Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
20.03.2014
0
2361
0

Координаталық жазықтық. Тік бұрышты координаталар жүйесі.

Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау
Средняя школа №6
Учитель математики и физики
Тюлеубекова Р.К.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Координаталық жазықтықта координаталары берілген нүктелерді салуға, берілген нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, ерік-жігерін дамыту, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, іскерлікке тәрбиелеу, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өзін және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, бекіту
Сабақтың түрі: практикалық
Пәнаралық байланыс: география, тарих, бейнелеу өнері 
Оқыту әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жаңа ақпараттық технология
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, флипчарт, таратпалы материалдар, бағалау парағы

Сабақтың барысы: 


І.Үйымдастыру кезеңі

ІІ. Сергіту сәті.(5 мин)

 Балалар, қазір мен тұжырымдама айтамын, егер ол дұрыс болса, қолдарыңды горизонталь созасыңдар, ал егер дұрыс болмаса, қолдарыңды вертикаль көтерерсіңдер.

1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады. (дұрыс емес).

2. Түзуге берілген нүктеден бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады. ( дұрыс ).

 3. Рене Декарт француз математигі және философы. ( дұрыс)

4. Вертикаль сызылған түзу абсциссалар осі деп аталады. (дұрыс емес).


ІІІ. Топтарға бөлу (балық, жұлдыз, шырша, кілт)

ІV Үй тапсырмасын тексеру: №1116  (тақтада 3 оқушы).(10 мин)

V.  Қайталау.
а) «Ыстық орындық» (сұрақ-жауап)

 1. Координаталар жүйесі дегеніміз не ? (Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесі деп аталады)

2. Координаталық жазықтық дегеніміз не ? (Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық )

3.Декарттық координаталар жүйесі деп аталу себебі неде? (Себебі , тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады.)

4. Нүктенің координаталары дегеніміз не? ( Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады)

5. Координаталар басы деп нені айтамыз? (Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.)


Б) Координаталарын ауызша анықтау:

А(4;1), В(-1,5;3), С(-4;0) D(-2;-2); М(0;-4)

 

VІ.  «Тарихи мағлұматтар» оқушылар өздері дайындап әкелген мәліметтерін оқиды. (5 мин)

VIІ.Тест орындау. Слайд. (әр оқушы өз жұбының жұмысын бағалайды).(5 мин)

 

№1. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ АБЦИССАСЫНЫҢ ОҢ МӘНДІ БОЛАДЫ?

A) І мен ІІ ширектерде

B) ІІ мен ІІІ ширектерде

C) ІІІ мен ІV ширектерде

D) ІV мен І ширектерде *

№2. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ ОРДИНАТАНЫҢ ТЕРІС МӘНДІ БОЛАДЫ?

A) І мен ІІ ширектерде

B) ІІ мен ІІІ ширектерде

C) ІІІ мен VІ ширектерде *

D) VІ мен І ширектерде

№3. ҚАЙ ШЕРЕКТЕРДЕ АБЦИССА МЕН ОРДИНАТАНЫҢ ТАҢБАЛАРЫ БІРДЕЙ БОЛАДЫ?

A) І мен ІІІ ширектерде *

B) ІІ мен VІ ширектерде

C) ІІІ мен VІ ширектерде

D) VІ мен І ширектерде

№4. ЕКІ ОСЬТІҢ ҚИЫЛЫСУ НҮКТЕСІН НЕ ДЕП АТАЛАДЫ?

A) абцисса

B) ордината

C) координаталар бас нүктесі *

D) координата

 

№5. ( – 1; – 6) НҮКТЕСІ ҚАЙ ШИРЕКТЕ ОРНАЛАСҚАН

A) І

B) ІІ

C) ІІІ *

D) VІ

 

№6. ТІК БҰРЫШТЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ НЕШЕ ШИРЕГІ БАР

A) 3

B) 4  *

C) 5

D) 6


VIIІ. Практикалық жұмыс. «Жас сүретші».(10 мин)


IX.Өздік жұмыс. Балық, жұлдыз, шырша, кілт- атаулары бойынша оқушылар сурет салады да, тапсырады.(5 мин)
Х.Рефлексия. (5 мин)

Сабақ ұнады ма?  Қызық болды ма?   Не қызықтырды?  Не үйрендіңдер?  Нені тағы үйренгілерің келеді?  Қорытындылау. Бағалау.  (топ жетекшілері қорытынды баға қояды).

ХІ. Үйге тапсырма беру. Шығармашылық, деңгейлік жұмыс: әртүрлі суреттер салу.

 

Оқушы аты

үй там-сы

қайталау

тарихи мәлімет

тест

прак-қ жұмыс

өздік жұмыс

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы аты

үй там-сы

қайталау

тарихи мәлімет

тест

прак-қ жұмыс

өздік жұмыс

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы аты

үй там-сы

қайталау

тарихи мәлімет

тест

прак-қ жұмыс

өздік жұмыс

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы аты

үй там-сы

қайталау

тарихи мәлімет

тест

прак-қ жұмыс

өздік жұмыс

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения