Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
02.03.2014
0
1291
2

Ұлылар үндестігі





Казахстан, г. Караганда

СОШ №60

Учитель казахского языка и литературы

Алтайбаева Т.К.

Ұлылар үндестігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұлттар арасындағы өзара түсіністік, достық қарым-қатынастың, рухани байлықтың үндестігін көрсету, ұлы ақындар шығармаларын үйрету арқылы көркем сөздің ұлылығын ажыратуға үйрету, салалас құрмалас сөйлем түрлерін қазақ және неміс тілдерінде бекіту;
  2. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеуге баулу, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамыту
  3. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани байлықтың қадірін білуге баулу, қазақ және неміс тілдерін меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру

Көрнекіліктер: кестелер, компьютерлер, карточкалар, портреттер

Пән аралық байланыс:  қазақ тілі және әдебиеті, неміс тілі, информатика

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, слайттармен жұмыс жасау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (музыка ойнап тұрады)

 Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті. Ғылым дариясынан еркін сусындаған Абай Құнанбайұлы 8 мыңдай өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Ол ұлы адамдармен үндескен. Олар: М.Ю.Лермонтов, И.В.Гете

  1. Жамбыл Жабаев «Абайдың суретіне»

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең – сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

 Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,

Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа.

Арғын, Найман сөзіне таңырқаған –

Қандай арман бар дейсің бұл туыста!

 Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар.

Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,

Есіл сабаз ызамен өткен шығар!...

  1. Гетенің суретіне (неміс тілінде)

Сыныпты екі ақынның өкілдері ретінде бөлу.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Абай Құнанбайұлы, Михаил Юрьевич Лермонтов және Иоганн Вольфганг Гете өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ, орыс және неміс тілдерінде әңгімелеп беру.

ІІІ. Жазба жұмысы: Компьютердегі слайдтармен жұмыс жасап, алдарындағы тапсырмаларды орындау (қазақ және неміс тілдерінде)

Тест «Абай»   

І – нұсқа

1. Абай кім?

А)  ғалым              Ә) ақын                    Б) суретші

2. Абай қай жылы туған?

А)  1904             Ә) 1945                    Б) 1845

3. Абайдың әкесі кім болған?

А)  аға сұлтан             Ә) аудармашы                   Б) мұғалім

4. Абай алғашқы білімін кімнен алған?

А)  мектептен              Ә) дүкеннен                  Б) ауыл модасынан

5. Абай неше жасынан өлең жаза бастаған?

А)  12              Ә) 10                   Б) 46

6. Оның қаншаға жуық әндері бар

А)  10              Ә) 45                   Б) 50

7. «Қара сөздерді» кім жазған?

А)  Лермонтов              Ә) Абай                   Б) Гете

8. Абай қай жылы қайтыс болған?

А)  1904           Ә) 2007                   Б) 1845

 

Тест «Абай»   

ІІ – нұсқа

1. Абай кім?

А)  ағартушы              Ә) малшы                    Б) суретші

2. Абай қай жылы туған?

А)  1904             Ә) 1845                    Б) 1045

3. Абайдың әкесі кім болған?

А)  аға             Ә) оқушы                  Б) ірі бай

4. Абай алғашқы білімін кімнен алған?

А)  ауыл молдасынан              Ә) дүкеннен                  Б) институттан

5. Абай неше жасынан өлең жаза бастаған?

А)  10              Ә) 11                  Б) 12

6. Оның қаншаға жуық әндері бар

А)  40              Ә) 50                  Б) 55

7. «Қара сөздерді» кім жазған?

А)  Абай                Ә) Гете                Б) Лермонтов

8. Абай қай жылы қайтыс болған?

А)  1804           Ә) 1904                   Б) 1845

 Тапсырмалар:

Берілген екі жай сөйлемнен бір күрделі салалас құрмалас сөйлем құрап, оның түрін анықта, ол салалас құрмалас сөйлем туралы айтып бер, оны сөйлем мүшелеріне талда

Абай ақын өлеңдер жазған. Қара сөздер жазған.

Берілген екі жай сөйлемнен бір күрделі салалас құрмалас сөйлем құрап, оның түрін анықта, ол салалас құрмалас сөйлем туралы айтып бер, оны сөйлем мүшелеріне талда

Абай білім алғысы келді. Әкесі оны қайтарып алды.

Берілген екі жай сөйлемнен бір күрделі салалас құрмалас сөйлем құрап, оның түрін анықта, ол салалас құрмалас сөйлем туралы айтып бер, оны сөйлем мүшелеріне талда

Абай қазақтың ұлы ақыны болған. Біз оның өлеңдерін білуіміз керек.

 ІV. «Сен білесің бе?» - ойыны (қазақ тілінде сұрақтар қойылады)

  1.  Абай Құнанбайұлы кім?
  2. Ол қашан және қай жерде туды?
  3. Абай Құнанбайұлы қай жылы қайтыс болған?
  4.  И.В.Гете қай жылы қайтыс болған? (Когда умер И.В. Гете?)
  5. И.В. Гете кім? (Кем является И.В.Гете?)
  6. Ол қашан және қайда туды? (Когда и где родился?)
  7. Абай Құнанбайұлы қайда білім алған?
  8. И.В.Гете қайда оқып, білім алған? (Где учился И.В.Гете?)
  9. Абай Құнанбайұлының шығармалары туралы не білесіңдер?
  10. И.В.Гете қандай шығармалар жазған? (Какие произведения написал И.В. Гете?)

Ұлы екі ақын үшін табиғатты бейнелеу, әсемдігін көрсету, оны жан-тәнімен түсінуде үндестікті байқауға болады.

Үш ақынды біріктірген, үндестірген өлең туралы айтайық (орысша, қазақша)

V. Компьютердегі слайдпен жұмыс жасап, үш тілде өлең жолдарын оқу, салыстыру

Ueber  allen Gipfeln

Ist Ruh;

In allen Wipfeln

Spuerest du

Kaum einen Hauch;

Die Voegelein schweigen im Walde;

Ruhest du auch.

 Горные вершины

Спят во тьме ночной;

Тихие долины

Полны свежей мглой;

Не пылит дорога,

Не дрожат листы...

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

 Қараңғы түнде тау қалғып

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

VІ. Үйге тапсырма: неміс және қазақ тілдерінде өлең жолдарын жаттау

VІІ.  Қорыту: 

Рассказанное нами - одна лишь деталь из обшuрной истории культурных связей народов, маленький, но примечательный факт, нашедший добрый отзвук в сердцах людей. Факт, характеризующий созвучие духа. Единство разноязычия.

... Плывет над ночным аулом дивный напев Абая. Словно откуда­ то с вышины спокойно и ровно льется голос певца.

Подожди немного, Отдохнешь и ты ...

Счастливой оказалась судьба у гетевского странника. Его ноч­ную песню услышали и подхватили великие поэты Лермонтов и Абай, бережно, с любовью донесли каждый до своего народа. И теперь, через века и расстояния, плывет она над степью, над доли­нами и увалами гор, славя мир и тишину, обещая всем странникам на земле желанный покой.

 Поразительно мягким лириз­мом, просветленностью и душев­ной чистотой выделяется корот­кое стихотворение Абая «Желсіз түнде жарық ай». Это вершина пейзажной лирики в казахской национальной лите­ратуре. Насыщенная сугубо на­циональными красками, эта миниатюра своей гуманностью, внутренним согласием, проник­новенностыо достигает всечело­веческого звучания. Это гимн природе и любви, свободе чувств и интимному человеческому счастью. Как в стихотворениях Гете, здесь человек и природа стремятся к подлинной гармо­нии и обретают ее, сливаются с ней.

Давайте послушаем эту песню.

Ән “Желсіз түнде жарық ай” (оқушының орындауында).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения