Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
15.04.2014
0
836
0

Химиялық казино

Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3

Учитель химии

Калиева М.К.

 «Химиялық казино» интеллектуалдық ойын (сыныптан тыс шара)

Мақсаты:

Білімділік: химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,дүниетанымын

кеңейту,оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа,, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу

Мұғалім:Құрметті оқушылар! Біздер бүгін интеллектуалдық казино ойынына жиналып отырмыз.казиноға қатысушы ойыншыларымыздың білім мен мұмкіндіктерін байқағалы отырмыз.Бұгінгі казино туралы қысқыша мәлімет бере кетсек «казино»деген сөзі француз тілінен аударғанда «Үйшік» деген мағына береді.Ал қазіргі заманға сай айтар болсақ, «казино»-бұл «ойын ұй».

Бүгінгі біздің казиномызда әр ойыншы өзінің ақыл-ойымен қаржы жинақтай алады.Алайда біздің қаржымыз ерекше болғалы түр.Бұл ең бай қазына-ақыл.

Ойынымызды бастамай тұрып,ойынға қатысушы топтарға сөз берейік.

Әр команданың таныстыруы.

Жақсы,ойыншыларысмызбен таныс болдық.

Енді ойын шартымен таныстырып өтейік.Мен сіздерге сұрақ қоямын. Өз кезектеріңізде сұрақ жауаптарын білсеңіздер,сіздер қаржы-ақылдарыңызды қойылымға қоясыз.Жауаптарыңыз дұрыс болса,қойылымдағы қаржыңыз екі еселенеді.Ал,егер қателессеңдер-қаржыларыңыз казино қазынасын толтырмақ,яғни бүл жеңілдіңіз деген сөз.казинода бізге крупье көмектеседі.

Ойын шарты түсінікті болса,бастайық!  Іске сәт!

 

1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»

«Білім-теңіз,түбі де,шеті де жоқ » Ю.Балассағұни

 

Әр топ өз білімімен қаржы жинақтайды.1 сұрақ-20 ақыл

Сұрақтар: І топ

1.Судың формуласы

2. .H2 SO4қышқыл

3. Бор ,мәрмәр, ізбес, дала шпаты- осылардың барлығының формуласы СаСО3

4.Ең қатты металл -хром

5.І топтың негізгі топшасының элементтері-сілтілік металдар

6. Бұл элемент ауа құрамында 78% болады-азот

7.Қанша бейметалл бар?-22                                                                    8.лакмус, метилоранж- индикаторлар                                                  9.Сұйық металл (Hg -сынап)-                                                                 10.Қай химиялық элементті миллионер дейді? (С-көміртек)-11.Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)

12. 100 градуста су неге айналады? (бу)

13. Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)

14.Біз онымен тыныс аламыз (оттек)                                                          15. Екі элементтен тұрып,біреуі оттек болып келетін заттар (оксид)

Сұрақтар: ІІ топ

1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)

2.Ең жеңіл металл.(литий)

3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

4.Күкірт неше валентті?(2,4,6)

5. Оң зарядты ион (катион)

6.Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)

7.Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)

8.Көмір қышқылының тұзының аты.(карбонат)

9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(иод)

11.Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)

12.Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)

13.Сұйық металл.(сынап)

14.Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)

15. о градуста су неге айналады (мұз

 

2 кезең - «Біліміңді сына»

 

Құрметті ойыншылар, «Сиқырлы ұяшықтар» атты сайысымызды бастаймыз

Ойнаушылар берілген  төрт бағаннан ұяшық  нөмірін таңдап алып  жасырынған сұраққа жауап береді.

Химиялық жұмбақтар

10

20

30

40

50

Химия және денсаулық

10

20

30

40

50

Ғалымдар тоғысында

10

20

30

40

50

Формулалар

10

20

30

40

50

 

Ғалымдар тоғысында:

  1. Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов)
  2. Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус)
  3. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев)

4. «Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұл қай ғалымның сөзі?

(Қ.Сатпаев)

5.  «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа  жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай

аталатын еді?  ( М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы)

 

Химиялық жұмбақтар:

 

1.Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Алюминий)

2.Алтын менен күмісті кім білмейді.
Қолда барда қуанып кім күлмейді,
Химиктерге жақпайтын не сыры бар
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)

3.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)

4.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)

 

5. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық   элемент. Ойлаңызшы бұл қай  элемент? (Азот)

Химия және денсаулық:

1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады?  (қанның гемоглобинде)

 

2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсенділінген көмір)

 

3.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай?

 

4.Аммиак суда жақсы еритін өткір иісті газ . Оны суда әртүрлі мөлшерде ерітуге болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак бар ерітінді халық арасында қалай аталады?( мүсәтір спирті)

 

5.Бұл элементке кейбір омыртқасыздар- былқылдақденелілер мен буынаяқтылар   бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар  қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай   элемент  деп ойлайсыздар?     ( мыс)

 

Химиялық формулалар:

1.Әктас,бор,мәрмәр,маржан тас- формулалары?

 

2. Еріген заттын массалық үлесін есептейтін формула?

 

3.Сілтілік металдардың сумен әрекуттесу реакциясы?

 

4.Авогадро тұрақтысы?

 

5.Ортофосфор қышқылының диссоциациялануының теңдеуі.

 

Химияның тарихынан:

 

1.Менделеевтің аты құрмет тақтасына ойып жазылған.Осы тақтада Менделеевпен бірге Эвклид,Архимед,Коперник,Лавуазье  сияқты ұлы адамдардың аттары жазылған.Бұл тақта қай жерде орналасқан?

 

А) Америкада Бриджпорт қаласындағы университетте;

В) Ресейде Ломоносов ат. МГУ;

 

С) Англияда Кембридж университетінде.

 

2.1943 жылы дат химигі Ногбель сыйлығының лауреаты Нильс Бор Гитлер армиясы жаулап алған Копенгагенде құпия түрде тастауға мәжбұр болды.бірақ,Нильс Борда екі Нобель сыйлығының лауреатының-неміс физиктері-антифашисттердің Джеймс Франк және Макс фон Лауэның алтын медальдары сақталған екен.осы медальдарды өзімен бірге алып кетуге тәуекел ете алмады. Бірақ,алып кету мақсатында ол бір құпия әдіске жүгінді:

 

А)медальдарды алюмин бояуымен бояған;

В) «патша шарабына» еріткен;

С) шоколадпен қаптаған.

3.Бұл ғалым өзінің ешқандай арнайы мамандығы болмасада,жоғары дәрежедегі қабілетінің арқасында химия,физика,техникалых ғылымдарды жеңіл игерген.Сонымен қатар оған медицина,тарих,философия,әдебиет ғылымдарыда таныс болды.Ол алты Европа елдерінің тілінде сөйлей білген және 93 заводты меігерген.Өз өмірінде бұл кісі 350 ашылулардың патентінің иегері болған. Бұл кім?

А) М.В.Ломоносов;

В) Альфред Нобель;

С) Ян Батист ван Гельмонт

  1. Казань университетінің профессоры Клаус 1884 жылы жаңа элемент ашып,оған Отаны ресейдің атын берген. Бірақ,менделеевтің кестесінде бұл элемент латын атымен орналастырылған. Бұл қай элемент?

А) Рутений

В)Родий

С) Рений

 

«Қара жәшік»

Мына қара жәшікте жатқан затты тұнғыш рет 19 жасар Шарль Сорма ашқан.бірақ,патенттік бағасы жоғары болғандықтан,ол өз ашылуына патент алалмаған.Ал,1832 жылы неміс мұғалімі Комерер бұл затты алатын әдіс ашып,патент алған.Бірақ, бұл заттың бір кемшілігі болған:өте улы және қауіпті.

Пайдалануға ыңғайлы және қауіпсіз затты 1848 жылы швед химигі Бетгер алған.Бұл затпен пайдаланған кезде бірқатар химиялық өзгерістер жұреді.Құрамындағы бір заттың аллотропиялықтүрі өзгереді,жану жіне айрылу реакциялары жүреді.

Егерде бұл затпен пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамасаңдар,бұл зат өмірге қауіпті.

 

Қорытындылау. Марапаттау.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения