Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
21.03.2014
0
1048
0

Таңдау операторы

Казахстан, Алматинская область, Карасайский район, г. Каскелен 

КГУ  "Средняя школа  Алтын ауыл с дошкольным мини-центром"

Преподаватель информатики

Еликбаева А.М.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқыту – Паскаль программалау тілі бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу.
  2. Дамыту- алгоритмдік ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, зейінділігін дамыту.
  3. Тәрбиелік – оқушыларды компьютерде отыру барысында ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. «Оқыдым, тыңдадым, қайталадым, жаттадым» режимін «Білдім, түсіндім, жобада қолдандым» режиміне алмастыру.

Дайындық кезеңі

  1. Ойынға екі команда қатысады. Әр команда банк президентін сайлайды.
  2. Команданың бастапқы капиталы -10 зерде
  3. Командаларға әр түрлі тапсырмалар беріледі, олар тапсырманың деңгейіне байланысты «Зерделермен» (фишкалармен)  бағаланады.
  4. Егер команда дұрыс жауап берсе , команданың капиталы өседі.
  5. Жеңімпаз болып ең бай банк есептеледі.

Ойынның басында әр команда өзінің банкін тіркеуден өткізу керек. Ол үшін әр команданың «визиткасы» болу керек.

Сабақтың жабдықталуы: флипчарт, сөзжұмбақ, плакаттар, суреттер.

Сабақ жоспары:

  1. «Сергектік» сайысы.
  2. «Банкирлер» сайысы.
  3. «Консультанттар» сайысы.
  4. «Контролерлер (тексерушілер)» сайысы.
  5. «Менеджерлер» сайысы.
  6. «Банк президенттерінің» сайысы.
  7. «Кассирлер» сайысы.
  8. «Күзетшілер» сайысы.

Сабақтың жүргізілуі:

І. Сыныпты ұйымдастыру.

а) сәлемдесу;

б) оқушыларды түгендеу;

ІІ. Сабаққа мақсат қою.

Паскаль программалау тілі бойынша алған білімдерін жүйелей отырып, білім деңгейін тексеру. Олардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру және танымдық деңгейін кеңейту. Оқушы мен мұғалім арасында өзара байланыс орнату.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрап, тексеру.

1 . Сергектік сайысы.

 «Кубизм»- кубикті лақтыру арқылы оқушыардың өткен тақырып бойынша білім деңгейін тексеру.

  1. Паскаль программасының негізін салған кім?
  2. Паскаль программасының құрылымы неше бөліктен тұрады?
  3. Программаның блок бөлігі қалай сипатталады?
  4. Паскаль программасындағы операторлар түрлерін ата.
  5. Паскаль тілінде қандай типтер пайдаланылады?
  6. Қарапайымға қандай типтер жатады?
  7. Стандартты типтерді ата.

Оқушыларға интерактивті тақтадағы флипчартта көрсетілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

(Миға шабуыл)

  1. Енгізу операторының жазылу форматын тақтада көрсет.
  2. Шығару операторының жазылу форматын тақтада көрсет.
  3. Шартты көшіру операторының жазылу форматы.
  4. Параметрлі қайталану командасының командасының  жазылу форматы.
  5. Таңдау операторының жазылу форматы.

Сыныпты екі топқа бөліп, біріне «Инфокоммерцбанк», екіншісіне «Турбобизнесбанкі»   деп атаймыз.

2. «Банкирлер» сайысы ( 1 зерде)

Блиц-сұрақтар

Бұл сайыста  «банкирлер» 1 минутта неше сұраққа жауап беретіндігі есептелінеді.

 «Инфокоммерцбанкінің»  банкиріне арналған сұрақтар:

 

1.Кеңес одағында есептеуіш техниканың негізін қалаған кім?         (С.А.Лебедев)

2. Алғашқы ЭЕМ қай кезде құрылған?                                                 (40 жылдары)

3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы?                                                          (Процессор)  

4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа.                               (Калькулятор)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы.                   (Монитор)

6. Программалау тілдерінің түрлері                                (Бейсик, Паскаль, СИ,Visual basic )

7. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі.                          (алгоритм)

8. Integer сөзінің аудармасы.                                                                   (бүтін)

9. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі.                                              (Caps lock)

10.Сурет салуға арналған программа.                                                   (Графиктік редактор)

11. Информацияның ең кіші өлшем бірлігі.                                           (Бит)

12. Бос орын қалдыру пернесі.                                                                 (Пробел)

13. Паскаль программалау тілінің негізін салған кім?                          (Никлаус Вирт)

14.Жаңа файл ашу үшін .....командасын орындау керек.                      (File-New)

15. Файл сақтау үшін .....командасын орындау керек.                           (File-Save)

 

«Турбобизнесбанкінің» банкиріне арналған сұрақтар:

  1. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны.                         (Жұмыс үстелі)
  2. Вирустың кері әсерін жоятын программа.                                        (Антивирус)
  3. Ақпаратты шығару құрылғысы.                                                            (Принтер)
  4. Алгоритмнің түрлері .                                               (Сызықтық, тармақталған, циклдік)
  5. Boolean сөзінің аудармасы.                                                                   (Логикалық)
  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.                (Интернет )
  7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік.                                            (Кактус)
  8. Вирустардың кері әсерін жоятын программа.                                   (Антивирус)
  9. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі.                           (Алгоритм)

10.  Әлемдегі бірінші программист ?                                                         (Ада Лавлейс)

11.  Ромб нені белгілеуде қолданылады?                                                   (Шартты тексеруді)

12.  Операторлық ашылатын жақша қалай аталады?                                (Begin)

13.  Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы.        (Сканер)

14.  Деректерді сақтауға арналған құрылғы.                                              (Жады)

15.  Паскаль тілінде программа синтаксистік жағынан неше

бөліктен тұрады?                                                                                     (Екі)

 

3 .«Консультанттар» (кеңесшілер) сайысы

(2 зерде)

Семантикалық картада Паскаль тілінде жазылған есептің қатесін тауып, түзету керек.

  1. 4.      «Контролерлер»  (тексерушілер)  сайысы

(3 зерде)

Контролерлер біріне –бірі алдын ала дайындап келген ребустарын ұсынып, шешімдерін іздейді.

  1. 5.      Менеджерлер сайысы

(5 зерде)

Ертегінің мәтіні негізіне сүйене отырып, алгоритм түрін анықтап, оған блок-схема құру.

Ертегілер:

  1. 1.      Мақта қыз бен мысық.                                                  2. Алладиннің сиқырлы шамы.
  1. 6.      «Банк президенттерінің» сайысы

(5 зерде)

Банк президенттері көзі жұмулы қалпында  сөз тіркесін теру керек.

  1. Паскаль-программалау тілі.
  2. Қаскелең-құтты мекен.
  3. 7.      «Кассирлер» сайысы

(5 зерде) Компьютерде орындау

 

Тапсырма: Алдар көсе Шық бермес Шығайбайды алдап түсіріп, оның бар ақшасын банкке әкеліп өткізбекші болады. Банк қызметкерлері оның туған жылын және шығыс күнтізбегі бойынша  яғни қазақша жыл қайыру бойынша қай жылға жататындығын сұрайды.Алдар көсе жауап беруден қиналады. Кәне Алдар көсеге көмектесейікші.

            Оқушылар кез келген жыл мерзімін енгізіп, сол жылдың қазақша жыл санау бойынша қай жануардың атына сәйкес келетінін анықтайтын программа құру керек.

Program jyl;

Var g: integer;

Begin

Write (‘жыл мөлшерін енгіз:’);

Readln (g);

Write (g:4,’жыл’);

Case (g mod 12) of

0:write (‘мешін ’);

1:write (‘ тауық ’);

2:write (‘ит ’);

3:write (‘доңыз ’);

4:write (‘тышқан ’);

5:write (‘сиыр ’);

6:write (‘барыс ’);

7:write (‘ қоян ’);

8:write (‘ұлу ’);

9:write (‘жылан ’);

10:write (‘жылқы ’);

11:write (‘ қой ’);

end;

writeln(‘жыл болды ‘)

end.

V. Материалды түсінген тексеру

Таңдау операторын қандай деңгейде меңгергендігін білу үшін соңғы сайыс ұсынылады.

  1. 8.      «Күзетшілер» сайысы

1 зерде

Бұл сайыста оқушылар компьютерде енгізілген тесттік тапсырмаларды орындайды.

  1. 1.                  Редактрленуге арналған мәтінді дискілік файлға жазу қай функциональдық перненің көмегімен іске асады?

a)      F4

b)      F2

c)      F10

d)     F5

  1. 2.        Case  N of қай оператордың форматы болып есептеледі?

a)      Шартты  көшіру операторы

b)      Циклдік оператор

c)      Таңдау операторы

d)     Меншіктеу операторы

3.    х-тің квадрат түбірін Паскаль тілінде қалай жазады?

a)      SQRT(x)

b)      ABS(X)

c)      SQR(X)

d)     EXP(X)

VI.Үйге тапсырма:

     Ерте-ерте ертеде Тазша бала ханға 40 өтірік айтып беріп, оның 7 қызымен таныспақшы болады. Ханшалардың аттары:

1.Айсұлу

2. Күнсұлу

3. Жансұлу

4. Баян сұлу

5.Қамар сұлу

6.Нұрсұлу

7.Таңсұлу

Әр ханша рет нөмірі бойынша шығып, Тазша баламен танысу программасын құрыңдар.

 

VІI. Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз банкті анықтап, марапаттау. Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения