Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
31.03.2014
0
1137
0

Бутерброд

Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, с. Шелек

ГККП детский сад №38 «ГУЛДЕР»

Воспитатель

Умбеталиевой А.

Мақсаты:

Балаларды бутерброд ұғымымен таныстыру.Бутерброд жасату.Бутербродтың жасалу тәсілімен таныстыру.Балаларды еңбексүйгіштікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Бутербродтың суреттері,Кестелер,бутербродқа керекті  заттар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен психологиялық жаттығумен сабаққа даярлық өткізу.

Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі

-Қысқы мезгіл туралы не айтуға болады?

-Қысқы еңбек туралы не айтасыңдар?

-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз еске түсірейік.

Сұрақтар бере отырып балаларды сабаққа даярлау.

Сендер мен сабақтың тақарыбы мен орындалатын тапсырмалармен таныстырайын Ол үшін алдымен бутерброд деген ұғым туралы түсінік берейін.Бутерброд-май жағылған  нан деген ұғымды білдіреді екен.

Бутерброд - немістің май және нан деген сөздерінен пайда болған тағам. Қазір нанның үстіне әр түрлі өнімдер қойылады. Бутербродтар бір қатарлы, көп қатпарлы, қуырылған немесе ыстық наннан дайындалады.

Енді  әр түрлі бутербродтар дайындап үйрену үшін  керекті құралдар: тақтайлар, көкөністер үшін пышақтар, нан, ірімшік, жұмыртқа.

Бутербродтың  түрлері өте көп.Соның суреттерін тақтаға іліп соларға түсініктер беріп өту.

Алдымен қауіпсіздік ережелерді атап өту.

1) Пышақтың қауіпсіздік ережесін сақтау.
2) Өнімді дайындамас бұрын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Келесі ескертпелер:

1) Бутербродты әшекейлеу.
2) Бутербродқа керекті өнімдер:шұжық, нан, сырды кесу.

 Жұмыс орнын ұйымдастыру:
а)Санитарлық және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
б)Бутерброд дайындауда қажетті техникалық қажеттіліктер.
в)Дастархан жасақтау мәзірін сақтау.
д)Жұмыс орнын жинастыру
Азық-түліктер: Нан, шұжық, ірімшік, пісірілген жұмыртқа, қызанақ, қияр, аскөк.
1. Нанды турап, ашық және жабық бутербродтарға пайдалану.
2. Сүрленіп пісірілген шұжықты турау 2,5-3мм
3. Ірімшікті турау 1-2мм 
4. Жұмыртқаны турау. (тілімдеп)
5. Қызанақты, қиярды турау (тілімдеп)
6. Аскөк (ұсақтап)
Енді жұмысты орындамас бұрын бәріміз алжапқыш киіп,басымызға орамал байлап аламыз.Енді жұмыстыорындауға кірісеміз.Ол үшін бутербродты қалай даярлау керектігі түсіндіріледі.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Жабық бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу. Бірнеше қабатқа турау, нанның бір жағына май жағып, ірімшік салу, үстін нанмен жабу. Дайындалған үлкен бутербродты ұзындығы 7-8см, ені 5-6см етіп, кішкене бутербродқа турау.
2. Күрделі бутерброд. Май жағылған нанға бір тілім шұжық, бір бөлек жұмыртқа, бір тілім қияр салып аскөкпен әсемдеу.
3. Басытқы бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу, жапырақтап турау, май жағу, әсемдеу, кішкене бутербродқа турау.
1. Ұн қалай пайда болды?
2. Нанды неге күнделікті қолданамыз?
3. Нанды неден аламыз? 
4. Қандай нан өндіруші мамандарды білесіңдер?
5. Бутербродқы неліктен нанды қолданамыз?
6. Бутерброд дегеніміз не?
7. Бутербродтар түрлерін ата?


Қорытындылау:

Сұрақтар қою арқылы қорыту.
1.Бутербродтардың қандай түрлерін білесің?
2. Жабық бутербродтың жасалу жолын түсіндір?
3.Күрделі бутербродпен басытқы бутербродтың айырмашылығы неде?

Жасалған бутербродттарын қонақтарға ұсыну.

Балалардың жұмыстарын бағалап,оларға  «Кішкентай аспазшы»  деген сертификаттар беріп мадақтау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения