Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
05.03.2014
0
832
0

Ана-биік тұлға

Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, с. Сайрам

Школа-гимназия №1 им. Ю. Сареми

Учитель начальных классов

Исраилова Шарипа

 

Сабақтың мақсаты:

- Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер арқылы аналар мен ұстаздарды мерекемен  құттықтау

- Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған баланың сүйіспеншілікпен жауан бере білуге баулу

- Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру

Көрнектіліктер:

Гүлдер, плакатқа жазылған мақал – мәтелдер, интерактив тақта

Мұғалімдер кіріс сөзі:

           Наурыз күні – Ана күні, әлем  күні

            Әлемді тебірендірер Ана күні

           Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

           Ұғып ал6 бөбектерім сендер мұны.

   Қайырлы күн аяулы аналар, құрметті ұстаздар , оқушылар. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - Ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік , мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.

   Бүгін бізде аналарымызды мейраммен құттықтау үшін « Ана – биік тұлға »

  Тақырыбындағы тәрбие сағатымызды өткіземіз.

    Қымбатты аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерге 4-«В»сынып оқушылары дайындаған мерекелі сынып сағатын ашуға рұқсат етіңіздер!

1-оқушы

Ана, ана  , ана!

  Ана деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп – төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағаты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

   Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ. Алғашқы сөзімізді аналардың анасы  әжелерге , аналарға және аналардың көмекшілері әпкелеріміз бен жеңгелерімізге арнаймыз. Қабыл қылыңыздар!

2-оқушы:

Ана! Ананың тілі ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпей жатқан бір теңіз емес пе? Па! Шіркін, ананың айналып толғағаны кімнің есінен кетеді?

   Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің досың, ұстазың бар, ол - Ана. Қара жерді баспай жатып , есіңді білмей жатып, тырмысып баурыңа жабысатының, шырылдап тынбай жылап іздейтін бір - ақ жанды білесің. Сені ақ жуып, ақ тараған. Ол ана емес пе?

    Ұмытпаңдар аналардың әлдиін

    Сол әлдиден басталады ән күйін

    Суытпаңдар елжіреген жан күйін

    Ардақтаңдар , ардаңдар ананы

3-оқушы

    Ардақта ана , аяулы ана , қымбаттым

    Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың

    Өміріме нәрін берді ақ сүтің

     Кең құшағың аясындай гүл бақтың

4-оқушы

  Мен өзіңмен қайда барсам біргемін

  Махаббатың жүрегімде жүр менің

  Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

  Қандай жақсы ортамызда ортамызда жүргенің!

 5-оқушы

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз 

Әлпештеген баласын

Ана - қымбат, Ана – күн

Әркім сүйіп өзінің 

Мақтан етер анасын.

6-оқушы

Ерлік, еңбек атқарған, еңбегіммен мақтаған

Ел сенімін ақтаған айналайын ақ анам!

Бізді өсіріп баптаған, жақсы болсақ шаттанған

« Алтыным » деп мақтаған айналайын, ақ анам!

7-оқушы

Анам менің мұғалім, бізге сабақ береді

Балалардың бәрі де оны жақсы көреді!

Ауылымызда анамды үлкен кіші сыйлайды

Анам айтса әңгіме « Бәрекелді шырағым ,-

Дейді атам соңынан- сендей болсын оқыған»

 8-оқушы

Мен үшін не керек , бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым , жұмысыңа барасың

Қайтып мені көргенде шын сағынып қаласың!

Ән. Би (Қыздар)

Аналармен ойын(өз балаларын табу)

Шарттары:

Әрбір үстелден бір ана шығады. Аналарға сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызды жақсы білесіз бе? Айтайлық сіздің көзіңізді байлап қойғаннан соң 10 оқушының арасынан өз балаңызды таба аласыз ба?

2. Ал сіз қалай таба алар едіңіз?

  Ондай болса ойынымызды бастаймыз. 4 ананың көзі байланып қойылады, олар өз баласынтанып алу керек. Жеңімпазға сыйлық беріледі.

9-оқушы

  Бүгін наурыздың сегізі, сұлулықтың негізі

  Әдемі сөз адамның анаға айтар лебізі

  Кір түсірмей жағама шашымды да тарайсың

 Мектебіме барарда мейірлене қарайсың

 Өзіңсің өмірдегі бар ардағым

 Жыр жаздым , тұңғыш саған ән арнадым

Анашым айтарым көп тіл жетпейді

Бір сендей  асыл жанды таба алмадым

  10-оқушы

Халқымызға билік айтар даналар

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегіңнің бір бөлшегі – бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?

Балаға ең жақыны сіз ғой ана

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе – Отан деген

 11-оқушы

Еркелесем , күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым , күнім », - дейтін

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып

Ақ анамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып

Би (Қыздар тобы)

  Мұғалім сөзі:

  Әрбір ана – өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге ананың ерлігі мен еңбегі мақтаныш. Ана бауыр еті- баласы үшін отқа да күйеді суға да түседі, өмірдің сауығына түсіп, ыстығына төзеді. « Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер » дегендей, « Әр кімнің өз баласы өзіне , ай көрінер көзіне» деп айта аламыз.

Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың  жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса аналарымызға да бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

12-оқушы

Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

13-оқушы

Менің әжем, нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем

14-оқушы

Менің әжем жыр әжем

Көп жасаған кәрі әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем

15-оқушы

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық , алтын бақ

Ана деген – асыл жандар болаттай

Ана деген – мөлдір жандал бұлақтай

О , адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

16-оқушы

Әжем бізге мазмұнды

Әңгіме айтып баяғы

Әпкең бізге аз күндік

Қонақ қой – деп қояды

17-оқушы

Бәрін біліп жағдайдың

Күні бұрын қамдайтын

Қандай қиын болса да

Жөнін тауып бітірер!

18-оқушы

Ана есімін  әрқашан

Біздер биік ұстаймыз

Ата менен ененің

Кесіп алдын өтпеген

19-оқушы

Аталық сөз айтылса

Жөннен шығып кетпеген

Жеңгелерім білсең ер

Неде болса тең көрер

Қайран ғана жеңгелер!

20-оқушы

Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ана мейірімін

Орнап еді бар әлемге тыныштық

Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген іршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

21-оқушы

Анам менің анашым

Маған өзің панасың

Еркелейтін сөзіңнен

Айналайын анашым

Осы өмірге жеткезген

Айналайын анамнан

Ақ сүт беріп өсірген

Айнлайын данамнан

Ән.Аналармен ойын ( Шар ойыны)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения