Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
21.03.2014
0
780
0

Работа с отстающими учениками и пути преодоления препятствии в учебе

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Курчумский район, с. Курчум

Курчумская средняя школа №4 им. Н.Островского

Учитель физики

Муликова А.О.

         Болашақ ұрпақтың білікті де, білімді болып өсіп-өнуі мектептен, сондай-ақ, алдымен бастауыш білім беруден бастау алатыны анық.Себебі,бастауышта тиянақты да,саналы болған оқушы жоғарғы сыныпқа барғанда,жақсы оқушы болатынын ешкім жасыра алмайды.Мектептегі әр сыныпта оқитын оқушылардың жастары шамалас болғанмен,олардың ақыл-ойы,қабілеттері,зейіні,талғамы,сөйлеуі,тіпті істеген істері,өмірге көзқарастары әр түрлі.

       Қазақстан Республикасының  Білім туралы Заңына сәйкес кез келген азамат орта білім алуға міндетті екенін еске ұстай отырып,үлгерімі нашар оқитын оқушылармен әр түрлі жұмыстар істеуге тура келеді.Ондай оқушыларды бір сөзбен айтқанда,”Нашар үлгерушілер” дейді.Олар неліктен  олай аталады? Себептері қандай?

      Ол алдымен оқушының жекелей психологиялық ерекшелігіне байланысты болады да үш топқа жіктеледі:

1.Оқушының танымдылық әрекетінің жетімсіздігі

2.Балалардың жан-жақты ойлау  қабілетінің төмендігі

3.Тіл, есту, көру жүйесінде кемшіліктің болуы

  Бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларымен жүргізілген медициналық сараптамаға жүгінсек олардың құлағы, мұрыны, тамағы ауыратыны  -30-35%,көзі ауыратындары-8-10%, жүйке-жүйесі мен психикасында ауытқуы барлары-15-20% .  Мектеп партасында отырған оқушылардың  тек 20-25%-ының  ғана  дені сау деп есептелінеді. Бұған қосымша оқушылардың   30%-ы  әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасында тәрбиеленетінін ескеруіміз керек. Ал осы жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер оқушылардың оқу үлгеріміне  өзіндік әсерін тигізетіні сөзсіз.

   Осындай көптеген зерттеулердің  жауаптарын іздестіріп,анықтағанда олардың басты себептері төртеу екендігі айқындалған.Олар мыналар:

    Үлгерімі нашар болуының төрт себебі анықталғанымен  осылардың басты  себебі мектеп,яғни, мұғалімдер кінәлі болып табылады.Сондықтан оны болдырмау үшін мектеп мұғалімі көптеген жұмыстар жасауы тиіс.Біріншіден,  әр пән мұғалімдерінің қолында бағдарлама болуы керек.Онда мыналар  ескеріледі:

 

Реті

Нелерді екеруге болады?

1.

Оқу жылының басында оқушының білім деңгейін анықтау

2.

Сабақ кезінде әр түрлі сауалнамалар түрлерін(ауызша, жазбаша,жекелей т.б.)жүргізіп отыруымыз керек.

3.

Оқушының алған бағаларын уақытында қойып,тоқсан аяғында оны түзетуге уақыт беру(әр сабақта кемінде 5-7 оқушы жауап беруі керек)

4.

Қойылған бағаларды айтып хабарлап отыру   (күнделіктеріне қойып беру)

5.

Дер кезінде бақылау жұмыстарын алып    отыру

6.

 Үлгерімі нашар оқушылардың сабақты меңгеруіне уақыт берілуі  керек.Қиыншылық болған кезде  көмек көрсетуді ұйымдастыру

7.

Пән мұғалімдері, сынып жетекшісі мен  ата-аналарға   байланыста болуы

8.

Мұғалім оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендетпеуін ескерген дұрыс

9.

Мұғалім үлгерімі нашар оқушылар жөнінде әкімшілікті хабардар етуі тиіс.

 

               Хабарламаны  мына түрде беруге болады:

 

Оқушының аты-жөні

Нашар үлгеруінің себептері

Сауалнама түрлері

Сынып жетекшісінің ақпараты

Ата-ананың ақпараты

Нәтижесі

 

 Осы бағдарламамен қоса үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істеуде сынып жетекшісінің, ата-ананың,әкімшіліктің және оқушының бағдарламасы болады.Онда мыналар ескеріледі.

 

Пән мұғалімдері оқушының ата-анасымен,психологпен және сынып жетекшісімен жақсы қарым-қатынаста болуы керек.Оқушының ата-анасы мыналарды білгені жөн.

1.Ата-ананың  сынып жетекшісі мен мұғалімнің талабына сай мектепке келуі.

2.Ата-ананың баласының үй тапсырмасын орындауға жағдай жасап,қадағалауы. 3.Егер ата-ана өз міндеттерінен бас тартса,кәмелетке толмағандар жөнінде,балаларының құқығын қорғау комиссиясы оның ата-анасына әкімшілік жазаға тарту жөнінде құжаттарды толтырады.       

      Оқушының нашар үлгеруі сабақ барысында қалыптасады, оны алдын -ала болдырмауға болады

-Мұғалімнің  оқушыны дұрыс тани білуі( жанұя жағдайынжәне психологиясын)

-Әр оқушыға жаңа сабақты тиімді әдіс-тәсілдермен түсіндіру,санасына жеткізу

-Үй тапсырмасын әр оқушының шамасына қарай беріп, оны міндетті түрде тексеру

-Әр сабақта оқушының оқуына қызығушылықтар туғызу

-Сынып жетекшісімен,  ата-анасымен  орнықты  қарым-қатынас орнату

-Оқушылармен   өзара ынтымақтастық   қарым-қатынаста болу

-Олардың бір-біріне көмек көрсетуін ұйымдастыру

-Қосымша жұмыстар(ғаламтормен, кітаптармен т.б.) тапсыру

-Жалпы сыныпта қалыпты атмосфералық ахуал  орнату

      Мен сабағымда нашар үлгеретін оқушылардың ата-аналарымен үзбей байланыста жұмыс жүргіземін.Онда  Липпманның тестерін пайдаланып, балалардың логикалық ойлау қабілетінің деңгейін анықтауды,А.З. Зактың ойлау қабілетінің даму деңгейін  анықтайтын тапсырмаларын,Н.Г. Лусланованың әдістемесі бойынша  балалардың қабілеттерінің  үйлесімді қалыптасуына  диагностикалық зерттеулер жүргіземін. Зерттеулер нәтижесі бойынша  әр оқушымен  жұмыстың  жекелей жүйесін құрып жүзеге асырамын.

В.А. Сухомлинский: “Жеке тұлғаның  психофизиологиясына,  ішкі жан дүниесіне  жағымды әсер етпей  оны дамыту мүмкін емес”. Баланың қызығуынсыз берілген білім, ол-өлі жүк.Сылбыр, әрекетсіз  қабылданған  түсінік терең білім негізі бола алмайды.Сондықтан бала эмоциясына әсер етіп,оның қызығушылығын оятып, білімді қызыға қарау жолдарын үйрету керек.Қызыққан тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және оның дүниетанымын кеңейтіп, дағды мен іскерліктерін жетілдіру жеңілге түседі.

        Міне, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескеріп, ұжым,сынып жетекшісі, ата-ана, мұғалім болып бірлесе  мақсатты  жұмыстар жасасақ, менімше, сыныпта нашар үлгермеушілер    болмайды деуге болады.Мұғалім мектептің жүрегі болса, ал ата-ана мұғалімнің жүрегі десек артық емес.Ата-аналар біздер үшін сарқылмас күш.Олармен жиі байланыс жасап, көмекке шақырып, түрлі жұмыстарды бірлесе атқарсақ, үлгермеушілерді болдырмай, балалардың тиянақты білім алуына жағдай жасайтынымыз сөзсіз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения