Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
10.03.2014
0
1094
0

«СТРАТЕГИЯ-2050» ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ

Казахстан, г. Алматы

КГУ Общеобразовательная школа №32

Учителя казахского языка и литературы

   Тлеукабылова Ж. Т.

   Умарова Б. М.

Елбасының биылғы Жолдауының әр тарауы қоғамдағы өзекті мәселелердің шешіміне бағытталған. Әсіресе, Президенттің білім және ғылым саласы жөнінде көтерген мәселесі қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимистік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.
Елбасы бұл Жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндет етіп жүктеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», деп көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев білім мен ғылымды жетілдіруде барлық мүмкіншіліктерді қарастырып, нақты шаралар мен бағдарламаларды жетілдіруді талап етіп отыр.
      Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі — стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз делінген Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», — деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол — өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.

        Ал мазмұнына тоқтайтын болсақ, Жолдау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1997 жылы «Қазақстан 2030» бағдарламасы қабылдағаннан бастапосы 15 жылдың ішінде бағдарламаның іске асырылуына қорытынды жасап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды: Біздің басты жетістігіміз — тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы, елімізде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің орнығуы, нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлеуметтік қоғамның негіздерін қаладық. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын теуіп, әлемдік қауымдастық таныған елге айналғанымызды баяндап, ... «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп Н.Ә. Назарбаев ойын түйді.

       Жолдаудың «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» депаталатын ІІ бөлімінде қазіргі жаһандану үрдісінен туындаған проблемалар сипатталған. Осыған орай келешекке бағыт алып, әрі қарай дамуымызды жоспралағанда осы проблемалар міндеттітүрде ескерілуі тиіс. Ойын қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бізшешуге тиісті міндеттер сапалық тұрғыдан өзгергенін, уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасына түзетулерді енгізілуі қажет екенін айтып өтті.«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасын данегізделген. Жаңа бағдарлама Жолдаудың үшінші бөлімінде орын алды.

           Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасызету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. Елбасы ұсынғанелімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт, білім саласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзінжақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.

          Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі — ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас — шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», — деп Президент ел бірлігінің басты белгісі — қазақ тілі екенін баса атап өтті.

           Елбасы сөз соңында: «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойғасіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», — деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.

Елбасының еліміздің алдында қойған ұлы міндеттер орындалары сөзсіз, біз Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз.

           Бізді айрықша қуантқаны — мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени дамуының жолдарын белгілей отырып, Жолдауда ұлттың рухани жаңғыруына баса көңіл бөлінгені. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Біз болашаққа көзтігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақ халқының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта біздің мемлекет жаңа қазақстандық патриотизмге негізделгенқазақ тілді мемлекет болатынын айтып өтті.

          Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі мақсат — Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін.

Сонымен қатар Елбасының баса назар салып айтып кеткені, әрине, халыққа көрестілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін, әлемнің жаңа соңғы технологияларын қолдануда. Өскелең жастарға берілетін білім әлемдік стандарттарға сай озық оқыту технологиясымен жабдықталған оқу орындары атап айтсақ, әр облыстағы бой көтеріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті. «Қазақстан 2050» стратегиясында 2012 жылдан бастап Елбасымыз жоғарғы оқу орындарында халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болатын инжинерлік және техникалық мамандықтарды даярлау көзделіп, жоғарғы оқу орындары жалғыз білім беру саласымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар қолданбалы және ғылыми зерттеу салаларын құрып, оны одан әрі дамыту көзделген. Осындай оқу орындарын аяқтап, үлкен мамандық иесі болған өскелең ұрпақтың еліміздің елеулі ер азаматтары болатынына кәміл сенімдімін. Тағы бір жолдаудағы айтып кететін тарау емқазақ жазуын 2025 жылға дейін толығымен латын әріптеріне көшіруге дайындықтың басталғандығын айтып кетті. Терминологиялық, көне грек тілінен енген сөздердің аудармасын жасамай, мазмұнының сол қалпында қалып қолданылатыны қуантарлық жағдай. Елбасы қазақ тілінің мәртебесі қазақ қазақпен қазақша сөйлескенде ғана көтерілетінін атап кетті.

           Бейбіт өмірі жарасымды діні мен салт дәстүрлері әртүрлі көп ұлтты мемлекетіміздің бір шаңырақ аясында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы. Бұл үлкен көрме жобасының өтілуі мемлекет экономикасының бір үлкен серпіліс жасауына себеп болады. Бұл ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі жоба болып табылады.

         Ынтымақ, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Мемелекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы оңтайлы саясат пен бірліктің арқасы. Ендеше еліміздің Тәуелсіздік тұғыры берік болып, Еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения