Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
21.04.2014
0
1855
0

Оқу үдерісіне «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін ескеріп қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелері

Казахстан, Мангистауская область, г. Жанаозен

Жанаозенская школа-гимназия

Учитель английского языка

Раметулла З.М.

                                                                                  If you are planning a year, grow rice

                                                                                        If you are planning a decade, plant tree

                                                                                          If you are planning a life, teach children.

 

                                                                                                                        (Шығыс мақалы)

 

            Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жылғы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауында «Білім беру білімді ғана беріп қоймай, оларды әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдалана білу қажет» Ол үшін білім беру жүйесін жаңарту барысында оқыту үрдісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, педагогтық құрамның біліктілігін арттыру керектігін баса айтты. Осы орайда мектеп және мұғалім алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді.

Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр. Педагогтардың біліктілігін арттыру және оқытуда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығында оқытудың жаңа әдістемелері мен технологиялары бойынша 2012 жылдың сәуір, мамыр және маусым айларында үш айлық курс бағдарламалары мазмұнының негізін құрайтын 7 модулді, олардың ішінде – сын тұрғысынан ойлау, оқу жетістіктері нәтижелерін сын тұрғысынан бағалау, ІТ-технологиясын пайдалану, білім берудегі заманауи әлемдік тенденцияларды айқындайтын білім берудегі менеджментті толық меңгеріп, қатаң дайындықтан өттім. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесімнің көп екендігіне сенімдімін.

 

Бағдарлама аясында жеті модуль бойынша оқыту туралы  

 

                                     Курстың «бетпе-бет» кезеңінің бірінші айында

 

Өзімнің ұстаздық еткен жылдар ішінде мен оқушыларға дәстүрлі түрде бір жақты немесе бір сарынды білімді, яғни оқушыларға дайын материалды (талқыланған, ой елегінен өткізілген, зерттелген білімді) оқытып келгенімді осы курстың «бетпе-бет» кезеңінің бірінші айында оқыған кезімде түсіндім. Оқушыларды жаттанды немесе уақытша есте сақталатын түрінде білім беріп, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлгенінімді ұқтым.

Осы бағдарлама аясында мен білім беру мен білім алудың жеті модульде құрастырылған стратегия мен тәсілдерді нақты үйреніп, ең бірінші өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды жетілдіре отырып оқушылардың да сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, өздігінен ізденіп, ой-пікірін айта алатын қорытынды шығарып, тәжірибе жүзінде жасай алатын оқушы дайындау қажеттілігін, бұрын оқушы аз сөйлеп мұғалім көп сөйлейтін болса, енді керісінше мұғалім бағыт-бағдар беруші тұлға ретінде қарастырдым.

 

Қашықтықтан оқыту, мектептегі міндетті тәжірибе кезінде жеті модульді сабақтар топтамасында қалай ықпалдастырдым?

 

Басқа адамдардың менің жұмысымның дамуына қолдау жасайтынына көз жеткізу үшін мен төмендегі жұмыстарды атқардым.

Оқушылар, ата-аналар, әріптестер арасындағы мәдени қарым-қатынасты өзгерте отырып, өзіме деген нақты сенімділікті арттырып, (артқа шегінуге жол жоқ) сындарлы оқытудың мақсатын терең ұғындыра отырып, көзқарастарын түбегейлі өзгерттім. Өз болжамым, білімім мен сенімім, көзқарасым болмаған жерде әріптестеріме қандай бағыт-бағдар бермекпін. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғым келсе, онда өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілетімді дамытып, пәнді оқытуда жіберген кемшіліктерді қатал сынға ала отырып, жаңашыл идеяларды, әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізуге тиіспін. Менің және оқушылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бақылау ұшін өз әріптестерімнен көмек сұрадым. Пән мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынасын зерделедім, білім беру үрдістерін салыстырдым, қорытынды шығардым. Өз тәжірибемдегі кемшіліктерді оқушылардың өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алмауы, сыныпта немесе топта диалогтік сұхбаттың орын алмауы, өзін-өзі сын көзбенмбағалауға дағдыланбауы, мұғалімдердің оқушыларға сенім артпауы және т.с.с. Шешімін таппаған құндылықтарды әріптестер арасында талқылап іске асырдым.

Басқалардың менің жұмысыма қолдау көрсетуі үшін дәлелдеулерім жеткілікті болуы тиіс!

 

Интерактивті (әдісті) оқытуды әркім әртүрлі түсінеді. Менің түсінігімде сабақ үдерістерінде оқушылардың қызығушылығын оятатын әртүрлі сабақтың әдіс-тәсілдерін қолдану. Сабақ үдерістерінде өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды және оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін диалогтік оқыту мен оқуды өзімнің зерттеу тақырыбым ретінде алдым. Сондықтан мектептегі іс-тәжірибемнің басым бөлігін осы модулге бағыттадым. Және де «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»  модулінде өткізген сабақтарым өзінің оң нәтіжесін берді. Өте көп жетістіктерге қол жеткіздім, сонымен бірге ақпарат құралдарына, интернет желісіне кіріп мұғалімдермен пікірлесуге қол жеткіздім. 

            Мен мектептегі тәжірибенің ең алғашқы күнінде мектеп басшылығы, бөлімше басшылары, әріптестер мен бағдарлама тыңдаушыларымен бірге сындарлы білімнің мақсатын таныстырдым.

Тәжірибеге кіріскен кезімде өзімнің жаңадан үйренген сабақ берудің әдіс-тәсілдерін сабақ үдерістеріне енгізуге үлкен ізденушілікпен кірістім. Сабақ жоспарлау, жан-жақтан мәліметтерді жинау, ақпараттар іздестіру, АКТ-ды қолдану өте қиынға соқты, бірақ жеті модульге сүйене отырып кірістірілген тәсілдер мен стратегияларды іске асыру тез, әрі шапшаң өз нәтижесін берді.  

            Өзімнің курса дейінгі іс тәжірибем (45 минут ішінде) барысында кездескен жалпы проблемалық мәселелер:

  1. Мен курсқа дейін сабақ барысында жоғары деңгейлі тапсырмалар мен жұмыс істемедім. Көбіне төмен деңгейлі сұрақтар қойған болатынмын. Себебі оқушылардың сөздік қоры жетіспейді. Сөздік қорын дамытуға тиіспін.
  2. Оқушылар өз ойын жазбаша түрінде жеткізе алмайды. Грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, эссе жазуға, ой толғауға дағдыланған емес. Эссе жазуға дағдыландырамын, көшбасшы оқушыларды дайындаймын.
  3. Оқушылар өздерінің оқып-үйренгенін бір деңгейден, екінші деңгейге ауыстыруға мүмкіндік бермедім, себебі таңдауды өзіне салмадым.   Келешекте таңдауды өзіне салуым керек.
  4. Тереңдетіп оқытатын сыныптарда қыз балдарға қарағанда, ұл балалар енжар болатын. Себебін анықтап көрмеппін. Енді зерттеу жүргіземін.

Оқушылар сыныпта көбінесе әңгімелесу тәсілдерін қолдана алмайтын болатын, топқа бөлінбеген жерде пікір алмасу, талқылау жүрмейді, әркім    жеке  өз түсінігінше берілген тапсырмаларды орындайды. Енді топтық, ұжұмтық, үштік диалогтік қарым-қатынасты орнатамын. 

  1. Оқушылар өз жұмыстарының сапасын анықтай  алмайды себебі, бағалау өлшемдерін әр сабаққа нақты қолданбадым. Бағалау мұғалімнің ауызша айтқанымен жүрді. Оқушылар бағалауға немесе өзін-өзі бағалауға, сыни көзбен қарауға тартылмаған. Бағалауды  және сын тұрғысынан ойлауды жолға қоямын.

            45 минут ішінде өз шешімін таппаған мәселелер шешілмеген жерде алға жылжу іске аса ма?

            Осыған орай өзімнің әрбір сабағымда жалпы мәселелрді шешуге (сыни көзбен қарап шешуге) тырыстым.  Және де Бағдарлама аясында қарастырылған жеті модульде қарастырылған стратегиялар мен тәсілдер менің мектептегі тәжірибемдегі сабақтар топтамасында төмендегі көріністерді тапты:

  1. 9-шы сынып оқушыларын “House. Reconstruction. Eathquake” тәсілі бойынша үштік, 8-ші сыныпты “Apple. Pear” жүптық топқа бөлгенде сабақтың бірнеше минутын алды, себебі оқушылар арасында топка бөлу жөнінде түсініспеушілік туындады. Келесі сабақтарымда бұл кемшіліктер жойылды, оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасауға икемделді. Және де топтық жұмыс оқушылырдың қызығушылығын тудырды.
  2. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін тәжірибемнің ең алғашқы 1-ші күнінде 9 «а» сыныбында “Information about jobs” тақырыбында ең алғашқы  іс-әрекетін “Identity cards” тәсілін қолданудан бастадым. Бұл тәсілдің мақсаты сыныптағы оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру, бір-бірімен әңгімелесу, жақын танып білу болып табылады. Бұл іс-әрекетте оқушылар аз да болса бір-бірінің жеке өмірімен танысты, сыныптастарының нені жақсы көріп, нені ұнатпайтындығын білген кезде қызығушылығы артып, топта жақсы көңіл-күй орнады.

 

МаМамандықтар жөнінде мәліметтер жинақтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылауда

  1. Мектептегі тәжірибемнің 17-ші күнінде мен 9 «а» сыныбында сын есімдерді және фразалық етістіктерді қолдана отырып, “Hobby” тақырыбындағы сабағымда оқушыларды екі жұптан тұратын 6 топқа   бір-біріне жақсы тілек  немесе оқушлардың жақсы мінез қылықтарын айтуынан бастадым. Оқушылар алғашқыда сасып қалып не айтарын білмеді, сондықтан бірінші қазақ тілінде, кейін ағылшын тілінде тілектер айттырып, сыныпта жақсы қөңіл-қүй орнаттым.
  2. 8 «б» сынып “Daily life” суреттерді пайдалана отырып, топтық  жұмыс жасау, сөйлемдерді құрастыруды тапсырдым. Оқушылар сөйлем құрастыруға өте шорқақ. Дегенмен бірін-бірі тыңдай отырып, оқушылардың айтқан сөйлемдерін қайталады.  
  3. 8 «б» сыныбында “The car of the future” суретін салу және қорғау тапсырылды. Оқушылардың ойлау қабілеттері салған суреттерінен көрінді. Қорғағаннан кейін топ суреттері алмастырылып, топ арасында сөйлемдердегі қателерді дұрыстауға тапсырдым. Көшбасшылық Гүлмира мен Динараның бойынан көрінді. Ұлдарға қарағанда қыздар әрі шапшаң, әрі белсенді екені байқалды. Келешекте ұлдардан көшбасшы дайындауды қолданамын.

1-топ Балық машина-МАА (3 бөлмелі)

2-топ Бес қабатты ұшатын машина “SDS”

     3-топ Төрт бөлмелі машина

Топтар бірін-бірі төмендегі бағалау өлшемдері бойынша бағалады, бірін-бірі бағалау оларда қызығушылық тудырды. Орта буын оқушылары жоғары сынып оқушыларына қарағанда әділ бағалағанын қөрдім. Келешекте оқу үшін бағалауды жыл басынан жолға қоямын.

1. Writing №1-топ 3+4+5=4

2. Speaking №2-топ 3+5+5=4.2

3. Drawing №3-топ 3+3+5=3.7

 

                                          Көшбасшы оқушылар Гүлмира мен Динара

 

  1. Мектептегі тәжірибемнің 17-ші күнінде мен 8 «б» сыныбында “A Shopping Trip” сабағымда киім дүкені, көкөніс дүкені, кафе-бар және үй-офиске қатысты сауда орталықтарында оқушыларды сатушы мен тұтынушы рольдеріне кірістіріп, диалогтық қарым-қатынасты орнаттым. Барлық оқушыны сөйлеуге тарттым. Оқушылар ағылшын тілінде осы шақ 3-ші жақты қолданғанда қателіктер жіберді. Топ ішінен белсенді, яғни дарынды оқушы Гүлмираны топ ішіндегі қателерді дұрыстап отыру үшін көшбасшы етіп белгіледім. Келесі сабақтарымда жіберілген грамматикалық қателердің аз да болса азайғандығын байқадым. Келешекте әр топтан көшбасшы оқушыларды дайындауды қолға аламын.  
  2. Жақсы оқитын Динара үндемейтін баяу Дәуренге жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің оқылу жолдарын және аудармасын түсіндіргенде жақсы нәтиже бергенініне көз жеткіздім, себебі сабақ соңында ең нашар оқушы Дәуренмен жеке жұмыс жүргізгенде сөздерді дұрыс оқып, аудара білді және нүктелердің орнына өзінің үйренген сөздерін қолдана білді. Болашақта «оқушы-оқушы» әдісін сабақтарымда қолданамын.

 

8 «б» сыныбында “A Shopping Trip” сабағымда киім дүкені, көкөніс дүкені, кафе-бар және үй-офиске қатысты сауда орталықтарында оқушыларды сатушы мен тұтынушы рольдеріне кірістіріп, диалогтық қарым-қатынасқа түсу сәті.

  1. «Go and find out» (Who can sew on buttons and darn socks) әдісімде топты аралап жүріп сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап беру іс-әрекетінде

Айгерім: Asel can sеw on buttons and darn socks.

Елдос: Baurzhan likes horror films

Бауыржан: Do you  write a dairy? Jamilya writes dairy every day.

Динара: Do you know the first aid? Bauirzhan, he knows how to help people and how to do the first aid.

Оқушыларды сөйлеуге түгел тарттым. Диалогтік қарым-қатынасты орнаттым. Оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Сыныпта күлкі жиі-жиі естілді. Бұрынғыдан сөйлеуге шыныққан оқушылар байқалды: Асел, Айгерім, Елдос.  Алдарына берілген бағалау өлшемдері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалауда жоғары бағалау жол алды, себебі бұл олардың ең алғашқы бағалауы болатын. Бағалауда әділ әрі шынайылықтың қажет екенін түсіндірдім. Келешекте бағалау өлшемдерін әр сабаққа бөлек жасап, әрбір сабаққа қолданысқа енгіземін.

 

«Go and find out» (Who can sew on buttons and darn socks) әдісімде топты аралап жүріп сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап беру іс-әрекеті.

  1. Сабақ берудегі тәсіл: Серіктестермен әңгімелесу. АКТ ды пайдалана білу.

12.05.2012. күні 9 «а» сыныбында  бүгінгі таңдағы технологияның ең дамыған түрі интернет, интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде пікір алмаса отырып, оқушылардың өздерінің ұсынысы бойынша дебат сабағын ұйымдастыруды сұрады. Сабақты өткізбес бұрын интернет мәселелері жөнінде талқылап бұл сабақтың мақсатының оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытатындығын түсіндірдім және де оқушылар өздерінің айтатын мәліметтерін шын көңілмен қызығушылық тудыра отырып, айту қажеттілігін ұғындырдым. Оқушылар өздерінің жаңа тақырыпта  қандай әңгімелер айтатынын серіктестермен бірге талқылады.

Сұрақтар тізімі оқушылар тарапынан ұсынылды:

1. Интернеттің бүгінгі таңдағы рөлі қандай?

2. Интернеттің артықшылықтары неде деп ойлайсыз?

3. Интернеттің адам денсаулығын зиянды жақтары бар ма?

4. Интернет арқылы мәдени қарым-қатынасты орната аламыз ба?

5. Интернеттің басқа да қандай кемшіліктерін атап көрсете аласыз?

6. Интернетке тәуелділік дегеніміз не?

7. Интернет арқылы өзіміздің ойлау қабілетімізді жетілдіре аламыз ба?  

Бұл сынама сұрақтары сабақ барысында не үшін енгізілгендігін оқушылар өздігінен түсінуге тиісті.  

  1.  9 «а» сынып оқушыларының өздерінің жопарлауы бойынша “Ғаламтор ғаламаты”  дебат сабағы қазақ, ағылшын тілінде жүргізілді.

Қатысушы: 7 оқушы. Жүргізуші: Махаббат. Көрермендер аудиториясы 10 оқушы.

      1-топ. Clever teenagers: Әсел, Жамиля, Айгерім.

2-топ.The best speakers: Динара, Бауыржан, Мариям.

Зерттеуге алынған үш оқушы «Жылдам» Динара өзінің сөйлеуге, ойын айтуға икемделгендігін, орташа Жамиля мәліметтерді іздеуге, сөйлеуге дағдыланып келе жатқандығын, ұяң Бауыржан көп алдына шығып сөйлеуге бейім бола бастағандығын көрдім. Келешекте бейім және ұяң оқушыларды араластырып жұптық жұмыстарға тартамын.

 

Ғаламтордың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, оқушылардың өз көзқарастарын қорғау кезі.

  1.  9 «ә» сынып  “Producers and consumers” «Information about jobs» , “Me future profession”, эссе жазуда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар, мамандықтар жөніндегі ақпараттарда топта ақылдаса отырып сұрақтарға жауап беру және еңбек ету арқылы өнімдерді өндіріп ақша табу жолдарын қарастырды, ізденушілікке жетелеп, сөйлеу дағдыларын жетілдірдім. Сынып өте белсенді болды, өздерінің қызығушылығының өте жоғары екенін көрсете білді. Үндемейтін, сөйлемейтін Айгерім, Ләззат,  Дана, Гүлвира қызығушылық танытып, сабақтан тыс кезде келіп осы тапсырмаларды қайта орындады. Оқушылар кері байланыста осы сабақтар мамандық таңдауға үлкен септігін тигізгендігін, мамандықтардың ерекшеліктерін ажырата алғандығын, эссе жазуда ақпарат құралдарынан, желілерден мәліметтер оқып үйренгендігін атап көрсеткен. Осындай қызығушылық тудырып, қажетіне жарата білетін жоспарға сай тақырыптарды көп қолданысқа енгіземін.
  2. “My future profession” тақырыбында топ арасында ақылдасып, өздеріне қажетті деген бір мамандықты таңдай отырып сурет салу және қорғауға 10 минут уақыт бердім. Суреттерін салып,  сөйлемдерді құрастыруда сол бір қателіктер қайталанып отырды.

         1-топ “Teacher”. Әселдің сөздік қоры өте аз, бірақ тиянақты, ұқыпты оқушы.  

         2-топ “Interpreter” . Динара сөйлеуде және оқуда шапшаң, ізденімпаз оқушы.  

         3-топ.“Journalist”.  Махаббат орташа оқитын оқушы осы сабақ кезінде өзінің жан-жақты ізденімпаз ұйымшыл оқушы екенін көрсете білді. Бұл оқушы бұрынғы сабақтарда көп көрінбейтін болатын. Сайыс, пікірталас сабақтарын ұйымдастыруды Махаббат өзіне тапсыруды сұрады. Дебат сабағын жоспарлауды Махаббатқа сенім білдірдім. Оқушы өзіне артқан сенімді ақтады. Келешекте оқушыларды сабақ үдерістерін ұйымдастыруға тарту қажет екенін түсіндім.

  1.  Орта мерзімді жоспарлаудың 3-ші сабағы 9 «а» сыныбында  “The most important job” Essay (ой толғау) жазуды тапсырдым. 6 оқушы өз ойын жазуға тырысқан, 6 оқушы көшірмелер қолданған. Ағылшын тілінде ой толғау оқушыларға үлкен киындық тудырды. Келешекете эссе, мазмұндама, шығарма жазуды сабақтарыма кірістіремін.
  2.  9 «А» сыныбында Unit 15 “Make or Break” Grammar: prefer, would rather, had better, Indirect speech, Guess the occupations тақырыбында оқушылар 45 минутқа арналған жеке деңгейлік тапсырмаларды орындауға бердім. Әрбір тапсырмаға  баллдар арқылы бағалау белгіленді: 20 балл және 33 балл белгіленді. Оқушылар сабақ соңында  өз жауаптарын берілген дұрыс жауаптармен тексерді және де өзін-өзі бағалады.

 Деңгейлік тапсырмада 12 оқушыдан 3 оқушы сөздікті, төл сөзден төлеу сөзге өзгертуді 4 оқушы, мәтінмен жұмысты 8 оқушы меңгерген,   грамматикалық “prefer, would rather, had better” тапсырманы оқушылар меңгермеген. Тапсырмаларды қайта орындау үшін оқушыларға бір күндік ізденіс уақыт берілді. Жылдам Динара бір сағаттың ішінде тапсырманы қайта орындап шықты. Орташа Жамиля мен баяу Бауыржан келесі күні тапсырманы орындап біршама алға тартты. Келешекте грамматикалық деңгейлік тапсырмаларды жиі қолдануға тиіспін.

 

Оқушыларға топтық, жұптық жұмыс түрлері ұнап, өз ойларын айту оқушыларда сабаққа деген қызуғышылығын тудырды.

 

Сындарлы оқытуда өзімнің көшбасшылығымды дамыту жұмыстары қандай дәрежеде болды?

-          Үштік қоғамдастықтың (ата-ана, мұғалім, мектеп, оқушы) үдерісін нақты ұйымдастырдым;

-          Іс-тәжірибені жетілдіруді өз қолыма алдым;

-          өзгерістер енгізу үшін әріптестермен серіктесте болып, шешімдер қабылдадым;

-          кәсіби білімді құруға, таратуға бірлесе отырып ат салыстым;

-          рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асырдым;

-          құндылықтар мен мәселелрді анықтап, өзгерістер  енгізу жөніне әріптестердің кеңестерін талдадым;

-          мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тауып, келісім мен кеңестер негізінде атқарылатын іс-әрекет жоспарын құрдым;

-          әріптестерімізбен желілік қоғамдастық байланыста болып, идеяларымызды бөлісіп, жаңа идеяларды таптым;

-          оптимистік көзқараста болып, дем беріп отырдым;

-          әдістемелік оқулықтарды ағылшын тілінде оқып, сабақ үдерістерінде қолдандым.

Осыған дейін де көшбасшы мұғалім болдым деп айта аламын. Бірақ     көшбасшы мұғалімдігім осы курс аясында шын мәніне жаңа жетіп келе жатқанына көз жеткіздім.  Жоғарыда аталған мәселелер өз шешімін азғантай да болса тапты деп нақты айта аламын.

 

Қазақстан Республикасы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасындағы қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылау сәті.

 

 Қорыта келе, мен үш айлық жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасынан төмендегілерді үйрендім:

  • Дәстүрлі сабақ үдерістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата алдым.
  • Бағдарлама аясындағы жеті молульді толық үйреніп, сабақтар топтамамда толық көрініс тауып, жақсы нәтижеге алып келгенін байқадым.
  • Жаңа сабақ жоспарларындағы әдіс-тәсілдерді құрастыруда көптеген ағылшын тіліндегі әдістемеліктерді оқыдым. (Осы курска келгенге дейін   бірде-бір әдістемелік оқулықтарды оқымаған екенмін. Курс бағдарламасы менің толықтай өзгеруме алып келді.)
  • АКТ-ды үйреніп, мәліметтерді жинау, шет елдік әріптестерімінің тәжірибесінен үйренуме жол ашты.
  •  Республикалық желілік әріптестер қоғамдастығына кіріп сабақтар, әдіс-тәсілдер жөнінде пікір алмасуга мүмкіндік туғызды.
  • Мұғалім мен оқушылар  арасындағы қарым-қатынас түсінушілік орнап, сенім, көзқарастарым өзгерді.
  • Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді ынтамен қабылдап, әріптестерімді бірлесе жұмыс жасауға тарттым.

ӘРІПТЕСТЕР АРАСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ КЕЗЕҢІ

Бағдарлама аясында жеті модуль идеяларымен жұмыс жүргізу үдерісіндегі жетістіктерім:

  • оқушыларды диалогтік қарым-қатынасқа, талқылауға белсенді қатыстырдым;
  • оқушылар бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинады;
  • Ұжымдық және өзара білім алуға жағдай туғызды;
  • Жеке, жұптық, топтық бағалау оқушылардың өз білім деңгейлерінің қай сатыда тұрғанын, қай бағытты даму керектігін ұғындыруға көмектесті.
  • ТПМБ интеграциялау өзімнің қарқынды дамуыма ықпал ете отырып, сабақ үдерістерінің жақсаруына алып келді.
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тақырыптарды жеңіл әрі қарапайым түрде жасақтау іс-әрекеттің шапшаң іске асуына ықпал етті.

Жеті модуль идеяларымен жұмыс жүргізу үдерісіндегі кемшіліктерім:

  • Жоспар құрастыруға көп уақыттың кетуі;
  • Оқушылардың ұяңдығы, сөйлеуге дағдыланбағандығы;
  • Оқушылардың өз ойларын жете жеткізе алмауы;
  • Сөйлеуде және жазуда қателердің кездесуі;
  • Көшірме эсселерді қолдануы;
  • Желілерге кірудің өте баяулығы;

Жеті модуль аясында келешекте дамытамын:

  • Өзімнің теориялық сауаттылық деңгейімді АКТ-ды толық меңгеру арқылы жоғары көтеремін;
  • Білім мазмұнына жаңа интерактивті тәсілдерді батыл енгізуге бағыттаймын;
  • Оқушылардың сөйлеу тілдік дағдыларын қалыптастыру үшін диалогтік оқытуды одан әрі жетілдіремін;
  • Шығарма, ой толғауды сабақ жоспарларыма енгіземін;
  • Жаңашыл әдіс-тәсілдерді желілік қоғамдастықта бөлісіп отырамын.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения