Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
02.04.2014
1
623
0

Менімен ойнашы

Казахстан, Жамбылская область, с. Толе би

КГКП детский сад «Асем»

Воспитатель

Четыкпаева Л.Б.

Мақсаты:                Баланың омыртқа бұлшық еттерін, жауырын еттерін, табанның қимылын шынықтырып дамыту, көз мөлшерін дәлдеп лақтыруға, қолдың бұлшық еттерін дамыту. Баланың ойынға деген қызуғушылығын арттыра отырып шапшаңдыққа, ептіліке, жылдамдыққа тәрбиелеу. Тепе-теңдікті сақтау.

 

Көрнекілігі:             Қысқы орман, орманда сайраған құстар, орман аңдары: аю, түлкі, қоян.

 

Сабақ барысы:        Ұйымдастыру кезеңі.

 

Тәрбиеші:                Балалар, біз бүгін поездбен алыс орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа шықпаз бұрын біз білеміз қазір жылдың қыс мезгілі күн суық, поездымыз келгенше біз жылынып алайық.

 

Көркем сөз:             Бала-бала-балапан

                                Қане қайсы алақан?

                                Саусақтарың айбат

                                Былай, былай ойнат.

 

                                Топ-топ басайық

                                Жалаудан күн жасайық

                                Жаса-жаса алтын күн

                                Жаса-жаса жарқын күн.

 

1 жаттығу:  Құлағымызды, мұрынымызды, қолымызды, аяғымызды

жылтып алайық. Доп секілді секіру.

Т.: Қане жылынып алдық поездбен алыс орманға саяхатқа

барайық. Балалар, біз орманда түрлі кедергілерден өтеміз,

біз оған дайынбыз ба?  Чук-піш, чук-піш,  міне орманға келіп

жеттік. С-С-С. Поезд тоқтады. Қане поездан түсейік.

Т: Орманда сайраған құстардың дауыстары. Балалар,

жолмен ақырын жүреміз. 1 жолмен, 2 көпірден өтейік,

3 арқанның үстінен бір қырмен жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

  1. Б.қ. қолда таяқша, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру 2-3 рет.
  2. Б,қ. Аяқты алшақ қою, қолда таяқша, оңға-солға иілу, 2-3 рет.
  3. Б.қ, аяқты алшақ қою, қолда таяқша, отырып-тұру. 2-3 рет.
  4.   Б.қ. бір орында секіру.

Қимылды ойын ойнау «Қар жинау».

Мақсат: қимыл қозғалысын дамыту.

Т: Балалар, саяхатымызды ары қарый жалғастрайық.

Балалар, алдымыздың көпір кездесті. Одан қол дізеде, еңкейіп жүріп өтеміз. Биіке өрмелеп шығамыз тіке жолмен жүріп қолымызды екі жаққа құстың қанаты сияқты жайып тепе-теңдікті сақтап секіреміз.

Ал, балалар, бойымызды жылытып, тағы бір ойын ойнап алайық.

Қимылды ойын: «Қасыр мен қояндар».

Мақсат: ептілікке жылдамдыққа баулу.

Қортынды:

Т.: Дөңгелене тұрып, балалар, біз бүгін орманда түрлі кедергеден өттік. Орманда биік, аласа, шырша көрдік. Аю, түлкі, қоян көрдік. Орманда жел тұрып тұр. Қолды жоғары көтеріп сермеу, дем алу дем шығару. 

Құстардың сайраған дауысын естіген болатынбыз міне құста ұшып бізге келіпті. Бізге сыйлық ала келіпті .

Балалар, біздің жасаған жаттығумыз деңсаулыққа өте керек екен.

1 бала: Торғай тұралы тақпақ. 

Сабақты қортындылып поездға мінып балабақшаға қайту. Балаларды  мадақтау.

Комментарии пользователей /1/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения