Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
27.02.2014
0
1722
0

Жұп дауыстылар. Көкемнің ақылы. 50-51 жаттығу.

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Курчумский район, с. Курчум

Курчумская  средняя школа №4 им. Н.Островского

Учитель начальной школы

Кульбаева Замира Каиргаликызы

Жұп дауыстылар. Көкемнің ақылы.  50-51 жаттығу.

Сабақтың мақсаты: 1. Өзара ұқсас жұп дауыстылармен жайлы білімдерін бекіту. Жаттығуларпысықтау. «Көкемнің ақылы»  өлеңін  оқып, оның негізгі идеясын ашу.

 2. Өлеңді   дұрыс,түсініп оқуға машықтандыру. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың іскерлік, танымдық қабілеттерін арттыру, көркем жазуға баулу.

3. Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:Проблемалық,ізденіс,өзіндік жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Сабақтың мазмұнына сәйкес келетін суреттер,сызбалар, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сабаққа назарын аудару.Құрал-жабдығын ретке келтіру. Ән: Жас тірек.   

1 мин.

-Психологиялық дайындық.Орындарынан тұрып қайталайды:

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабақты бастаймыз.

Көркем жазу. Ққ Ққ      Қымбат, қарындаш, қуыршақ. 1мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту, талқыға салу.

«Ой ашар» бөлімі. Тақтаға  шие, таға  ,ата, ұста - суреттерін іліп, Осы суреттер бойынша не айтуға болатынын сұрау. Балалардың жауаптарын толық алу. 10 мин.

-Қызықты тапсырма.  Әріптерді қой да, оқы.

 

       -н,        -і,             -е,        -ш,              -к,         -р,          –с,         -т.              

 

Еріншек екі істер. Мақал  мағынасын ашу. Дәптерге жазу. 3 мин

-Мақалды талдау. Дауысты дыбыстарын тауып, олардың жуан жіңішке екендігін талдау.

-сөздердің қалай естіліп тұрғандарын талдау.

                                      Дауысты дыбыстар

 

                                     Жуан                    жіңішке

Жаңа сабақ. 50-жаттығу.  Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. 4мин.

Тақтада орындап, талдау жұмысын жүргізу.

Дәрігер ауруға дәрі  берді. Әскер күзетте тұр. Әбішұлы Әріп – тәртіпті, ұқыпты оқушы.

Әріп дәптерлерін таза ұстайды.  Әсем сәнді киініп жүреді. 

 

Карточкамен жұмыс.  4мин

Оқушының аты:

Сөздер

Жуан

 дауыстылар

Жіңішке

дауыстылар

1

дәптер

 

Ә, е

2

қалам

А, а

 

 

ІІІ.Сергіту сәті.   1мин

Достығы жарасқан,                          Бәріміз бір болсақ,   

Сыйлы біз баламыз.                        Бәрін де жеңеміз

Келісіп бәрімен                               Күндей боп күлімдеп

Татулық табамыз                             Таудай боп өсеміз.

 

   51-жаттығу. 3мин.Сөздерді салыстырып оқу.  Ондағы жуан –жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атау.    От-өт, ор-өр, тол-төл, қол-көл.

-Жұп дауыстыларды қайталау.

 

Мәтінмен жұмыс.  10 мин. «Көкемнің ақылы  » өлеңін  оқу, мағынасын ашу.

--Көке деген кім? Сұрағына жауап алу.

-Бұл өлеңнің авторы Қ. Мырза Әли «көке» деп кімді айтып отыр?

-Көкесі не істе дейді?

Кітаппен жұмыс.  Оқушылар мәтінді тізбектей оқи отырып, мағынасын ашу. Өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Өлеңнің тақырыбы неліктен «Көкемнің ақылы» деп аталған?

Өлеңнен әке тілегін теріп оқып, мағынасын түсіндіру.

Көкенің ақылын топтастыру

Көкенің ақылы

 

күйші бол                                                                                            биші бол

 қызыл жалын бол

 

                                ғалым бол               ақылды бол               дана бол

 

Ү.Қорытынды :2мин.          62-беттегі өлеңді оқу, мағынасын ашу.

Топпен жұмыс: 2мин «Адасқан әріптер»  бөлімі : (әріптерді орнына қойып ,  сөз , сөзден сөйлем шығару. )

I топ -Ү, к, л,е г, н, е – үлкенге

II топ - Қ, р, ұ, е, м, т – құрмет –

III топ - Б, а, л, а, ғ, а,  - балаға

М, н і, е, д, т, - міндет

Рефлексия :30сек. -Не білдік?-Не үйрендік?

ҮІ.Үйге тапсырма:30сек.  «Көкемнің ақылы » оқу, әңгімелеу. 62-бет, өлеңді жаттау. Менің көкем. 4 сөзден тұратын әңгіме жазу.
ҮІІ.Бағалау. (смайликтер арқылы). 30 сек 
kokemnin-akyly.docx [65,09 Kb] (cкачиваний: 8)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения