Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
11.04.2014
0
1161
1

Спорт

Казахстан, г. Семей

КГУ СОШ №10

Учитель казахского языка и литературы

Хасанова Маржан Амангельдиновна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорттың  көптеген  түрлерімен таныстыру.Адам өміріндегі спорттың маңызы туралы әңгімелеу.   

Білімдік: сөз тіркестерін дұрыс кұрауға,сауатты жазуға дағдыландыру, жіктік жалғауларының дұрыс жалғануын бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/ сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: спорт баланың денсаулығына, дене қабілеттерін шындауға, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде ерекше орын алатыны туралы айту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: баяндау, әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ-жауап.

-Дене шынықтыру сабағында балалар қандай жаттығулар жасайды?

-Біздің мектепте  спортзал  бар ма?

-Спортзалда балалар не істейді?

-Балалар қандай ойындар ойнайды?

-Бұл ойындар спорт түрлеріне жатады ма?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, бүгінгі күнде спорт өте маңызды. Спортқа байланысты көптеген жарыстар өткізіліп жатыр.  Ресей мемлекетінде Сочи қаласында  2014 жылы 4-23 ақпан аралығында Олимпиада ойындары өтті.Олимпиадаға көптеген елдердің спортшылары қатысты. 2011 жылы Қазақстанда Алматы мен Астана қалаларында Азиада ойындары өткізілді.Қазақстанның көптеген спортшылары қатысты,сонын ішінде Олимпиада чемпиондары,біздің жерлестеріміз де бар.

Интерактивті тақтадан "Олимпиада чемпиондары" атты презентацияны көрсету.

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

1. Сөздік жұмысы. Оқылым.Айтылым. Жазылым.

Денсаулық-здоровье                                           Шұғылдану,айналысу -заниматься

Жақсартады,шынықтырады-укрепляет           Адамның өмірінде-в жизни человека

Маңызы зор -большое значение                         Дамыған- развита

Пайдалы-полезно

 

2.Мәтінмен жұмыс.

*Мұғалім мәтінді оқиды, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді,аудармасын оқиды.Сөз тіркестерін,сөйлем құрастыру.

*Оқушылар мәтінді оқып,аударады.

                                                                Спорт.

    Спорт денсаулықты жақсартады. Адамның өмірінде спорттың маңызы зор. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады. Біздің елімізде спорт өте жақсы дамыған. Спорттың барлық түрі де денсаулыққа пайдалы. Спорттың  өте көп түрлері бар.

 

3.*Балалар, сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?  Ассоциациялық карта.

 

                                 баскетбол    хоккей          коньки тебу 

  

     тоғызқұмалақ                         Спорт түрлері                       шаңғы тебу

  

              футбол                                                                  жүзу

                                        күрес                   бокс

 

4.Оқыңдар. Жаттығыңдар.Сөйлемдерді ІІ және ІІІ жақтарға қойып оқыңдар.

( Оқылым. Айтылым.Жазылым)

 Мен   спортты жақсы көремін.

 Мен   хоккей ойнаймын.

Мен  велоспортпен шұғылданамын.

Мен каратэмен айналысамын.

 Мен шаңғы,коньки тебемін.

2.Сұрақ -жауап. Өзара сөйлесу.(Тілдесім)

-Саған спорт ұнай ма?

-..........................

-Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

- .........................

- Қандай қысқы спорт түрін білесің?

-................

-Қандай ұлттық спорт түрлерін білесің?

-.....................................

-Қазақстанның белгілі спортшыларынан кімдерді білесің?

3.Жаттығу жұмысы.Тиісті сөздерді қойып, сөз тіркестерін дәптерлеріне жазыңдар.

(Жазылым)

Доппен  .......... ,  шаңғы ........ , спортпен ......... , жаттығу ......... ,   теннисті ......... , футболды .......

Қажетті сөздер:  ұнату, тебу, шұғылдану, жасау, айналасу, ойнау, жақсы көру.

ІҮ. Қорытындылау. Бекіту.

Балалар,біз бүгін қандай спорт түрлерімен таныстық? Олимпиада мен Азиада ойындарының айырмашылығы неде? Спорт адамның өмірінде қандай орын алады?

Біздің мектепте оқушыларға арналған қандай спорт үйірмелері жұмыс істейді?Сен қандай спорт түрлерін ұнатасың?

(Интерактивті тақтада берілген суреттер бойынша сабақты бекіту).

Ү. Бағалау.

ҮІ.Үй тапсырмасы:"Қысқы спорт түрлері" тақырыбы бойынша

 3-4сөйлем құрастыру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения