Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
07.03.2014
0
1470
2

Мектеп кітапханасы

Казахстан, Павлодарская область, г. Павлодар
ГУ "Средняя общеобразовательная школа №13"

Учитель казахского языка и литературы
Абильманова С.С.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

         Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сһөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой- өрістерін кеңейту.

         Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды кітап оқуға, кітапханашы еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

         Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ- жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, өзін- өзі тексеру, бірін- бірі тексеру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды»- деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетейік.

- Сыныпта кім кезекші?

- Кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталатып, сөзжұмбақты шешу.

1флипчарт /интерактивті тақтада нөмірлерімен берілген суреттерді оқушылар аударып толтырады/ .


1. Дверь

2. Дневник

3. Книга

4. Ручка

5. Парта

6. Письмо

7. Доска

8. Журнал

9. Учитель

- Ортасында қандай сөз шықты?

- Кітапхана

- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбымыз «Мектеп кітапханасы» және зат есімнің көптік жалғауларын қайталау. Зат есім көптік жалғаулары қалай жалғасатындарынеске түсіру. 2флипчарт.

II. Сабақтың барысы:

1 кезең. Мәтінмен жұмыс. Алдымен мәтінді өзім мәнерлеп оқып шығамын.

Мектеп кітапханасы

         Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.

2 кезең. Сөздікпен жұмыс. Оқушылар алдарында жатқан мәтіндегі танымайтын сөздерін ақ параққа теріп жазады да тақтаға іліп қояды. Содан соң жаңа сөздер слайды ашылады да балалар танысады. 3 флипчарт.

1. Мұғалім оқып береді.

2. Оқушылар қайталайды.

- Осы жұмыс арқылы нені білдік? Неге үйрендік?

3 кезең. Мәтін арқылы көптік жалғауларын еске түсіру. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді дәптерлеріне теріп жазып, талдау.

-         Осы жұмысты не үшін, не мақсатпен орындадық?

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Сергіту мәтіндегі сан есімдерді атаңдар.

4 кезең. Сәйкестендіру. Интербелсенді тақтадағы зат есімдердің сәйкес жалғауын тап.

Мектеп        -лар

Көше            -дар

Кітапхана    -лер

Терезе          -лар

Оқушы         -тер

Шығарма     -лер

Журнал        -лар

Ертегі           -дар

Ақын            -лер

Жазушы       -тар

Кітап            -лар

-Осы жұмыс арқылы нені үйрендік?

5 кезең. Екі топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді.

6 кезең. Рефлексия.

Интербелсенді тақтадағы кітапхана суреті бойынша сабақты қорытындылау.

-         Бұл ненің суреті?

-         Бұл кім?

-         Сен кітапханаға барасың ба?

-         Онда не үшін барасың?

-         Кітаптар бізге не үші керек?

-         Кітаптарды қалай қолдану керек?

-         Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?

-         Зат есімнің көптік жалғауларын атаңдар.

7 кезең. Үй жұмысы. «Кітапхана маңызы» жайлы мәлімет жазып келу.

8 кезең. Бағалау. Оқушылар өздерінің бағалау парағы арқылы бағаланады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения