Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
14.03.2014
0
1013
0

Мен көшеде келемін

Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район

Д/С №38 "ГУЛДЕР"
Воспитатель
Сейдапасова А.Т.

Мақсаты:  жолда жүру ережелері туралы түсінік беру

«Байқаңдар балалар!», «Жаяу жүретін жол» сынды жол белгілері туралы түсініктерін бекіту.

Есте сақтау қабілетін ,зейінін дамыту көшеде өз-өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

 

Жылулық шеңбері: қайырлы таң арайлы күн!

                                    Қайырлы таң жер Ана!

                                   Қайырлы таң қонаққа келген апайлар.

 

Орман мектебі:        Балалар  ормандағы аңдар  жолдан өтуді үйренгісі келеді екен бүгін бізге қонаққа аю келіпті ендеше балалар біз оларға жолдан өтуді үйретейік

Тәрбиеші: Жол белгілері бейнеленген суретті көрсетіп.

Сұраққа жауап беруді сұрайды толық жауап беруді қадағалау.

 

-Суретке қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар?(Жол белгілерін)

-Көше тәртібін не реттейді? (Бағдаршам)

-Көшеден өткенде не істейміз? (Алдымен бағдаршамға қараймыз,арнайы жолақ жолдан өтеміз.солға,оңға көз саламыз)

-Көшеден кімдермен өтеміз,(Ата-аналарымызбен)

-жлда көліктермен жаяу жүретін адамдар нені сақтау керек? (Жол ережесін)

Тәрбиеші: тақтадағы суреттерді көрсете отырып көшедегі жодар ұзын,қысқа,кең және өте әдемі болатынын түсіндіреді.

-Көліктер қайда жүреді? (жолда)

-Жолдар қандай болады? (Ұзын,қысқа,кең тар)

-көшеде тағы нелер бар?(үлкен әдемі үйлер бар ағаштар бар екен.

Қандай көліктер білесіңдер?(жеңіл,жүк машинасы)

 «Жолдың ұзындықтарын салыстыру»

Балаларға ұзындығы екі бірдей түстері қызыл,көк жолақшамен қысқа сары жолақшаны үлестіріп беру

Екі бірдей жолақшаларды бірінің үстіне бірін қойып салыстыруды ұсынады.

-Екеуінің ұзыдығы қандай? (бірдей)

-түстері қандай? (Қызыл көк)

Тәрбиеші қызыл түстіжолақшаның үстіне сары жолақшаны қойып салыстыруды ұсынады.

-қай жолақша қысқа?(сары жолақша қысқа)

Ұзын-қысқа ұғымдарын бекіту үшін балалардың бойларында салыстыра кетеді.

Ойын: «Бағдаршам» бағдаршам туралы түсінік беру

Педапгог «Қызыл» түсті көрсеткенде.балалар қимылдамай тұрады.

Ал «Сары» түсті көрсеткенде балалар қол шапалақтайды.

«Жасыл» түсті көрсеткенде балалар орнында ары бері жүреді.

 

Жұмбақтар:

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр»  дейді.

                                   (Бағдаршам)

Көздерін ашып-жұмып тұрады

Жол тәртібін реттеп тұрады.

                                      (Бағдаршам)

Қортынды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения