Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
11.04.2014
0
1375
1

Спорт жеңімпаздары

Казахстан, г. Семей

КГУ СОШ №10

Учитель казахского языка и литературы

Амренова Гульдана Сапаргалиевна

Сабақтың мақсаты: Еліміздің спорт жеңімпаздарымен таныстыра отырып, спорт ойындарына  қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік:Оқушыларға реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіру;
  2. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, пайымдау  қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
  3. Тәрбиелік:Оқушыларға еліміздің спорт жеңімпаздарымен  таныстыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі :  жаңа  оқу материалдарын оқып-үйрену  сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі:

Спортшылардың  суреттері, кестелер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі:

-         Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-         Сабаққа  дайындықтарың қалай?

-         Бүгін кім кезекші?

-         Бүгін нешесі?

-         Аптаның қай күні?

-         Сыныпта кім жоқ?

( Кезекшімен сұхбаттасып,оқушылардың  көңіл-күйлерін байқау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-         Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау, 162 бет, І деңгей жазбаша орындау. Берілген сөздермен мәтін құрап жазу.

 ІІІ. Жаңа сабақ: Спорт жеңімпаздары( лексикалық тақырып )

 Реттік сан есімдер ( грамматикалық тақырып)

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп,нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер   есептік сан есімге- ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

 Мысалы : екінші, он бірінші, т.б

Сабақтың тақырыбын,мақсатын оқушыларға айтып кету

 -Балалар, бүгін біз сендермен  спорт жеңімпаздары туралы өтеміз.

 -Еліміздің қандай  спорт жеңімпаздарың білесіңдер?

 -Олар қандай спорт түрлерінен жеңімпаз атанған?

(Оқушыларға  спортшылардың суретін  көрсетіп,кімнің қандай спорт жеңімпазы екенін көрсетіп, айту).Айтылым.

Сөздік жұмысы:

Жел-  ветер                          Жүйрік – быстрый         

Қозғалыс – движение         Саты- уровень 

Үштік – тройной

Берілген жаңа сөздермен сөйлем құрып, тақтаға жазып, талдау.

  1-тапсырма .Сөйлемдерді аяқтаңдар.

 

1.Қазақстан –

2. Еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейін ...

3.1996 жылы Атлантада ...

4. 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен олимпиадада ...

 

 

 

 

1..... Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды.

2.... ежелден спорттық дәстүрі бар ел.

3.... боксшылар

Б.Саттарханов ,Е.Ибраимов, желаяқ О.Шишигина  чемпион болды.

4....  палуан Ю.Мельниченко, боксшы В.Жиров чемпион атағын алды.

 

2-тапсырма. Деңгейлі тапсырмаларды орындау. Жазылым.

3-деңгей.

1)    Тіркесті сөздер деген не? Олар қандай сөз таптарынан жасалған?Мысал келтір.

2)    Реттік сан есімдердің жасалу жолдары  қандай? Мысал  арқылы түсіндіріңдер.

2-деңгей

1)     Ортақ етіске бірнеше мысал келтіріп,жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2)    Спорт терминдерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрааңдар.

І-деңгей

 Тіркесті сөздер мен реттік сан есімдерді  пайдалана отырып, ұнататын спорт ойындары ,спортшылар туралы хабарлама дайындаңдар.

ІҮ . Бекіту:

Сабақты бекіту мақсатыда  оқушыларға үлестірме карталар тарату,тапсырмалар арқылы меңгергенін  анықтау.

Тапсырма: Тиісті жұрнақтарды қой. Жазылым.

Майра жетін  ... сыныпта  оқиды. Әмір үш... курста оқиды. Әсем үш жүз он екін .... үйде тұрады. Николай бес... қабатта тұрады. Виктория қырық тоғыз .. бөлмеде отыр. Бекзат саттарханов екі  мың .... жылы сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды.

Ү. Қорытыңды : Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсытында оқушыларға сұрақтар қою. Айтылым. Тілдесім.

- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік? Не білдік?

- Тағы қандай спорт жеңімпаздарымен таныстық?

-Олимпиада жеңімпаздары туралы не білдік?

- Қандай боксшылармен таныстық?

- Бүгінгі тақырып арқылы не түйдіңдер?

ҮІ . Бағалау : Оқушыларды сабаққа қатысқаны ,берген жауаптары бойынша бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма  беру:

Ереже, жаңа  сөздерді жаттау, 3-тапсырма,163 бет. Сочи  қысқы олимпиада ойындарына қатысқан  Қазақстан спортшылар туралы мәлімет жинап әкелу.  

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения