Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
10.04.2014
0
2224
1

Ион алмасу реакциялары

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент

Школа-гимназия №107 имени Юсуфа Сареми

Учитель химии

Мусаев А.Х.

Сабақтың  мақсаты:

  • а) білімділік  мақсаты: 

          Бағдарлама межесіне сай білім, білік  дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларды реакция аяғына дейін жүру үшін қандай шарттар орындалуымен таныстыру, химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыруға дағдыландыру;

  •  б) дамыту  мақсаты:
  •       Химия – заттар және олардың бір- біріне айналуы туралы ғылым екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу, ион алмасу реакциялары туралы білімдерін дамыту;
  •  в) тәрбиелік  мақсаты:

         Оқушылардың танымдық және комуникативтік іс- әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке  бейімдеу арқылы жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге, өзінің салт- дәстүрін тануға тәрбиелеу.

  • Сөздік қорларына:

        Ион алмсу, газдың бөлінуі, тұнбаның пайда болуы, әлсіз электролиттің түзілуі сөздерін енгізу.

  • Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
  • Әдіс тәсілдер: ойын элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
  • Сабақтың көрнекілігі: компьютер,электрондық оқулық мәтіні, тест сұрақтары, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

 а) Психологиялық дайындық

                                      Бүгінгі күн ерекше

                            Мен сабақта, мектептемін

                            Менің зейінім  тұрақты,

                           Менің сабаққа ынтам зор,

                           Өйткені мен бақыттымын

б) Сергіту жаттығу:

         Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріпке бітсе, оқушы сол әріптен басталатын элементтің атын айтып жалғастыруы қажет. Мысалы: азот, тантал, лантан, неон, натрий, йод...

  в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық  оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.

 

 H,  O,  Na,  K,  Mg,   Zn,  Ag,  Au,  Pb,  Hg,  P,  Fe,  C,    S, ...

 

ІІ. Өткен сабақты қайталау

  1. Берілген қосылыстарды электролиттерге және бейэлектролиттерге классификациялаңыздар:

NaCl (балқыма),  NaOH, O2 , глюкоза, су, KCl (балқыма),

 Na2CO3(ерітінді),  HNO3(ерітінді), N2 , H 2 , спирт.

электролиттер

бейэлектролиттер

 

 

 

  1.  Берілген электролиттерді күшіне қарай классификациялаңыздар:

H2SO4NaOH, ZnCl2, HCl, H2S, HNO3, H2CO3,

CH3COOH, LiOHH2O, Ca(OH)2NH4 OH.

Күшті  электролиттер

Әлсіз  электролиттер

 

 

 

 3. Берілген иондарды катиондарға және аниондарға классификациялаңыздар:

H+, NH+4, OH-, K+, Cl-,  Na+, S2-, Ag+, SO42-,

Ba2+, CO32-, Ca2+, Al3+, CH3COO-, HCO3-

катиондар

аниондар

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

     Реакция аяғына дейін жүру үшін мынадай шарттар орындалуы керек.

1) газдың бөлінуі;

2) тұнбаның пайда болуы;

3)әлсіз электролиттің түзілуі.

      Мыс сульфатының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда  жүретін тұнба пайда болуы реакциясы:

Көрсетілім №1

 CuSO4+2NaOH          Cu(OH)2  +Na2SO4

 Cu2++SO42-+2Na++2OH-                 Cu(OH)2   +2Na++SO4 2-

 Cu2++2OH-           Cu(OH)2

 

Бұл реакцияда көгілдір тұнба пайда болады.

      Көрсетілім №2

      Натрий гидроксидінің тұз қышқылымен бейтараптану реакциясы әлсіз электролиттің түзілуін қарастырсақ:

NaOH+HCl        NaCl+H2O

Na++OH-+H++Cl-                Na++Cl-+H2O

Реакцияның жүретіндігіне көз жеткізу үшін натрий гидроксидінің ерітіндісіне индикатор-фенолфталеин тамызғанда ол таңқұрай түсіне боялады. Енді осы ерітіндіге тұз қышқылының ерітіндісін біртіндеп қоссақ, түсі жойылады. Бұл өзгеріс жүргендігінің белгісі болады, нәтижесінде әлсіз электролит су түзіледі. Бұл тәжирібеден шығарылған қорытынды.

 H++ OH-          HOH

  Көрсетілім №3

       Натрий карбонаты және күкірт қышқылы ерітінділері арасындағы реакция газ бөле жүреді.

Na2CO3+ H2SO4        Na2SO4+H2O+ CO2

2Na+ + CO32-+ 2H+ +SO42-            2Na+ +SO42-+H2O+ CO2

2H+ +CO32-        H2O+ CO2

    Ас тұзының  ерітіндісіне калий нитратының ерітіндісін қосқанда реакция жүруінің белгісі байқалмайды. Реакция қайтар реакция деп аталады.

NaCl+KNO3        NaNO3+KCl

ІV. Сабақты пысықтау:

    Нөмірленген бес сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, калий сульфаты, натрий карбонаты, барий хлориді.  Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісін құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

 

 

HCl

H2SO4

K2SO4

Na2CO3

BaCl2

Эффект

HCl

 

 

 

 

 

 

H2SO4

 

 

 

 

 

 

K2SO4

 

 

 

 

 

 

Na2CO4

 

 

 

 

 

 

BaCl2

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы.

1.  Na2CO3+ H2SO4       Na2SO4+H2O+ CO2

    2Na+ + CO32-+ 2H+ +SO42        2Na+ +SO42-+H2O+ CO2

    2H+ +CO32-           H2O+ CO2

2.  Na2CO3+ BaCl2       BaCO3    +2NaCl

    2Na+ + CO32-+ Ba2+ +2Cl-          BaCO3    + 2Na++2Cl-

    Ba2+ +CO32-         BaCO3

3. BaCl2+ H2SO4            BaSO+ 2HCl

    Ba2+ +2Cl- +2H+ +SO42       BaSO4  +2H+ +2Cl-

    Ba2++SO42        BaSO4

4. Na2CO3+ 2HCl       2NaCl+H2O+ CO2

    2Na+ + CO32-+ 2H+ +2Cl-        2Na+ +2Cl-+H2O+ CO2

    2H+ +CO32-           H2O+ CO2

5. BaCl2+ K2SO4            BaSO+ 2HCl

    Ba2+ +2Cl- +2K+ +SO42       BaSO4  +2K+ +2Cl-

    Ba2++SO42        BaSO4

 

 

HCl

H2SO4

K2SO4

Na2CO3

BaCl2

Эффект

HCl

*

-

-

СО2

-

 

H2SO4

-

*

-

СО2

BaSO4

 

K2SO4

-

-

*

-

BaSO4

 

Na2CO3

CO2

CO2

-

*

BaCO3

 

BaCl2

-

BaSO4

BaSO4

 

BaCO3

*

 

V. Бағалау .

    Белсенді қатысқан оқушыларды өз білімдеріне қарай бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:

30 бет. А. вариант 1 сұрақ, В. вариант 2 сұрақ, С. вариант   1-есеп. 

34,5 г калий карбонаты тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының қалыпты жағдайдағы көлемі

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения