады

Бар дүниені түн басады

 

-          Жағымсыз кейіпкер кім?

Қарақұс

1 – топ: Қарақұстың Аққұстың әнін тыңдағанға дейінгі жай-күйі.

2 – топ: Тыңдағаннан кейінгі жай-күйі.

Венн диаграммасын толтыру:

Құс

                                     Аққұс                                      Қарақұс        

                                         VI. Бекіту тесттері

1 – топ
1. «Аққұс туралы аңыз» әңгіме - естелігінің авторы кім?
      А) О. Бодықов    ә) М. Сәрсекеев  б) М. Әуезов
2. Шәмші Қалдаяқов кім?
      К) ақын      Қ) композитор    Л) ғалым
3. Шәмші «Аққұс туралы аңызды» кімнен естіген?
       К) әкесінен     қ) анасынан      л) досынан
4. Неміс композиторы кім?
      У) Чайковский     Ү) А. Жұбанов      Ұ) Л. Бетховен
5. Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?
      С) мінезі өзгерді   Т) мінезі өзгермейді
          ( Кілті 1 2 3 4 5 )                  ------А қ қ ұ с

2 – топ
1. Әнұранның музыкасын жазған кім?
      Ч) Н. Тілендиев         Ш) Ш. Қалдаяқов        Щ) Б. Байқадамов
2. Әнші құсты тап:
      А) аққу        Ә) бұлбұл      Б) көгершін
3. Қазақ хорының негізін салушылардың бірін ата
     М) Б. Байқадамов        Н) Жаяу Мұса      О) Әміре Қашаубаев
4. Аққұстың әніне табиғат қайтті?
     Ш) табынды       Щ) әлсіреді
5. Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?
     Ь) М. Сәрсеке       Ы) М. Әуезов        І) О. Бодықов
             (Кілті 1 2 3 4 5 )        ------Ш ә м ш і

-       Аққұс пен Шәмшінің арасындағы байланыс қандай?

-       Ендеше, Шәмші әнінен үзінді тыңдайық.(Үзінді тыңдалды.)

( «Әңгіме кестесін» құру беріледі.)
                                                       Әңгіме кестесі

Тақырыбы:

Аққұс туралы аңыз

Авторы:

Оразбек Бодықов

Кейіпкерлері:

автор, Шәмші, Аққұс, Қарақұс

Несімен ұнады?

Ән құдіретінің күштілігі – табиғат пен адамды бірде қуантып, бірде мұңайтып, армандарға жетелегені

Түйін

өнерді бағалай білу

Ұйқасын тап:

Өлең айтып   .......

Шырқап әнге ......

Шәмші атаның .......

Қуанышпен ........

VII. Қорытындылау         

Шәмші Қалдаяқов туралы бейнеролик көру.

VIII. Үйге тапсырма       

 Әңгіменің мазмұнын айту, Ш. Қалдаяқовтың бір  әнін жаттап келу.

IX. Бағалау                        

 Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға Аққұс суреті таратылады

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения