Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.04.2014
0
1583
0

Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Казахстан,Алматинская область,Алакольский район

Достыкская средняя школа №11

Учитель географии

Қанабекова Сария Келімхановна

Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Мақсаты: Өзендер мен көлдерге сипаттама беру, дүниені тануға, ой-өрісін

дамытуға тәрбиелеу, өзен-көлдердің таралуының жер бедері мен климатқа байланысты екендігін көрсету.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Пайдаланылған көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы, видео «Игуасу» сарқырамасы, атластар, өзендер кестесі, өзендер суреттері,  Амазонка-тірек суреті,

Сөзөрім – логикалық тест.

Жоспары:

  1. Ішкі суларға сипаттама.
  2. Амазонка, Парана, Ориноко өзендеріне сипаттама.
  3. Титикака көлі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :

а)Ойындар. Ол кім? Бұл не?

ә)Оқушылардың жеке тапсырмалары.

б)Картамен жұмыс.

в)Тірек сызбалар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оңтүстік Америка құрылғы дүние жүзі бойынша ең ылғалды, жауын-шашыны мол, ішкі суларға өте бай. Ол Тынық және Атлант мұхиты суларымен шайылып жатыр. Бұл аймақ неше алапқа бөлінеді?

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Алаптары

 

                              Тынық мұхиты                     Атлант мұхиты

Ішкі тұйық

 

Су айрығы Анд тауы. Материктің шығысы жазықты болғандықтан ірі өзендері Атлант мұхитына құяды. Тынық мұхитқа қарағанда Атлант мұхитына құятын өзендері Атлант мұхитына құяды. Тынық мұхитқа қарағанда Атлант мұхитына құятын өзендер ағыны 12 есе көп.

Оңтүстік Америка өщендері: Амазонка, Парана, Ориноко, Сан-Франциску, Мадейра, Уругвай, Парагвай, Мараньон, Риу-Негру, Рио-Колорадо...

       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Амазонка

Ұзындығы 6400 км. Мараньон саласы бастауымен дүние жүзі бойынша Нілден кейінгі орында. Бастауы-Анд бастауы. Ауданы 7,180 мың шаршы шақырым. Орташа су шығыны – 220000 м/сек-бұл көрсеткіш дүние жүзіндегі өзендер арқылы ағып өтетін судың мөлшерінен бірнеше есе артық. Бастауындағы өзен арнасы  1,5-5 км болса орта ағысында 5-20 км, ал құяр жерінде 80 км-ге дейін барады. Өзен экваторлық белдеуден ағатын болғандықтан суы жыл бойы мол болады, ондағы жауын-шашынның мөлшері 1500-300 мм. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерімен шамалас.

       
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзеннің 500-ден астам саласы бар. Ең ірі саласы – Мадейра. Оның ұзындығы 3400 км. Мадейраның ұзындығы Еуропаның 8 елінен ағып өтетін Дунай өзенінен 550 км ұзын. Амазонка өзені тереңдігі  124  м, ал сағасында 17 м. Неге сағасы таяз? Себебі Амазонка суы өзімен бірге жыл сайын 1 млрд. Тау жыныстарын алып келеді. Өзен салаларында сазды жыныстар молынан кездесіп, суы сарғыш болса, өзендер суында өсімдік қарашіріктері көп болып, қара өзен деп аталады. Наурыз бен сәуір айларынан бастап жазда суы тасиды. Бұл тасу Анд тауларындағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты. Атлант мұхитындағы толысудың әсерінен өзен суы 1-1,5 м-ге көтеріліп, сағасынан 1400 км-ге кері ағады. Жағалауды бұзып өтіп, жылдам қозғалатын бұл ағысты үндістер – амазуну деп атайды, өзен аты осыдан шыққан. Аталмыш өзен тіршілікке өте бай. Виктория –регия өсімдігінің ірі ақ гүлі бар осында. Жапырағының диаметрі -2 м. Оның  жапырағында баланы отырғызса суға батпайды.  Жағалауында ит тұмсығы батпайтын қалың орман сельва бар. Сельва – жыртқыш аңдар, алып ағаштар, зиянды шыбын-шіркей, улы бунақденелілер тіршілік ететін өте ыстық қапырық орман. Жануарлары – арапайма ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг. Пиарнья, электрлі су жыланы, пекари, тапир, жыртқыш балық – пирая, дельфин-иния, қайман қолтырауыны тіршілік етеді. Өзеннің таяз жеріне тасбақалар жұмыртқалайды. Олар – өзен жағалауындағы халықтардың сүйікті дәмді тағамы.

Парана – үндісше-теңіздің анасы. Мол сулы өзен, суының деңгейі маусымға байланысты. Бразилия таулы үстірті мен Анд тауынан су жинайды. Басталар жерінде тау өзені кездеседі. Сондықтан мұнда сарқырамалар жиі кездеседі. Игуасу сарқырамасы 72 м биіктен құлап, 300 тармаққа бөлініп сарқырамалар жүйесін құрайды. Төменгі ағысындағы қозғалысы баяу жазық өзені кеме қатынасы үшін қолайлы.

      Видео «Игуасу сарқырамасы»

Ориноко – үндісше өзен. Атлант мұхитының Кариб теңізіне үлкен атырау жасап құятын бөлігі. Саласы – Чурунда. Осы тұста 1054 метрден құлап ағатын дүние жүзіндегі ең үлкен Анхель сарқырамасы бар. Парана мен Ориноко өзендері СЭС және кеме қатынасы үшін пайдаланылады.

 
 Титикака көлі – Анд тауындағы тектоникалық көл. Үндісше – қалайы алаңы. Ол суының түсіне байлансты айтылған. Су бетіндегі қамыстан жасалған салдарда үндістер өмір сүреді.

Поопо – тұзды көл.

Маракайбо – мұхиттан бөлінген лагуаналық көл, одан мұнай мен газ өндіріледі.

ІҮ. Дәптермен жұмыс жасап, тірек сызбаны сызамыз.

Ү. Ой сергіту. Оқушылар логикалық тест орындайды..

ҮІ. Қорытындылау.

Видео арқылы  қорытындылау.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Картамен жұмыс. Номенклатура.

Қосымша деректер.

  1. Мадейра – дүние жүзіндегі өзенге құятын ең ұзын өзен.
  2. Амазонка – суы мол, қайықпен жүзгенде жағалауына көз жеткізе алмайтын жұмбағы көп. Қайықпен өзеннен өткенде үн шығармайды. Сөйлесе өзен бетінде иірім пайда болып , қайықты аударып, адамдарды су жұтып қояды деген нанымдары бар.
  3. Барранко – күн күркірегенге ұқсас дауыс, оны үндістер – өзеннің орманмен жекпе-жегі деп түсіндіреді.
  4. Бразилияда жерді – құдай, Амазонканы – жын жаратқан деген сөз бар.
  5. «Титикакадағы алтын шынжыр» - инктерде көл табанында алтын шынжыр бар деген аңыз бар. Испан жаулаушыларының қолына түсірмес үшін , барлық алтынды жинап орасан зор шынжыр жасап, түпсіз терең көлге тастаған. Аңыз ізімен француз зерттеушісі Жак Ив Кусто зерттеу жүргізген. Көлдің еш құпиясы жоқ, оның тереңдігі 320 м.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения