Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.03.2014
0
2362
6

Логикалық есептер





Казахстан,Алматинская область, Алакольский район

Достыкская средняя школа

Учитель начальных классов

Нугуманова Айгуль Дуйсекеновна

Логикалық есептер

Сабақтың мақсаты:

1.Логикалық есептерді шығаруды үйрену.Шығару барысында оқушылардың   

   өз ойларын толық жеткізуге, ойларын тұжырымдап айтуға үйрету.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.

   Тиянақты жауап беруді талап ету.

3. Оқушыларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге

    тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ізденушілік,топпен жұмыс,АКТ-ны     

                            қолдану

Сабақтың көрнекілігі: кесте,үлестірмелі қима қағаздар,слайдтар,

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

Ә)Мұғалім:  Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика,сондықтан оны

Оқушылар: оқу керек.

 II.Үй тапсырмасын тексеру.

Математикалық мақал-мәтелдер сұрау.

III. Білімді тексеру.

«Жасырынған санды тап» ойыны

 

Белгісіз санды қалай тапқандарын түсіндіру.

IV.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақты түсіндіру

 1.  -Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. Логикалық есептерді әр түрлі тәсілмен шешуге болады.

Логикалық есептерді шешу түрлері:

1.Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу.

2.Ребус түрінде шешу

3.Сіріңке шырпысын қолданып шешу.

2..Бүгінгі сабақта логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешуді үйренеміз. Мұндай есептерді шешу үшін есептің шартын кесте түрінде жазу қажет,одан кейін ол арқылы есептің шартындағы қойылған сұрақтардың дұрыс жауабын табу керек.

Мысалы: Үш дос Асан, Досан,Хамит өзенге барып балық аулады. Олардың қармағына шабақ,алабұға және мөңке балықтары ілінді. Асанның қармағына шабақ пен алабұға ілінген жоқ.Досанның қармағына шабақ ілінбеді.Бұлардың әрқайсысының қандай балық ұстағанын анықтаңдар.

Шешуі:Қатарға балық ұстаған балалардың аттарының бас әрпін, ал бағанға олардың ұстаған балықтарының бас әріптерін жазып кесте құрайық. 

 

Ш.

А.

М.

А.

-

-

+

Д.

-

+

-

Х.

+

-

-

   Асанның қармағына шабақ пен алабұға ілінбеген: кестенің сәйкес тор көздеріне «-» қоямыз.Досанның қармағына шабақ ілінбеген-сәйкес тор көзге «-»таңбасын қоямыз.Асанның мөңке балықты,ал Хамиттің шабақты ұстағаны көрінеді: кестенің сәйкес тор көздеріне    «+» таңбасын қоямыз.

Жауабы:Асан мөңке балықты, Досан алабұғаны, Хамит шабақты ұстаған.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1.Өз бетімен жұмыс. (Топпен жұмыс) Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Тапсырма: Математика олимпиадасында Азамат,Біржан,Тілек алғашқы үш орынға ие болды.Біржан бірінші, не екінші орын ала алмады,ал Азамат екінші орынды алған жоқ. Азамат нешінші орынға ие болды? Біржан ше? Тілек ше?

Шешуі: Қатарға олимпиадаға қатысқан оқушылардың аттарының бас әріпін,ал бағанға олардың олимпиадада алған орындарын жазып кесте құрамыз.

 Жауабы:Азамат-бірінші , Тілек-екінші ,Біржан-үшінші орын алған

Әр топтан бір оқушы шығып жауаптарын қорғайды.

2.  Сергіту сәті

Кел,балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

3.«Жұмбақтағы математика»

Әр топ бір-біріне математикалық жұмбақтар жасырады

1-топ                                                          2-топ

 Мұз айдында 15 бала                             

Асыр сап жүр сырғанап                           Көлден ұшты 40қаз

Сырғанамай 8 бала                                   Қайтып қонды 13 қаз

Жағалауда тұр қарап                                 Қонбады оның нешеуі?

Енді осы бар балаға                                  Кәне кім тез шешеді? (27)

Қосылды тағы 3 бала

Болды барлығы қанша бала? (26)

3-топ

Аулада 10 үйрек 

Қорада 7үйрек

2 үйрек тығылды.

2 үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (13)

4.Суреттегі үшбұрыштарды табу.

3 топқа 3 сурет беріледі. Олар сол суреттегі үшбұрыштарды санап,санын дұрыс айту керек.

5.Графикалық  диктант. (дәптерлеріне сызғызу)

   Бастапқы нүктеден 1 тор төмен, 2 тор солға, 1 тор жоғары, 2 тор солға,

2 тор жоғары, 2 тор оңға, 2 тор жоғары, 2 тор оңға, 4 тор төмен, 2 тор оңға,

1 тор төмен, 2 тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор жоғары, 5 тор солға.

Жауабы: машинаның суреті шығады

VII. Сабақты бекіту

А).Ребустарды шешу.

Ә).Логикалық сұрақтар

1.Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?

2.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

3.Үйге кірген және шыққан адамдарға қолын береді?

4.Төрт аяғымен тұрған сиырдың салмағы 197кг, ал жатқан сиырдың салмағы қанша?

5.Үш майшам жанып тұр еді. Оның біреуін сөндірді. Неше майшам қалды?

6.Бір тонна мақта ауыр ма,бір тонна көмір ауыр ма?

VIII. Үйге тапсырма: Логикалық есептер тауып келу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения