Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
29.03.2014
0
826
0

Хх дыбысы мен әрпі

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №4

Учитель начальных классов

Сарсенбаева А.Т.

Сабақтың мақсаты:  

Білімділігі: Хх дыбысымен, оның әріп таңбасымен таныстыру;

Дамытушылығы: Сөйлеудің, ойлаудың байқампаздығын іс – әрекетін дамыту. Дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету.

Тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, суреттер, ойындар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

-Партаны реттеу, тақтаны сүрту.

-Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын алу.

-Балалар біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр.

-Қонақтарға не көрсетуіміз керек?

-Қонақжайлығымызды.

-Қалай?

-Жақсы білімді көрсетсек, қонақтар демалып қайтады.

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де “Сіз”

Кішіге де “Сіз”

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

І. Қызығушылықты ояту.

Сәлем алып алыстан,

Туысыңнан, таныстан.

Келетұғын “хат”, “хабар”,

Қай әріптен басталған?

(электрондық оқулықпен жұмыс «Сиқырлы әріптер»)

Х дыбысы-дауыссыз дыбыс. Х дыбысы буын құрамайды, себебі, ол дауыссыз.

Дауыссыз дыбыстың қатаң түріне жатады.

ІІ. Ой қозғау.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөздерді оқу.

 

 «Хадис» сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жаңа, сөз, әңгiме.

«Байланыстыр» ойыны.

 

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

ІV. Дәптермен жұмыс.

(электорондық оқулық «Әліппе» 1 сынып)

Дәптерімді ашамын,

Қолға қалам аламын,

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазамын.

V.  Мәтінмен жұмыс.

Мағынаны таныту.

 

VІ. Тақтамен жұмыс

Сабақты бекіту.

Қане балалар, бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты мына жаңылтпашты айтып,

х әрпі бар сөздерді  табыңдар.

 

Хакім хат ашып отыр,

Хат ашып, шатасып отыр.

Ол хатты қате ашып отыр. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения