Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
08.03.2014
0
1623
0

Қазақ әдеби тілінің даму тарихы

Казахстан, Акмолинская область, г. Степногорск

Горнотехнический колледж

Преподаватель истории

Каримхан Б.

Жалпы әдебиет пен тіл білімі бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Өйткені тіл білімі өзінің зерттеу материалдарын жазба деректерден, фольклордан, әдебиеттен алады. Қазақ әдебиетінің ең негізгі кезеңі ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдебиет Алтын Орданың ыдырап, Қазақ хандығының өмір сүрген дәуірін қамтиды. Қазақ хандағының өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан ерекшелігі-оның анағұрлым кең және берік этникалық негізі болса да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың барлығы дерлік қосылды. Сөйтіп қазақ халқы тілі территориясы жағынан тұтастанып қалыптасты. Сондықтан ғалымдар қазақтың таза өз тіліндегі төл әдебиетті ХҮ ғасырдан басталады деп есептейді. Қазақ әдебиетінің түп төркіні болып есептелетін түркі тілдес халықтарға ортақ шығармалар негізінен құлпытастардағы жазулар мен көне қолжазбалар, кітаптар арқылы жеткен болса ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өлең-жырлар осы заманға ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап жетті. Тіпті Қазтуған мен Шалкиіздің, Доспамбет пен Жиембеттің кейбір өлеңдері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жарияланғанын еске алсақ, олар соған дейінгі 200-300 жылдай уақыт бойы өмір сүріп келді. Әрине, ауызша шығарылып, ауызша таралып келген шығармалардың барлығы бірдей сыннан өте бермейді. Көбі естен шығып ұмыт болады. Ғасырдан-ғасырға өткендердің өзі де түпнұсқасын қаз-қалпында сақтап қала алмайды. Жаттап айтушы, орындаушы, әр уақыттың өкілі өзінше саралайды. Естігенін ұмытып, жаңсақ айтатындар да, өңдеп жетілдіре түсетіндер де табылады. Кейбір шығармалардың авторлары да ұмытылады. Соның нәтижесінде ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэззиясының жұрнағы ғана жетті. Р. Сыздықованың “Қазақ әдеби тілінің тарихы” деп аталатын еңбегінде жалпы қазақ қауымына еңбек ететін әдеби тіл туралы ойлары мынадай: “Әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өзінің қызмет ету барысында көптеген күрделі жолдардан өтеді. Міне, сондықтан әдеби тілдің даму кезеңдерін даму тұрғыдан алып қарастыру керек болады.

Ұзақ жылдар бойына ол жайлап өзгереді, біртіндеп қалыптасады, сыртқы сандық өзгерістерден ішкі, сапалық өзгерістерге ұшырайды, осындай ішкі (тілдік, құрылымдық) өзгерістерге байланысты да әдеби тілдің өзгеру, жетілу (әдеттегі терминмен айтқанда даму) дәуірлерін бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Біз қазақ әдеби тілінің даму тарихын ең алдымен басты екі дәуірге бөлеміз.

1)    қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдебиеті

2)    қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңдегі әдеби тілі

Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезеңі қазақ хандықтарының құрылуымен қалыптасу тұсы, бұл ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, мұны қазақ хандықтарының кезіндегі әдеби тіл деп атап жүр.

2-кезеңді ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі тұсқа шамалауға болады. Бұл тұста қазақ даласында хандық жойылды.” (Р. Сыздықова. “Қазақ әдеби тілінің тарихы”. Алматы. “Ана тілі” 1993 жыл)

1-дәуір қазақтардың дербес халық болып құрылып, өз алдына хандық құрған тұсы ХҮ ғасырдан басталып ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі әдеби, әсіресе ауызша дамыған әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылу процесіне үлес қосқан үлкен әлеуметтік күш болды.

М. Әуезов былай деп жазған еді: “Тақырыбы мен жанрлар жағынан сан алуан қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮ-ХҮІІ ғасырларда кеңінен дамыды. Өлең-жырлар, тапқыр шешендік сөздер халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті орын алды. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер... сөз өнерін халықтың аса қадірлегенін көрсетеді. (Сыздықова. Р “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы, “Ана тілі” 1993 жыл)

Дау туғызатын мәселелердің бірі не себептен қазақтың төл әдеби тілін ХҮ ғасырдан бастаймыз деген сауал. Оған Қ. Өмірәлиевтің пікірін ұсынар болсақ: “Дербес қазақ хандығы құрылған ХҮ-ХҮІ ғасырларда нағыз тума қазақ әдебиеті ауызша поэззия түрінде қалыптасады. Соған орай оның төл әдеби тілі де поэззия тілі түрінде жасалады.”   (Өмірәлиев. Қ “Тереңге тартқан тамырлар” Қазақ әдебиеті, 1981 жыл)

Ғасырлар арабынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осы бағалы мұраны ел аузынан жазып алып, ол туралы жүйелі пікір айту талабы өткен ғасырдың орта шенінде ұлы ағартушы-ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ жырауларының баспа жүзін көрген алғашқы шығармалары Шалкиіздің “Би Темірге айтқаны” деген толғауы еді. (Сейдіханов. К. “Ұлы арман” Алматы, “Рауан” 1990 жыл)

Халық мұрасын жинау, жариялау, зерттеу ісіне Қазан революциясынан кейін ғана кең жол ашылғаны мәлім. 1920-1930 жылдары әдеби журналдарда, оқулықтар мен хрестоматияларда бұрынғы ақын-жыраулар поэззиясының нұсқалары жарық көре бастады. Олар туралы ғылыми пікірлер де жарық көре бастады. Бұған көрнекті қаламгерлер С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов елеулі үлес қосты. 1940 жылдардан бері қарай ақын-жыраулар творчествосын зерттеу бұрынғыдан да жандана түсті. Бұл салада Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Е. Смайылова, К. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дербісәлин еңбектерін атауға болады. (Сейдіханов. К. “Ұлы арман” Алматы, “Рауан” 1990 жыл)

ХҮ ғасырдан бергі ақын-жыраулардың шығармаларын топтап жариялау қолға алынды. Осы мақсатпен “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (1962 ж), “Үш ғасыр жарлайды” (1965 ж), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967ж), “Алдаспан” (1971ж), “Ақберен” (1972ж), “ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэззиясы” (1982ж) және “Бес ғасыр жырлайды” (1984ж) жинақтары жарық көрді. Сонымен қазақтың түркі халықтарына ортақ көне әдебиетін айтпағанда, ХҮ ғасырдан басталатын төл әдебиетінің нұсқалары бұл күнде жұртшылыққа кеңінен таныс деуге болады. Ғалым С. Исаевтың қазақ төл әдебиетінің түп-төркініне байланысты “Қазақ әдеби тілінің тарихы” (1989ж) еңбегі негізінен қазақтың әдеби жанрының түп-төркіні, қалыптасуы, олардың стильдік ерекшеліктері, тілдік аясының қолданылуы және де тағы басқа мәселелер жайында.

“ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қазақ әдеби тілін танытатын үлгілерге, бір жағынан ақын-жыраулар туындылары, екінші жағынан, билер мен шешендердің сөздері, үшінші жағынан, ауыз әдебиетінің лира-эпостық, батырлар жырлары сияқты түрлерінен басқа үлкен екі топтағы дүниелер жатады. Олардың бірі-алғашқы қазақ хандарының жарлықтары

Екіншісі-тарихи шежіре сипатындағы тарихи туындылар.

Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың “Қазақ әдебиетінің тарихы” деп аталатын еңбегінде халқымыздың әдебиетін жан-жақты зерттеп, оларды тілдік тұрғыда топтап қарастырған. Бұл шығарма бүгінгі заманымызда қолжетпес еңбектердің бірі болып табылады. Онда: “Шығыстың классикалық дәстүрінен нәр алған қазақ халқының төл әдеби мұрасы ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптаса бастаған еді. Мұны біз хандық дәуір әдебиеті дейміз. Бұл кезеңдегі әдебиет мәселелерін бір кездері Б. Кенжебаев, М. Мағауиндер тәп-тәуір зерттеді. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967ж), “Бес ғасыр жырлайды” (1984, 1989 жж) деген жинақтарда осы хандық кезеңде өмір сахнасына шыққан жыраулар поэззиясының көркем де мазмұнды үлгілері жарияланды. Бірақ бұл әдебиеттер бірде қазақ әдебиетінің жыл құсы ретінде атанса, бірде жыраулар поэззиясы делініп келді. (Қоңыратбаев. Ә. “Қазақ әдебиетінің тарихы” Алматы, “Санат” 1994ж)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения