Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
11.03.2014
0
1242
0

Жақсы көрем. Заттың атын білдіретін сөздер

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Уланский район, п. Касыма Кайсенова

КГУ "Cредняя школа им. Райымжана Марсекова"

Учитель начальных классов

Кутубаева Л.К.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды І Мәмбетовтың «Жақсы көрем» өлеңімен таныстыру. Түсініп, дұрыс оқу дағдыларын арттыру. Заттың атын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін жаттығулар орындау арқылы тиянақтау

Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Ізеттілікке, үлкенді сыйлауға баулу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар

І. Ұйымдастыру.

1. Зейіндерін шоғырландыру

2. Сабақтың мақсатын хабарлау.

1)  -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

     +Қазір жылдың көктем мезгілі.

     -Көктем айларын еске түсірейік

     +Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

     -Көктемді басқаша қалай атауға болады?

     +Көктемді басқаша жазғытұры деп атайды.

     -Ана тілі сабағында көктем туралы кімдердің шығармаларымен

      таныстық?

    +(оқушылар атайды)

2)   -Йә,көктемнің алғашқы мерекесі-Халықаралық әйелдер күні. Бүгінгі ана       тілі сабағымызға аналарымыз қонаққа келіп отыр.Сондықтан,бүгінгі

      алған бағаларымызды сыйлық ретінде аналарымызға тарту етейік 

ІІ. Өткенді қайталау

1-слайд

Жыл мезгілдерін ретімен қой. Олардың аттарын жазып, буынға бөл.Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.                                                                             

                                                                      
Қыс, көктем, жаз, күз 

2-слайд

 

Қай сөз артық?                                                                         

Көктем, күн,  бәйшешек, жауқазын, боран, бүршік, қараторғай, ана 

 

1-тапсырма

Сөздерге сұрақ қой. Осы сөздерді қатыстырып, көктем туралы шағын әңгіме құра.

2-тапсырма

Жіңішке сөздерді тауып, буынға бөл.

3-слайд

 

 

Жер бетіндегі жақсылық,

ізгілік, қайырымдылық

атаулының бәрі де

ананың ақ сүтінен тарайды”

                           Н.Ә.Назарбаев

 

3-тапсырма:  ана  туралы оқыған өлеңдерімізді жатқа оқу

(«Апама», «Анаға сыйлаймыз», 5,6,7-слайдтар)

 

ІІІ Сергіту сәті

 

4-тапсырма

Суреттегі сөздерді ата. Оларға сұрақ қой. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші бағанға жаз (8-18-слайдтар)

 

 

                                                        Не?                                                Кім?

Суретші                                      бәйшешек

Дәрігер                                        пенал

Мұғалім                                       кітап

Тігінші                                         алма

Жүргізуші                                   аю

                                                     сәбіз

5-тапсырма

Суреттен жасырынған жануарларды ата. Оларға сұрақ қой. Тасымалдауға болмайтын сөздерді анықта.

                                                                                                 19-слайд

ІV жаңа сабақ

1. кіріспе әңгіме

20-слайд

 

Ізтай Мәмбетов

Көрнекті ақын, аудармашы, журналист

1929 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

 

2. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы

3. Сөздік жұмысы.

Ылғи –әрқашан, үнемі

4. оқушылардың оқуы

*тізбектей, іштей оқу

5. Өлеңді талдау

* Ізтай Мәмбетов кім туралы жазған?

*Қандай апам дейді? Неге?

*Апасы немересіне не айтып береді?

*Бала апасымен ылғи қайда барады екен?

V. Жаңа сабақты бекіту

21,22,23 –слайдтар

Біз әжеміз туралы шығарма жазғанбыз.Қазір кейбір оқушылардың шығармаларынан үзінді тыңдайық

1) Оқушылардың шығармаларынан үзінді оқу

 

2) Балалар, бақыттылар, аналар сөздеріне сұрақ қою. (ауызша)

3) Презентация « Асыл әжем»

4)  Апаларына қолдан жасаған сыйлықтарын ұсыну

5) Сынып қыздарын құттықтау. Презентация «Шоқ қыздар»

VІ Үйге тапсырма 108-бет, жаттау 96,97- жаттығу

VІІ Қорытынды Оқушылардың білімдерін бағалау

«Құттықтаймын,мама, туған күніңмен» әні

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения