Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
27.02.2014
0
1109
0

5 санының құрамын қайталау

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Курчумский район, с. Курчум

Курчумская  средняя школа №4 им. Н.Островского

Учитель начальной школы

Кульбаева Замира Каиргаликызы

5 санының құрамын қайталау

Мақсаты:

  1. Білімділік: 5-ті қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын тексеру, 1-5 ке дейінгі сандарды тура және кері санатып айтқызу, санға қосынды қосу, саннан санды азайту туралы оқушылардың білімін тексеру.
  2. Дамытушылық: Шапшаң есептеуге баулып, алған білімдерін ары қарай дамыту.
  3. Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, жылдам ойша есептеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, баяндау, ойын, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар, үлестірме қағаздар, алмалар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру:-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Кәне барлығымыз орнымыздан тұрып сәлемдесейік. Тақтада жарқыраған күннін суреті тұрады.

 -Амансың, алтын күн!

Амансың, жарқын күн!

Армысыздар, ұстаздар!

Амансың, достар!

Сендерді көрсем қуанам.

-Көңіл күйлерің қалай? Ендеше, мына күнге қарайықшы. Ол бізге күлімдеп қарап тұр. Бізге сабаққа жақсы қатысындар, көңіл-күйлерің жақсы болсын деп айтып тұр.

-Ендеше сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.

-Өткен сабақта не үйрендік?

-5 санының құрамын оқыдық.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, «5 санының құрамын қайталау»

-Олай болса, бүгінгі сабақта біз 5 санының құрамын қайталаймыз.

-Балалар, мұнда қарайық. Бүгінгі сабаққа қонаққа ертегілердің ішінен қай кейіпкер келіп қалыпты?

-Бауырсақ.

-Сендер, «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме? Екке түсірейік.

 

Бүгін біз «Бауырсақ» туралы басқаша ертегі құрастырайық.

-Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болыпты. Олар бауырсақты пісіріп, қайда қойып қояды? Ия, ол терезеден секіріп түсіп, мектепке қарай қашып кетіпті. Қашып келе жатса, алдынан не шығады? (қоян шығады)

-Қоян не деп сұрайды?

-Бауырсақ, бауырсақ қайда барасың?

-Мектепке 1 «б» сыныбына оқуға барамын.

-Мен де сенімен мектепке барайыншы, -дейді.

-Ендеше, мен саған тапсырма беремін. Соны орындай алар ма екенсің, деп тапсырма береді. Ал қоян болса, орындай алмады. Қоянға көмектесеміз бе, балалар?

1. 1-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

2. Өрнектердің мәндерін табу.

Қоян сендерге рахметін айтып, бауырсақ оны мектепке бірге ертуге келісті.

-Бауырсақ қоян екеуі мектепке бара жатқанда алдынан не шығады? (қасқыр)

-Қасқыр не деп сұрайды?

-Бауырсақ, бауырсақ қайда барасыңдар?

-Мектепке 1 «б» сыныбына оқуға барамыз.

-Мен де сендермен мектепке барайыншы, -дейді.

-Ендеше, мен саған тапсырма беремін. Соны орындай алар ма екенсің, деп тапсырма береді. Ал қасқыр болса, орындай алмады. Қасқырға көмектесеміз бе, балалар?

1. Енді мына тұрған 5 алманы 2 ыдысқа қалай салуға болады?-қосудың қасиетін есімізге түсірейік.

-Қосудың аустырымдылық қасиетін пайдаланып, өрнек жазамыз. Қосудың компоненттерін атап беріңдерші.

2. Тақтаға қарайықшы. Мына жоғалған сандарды табайықшы.

 - Қасқыр сендерге рахметін айтып, бауырсақ оны мектепке бірге ертуге келісті.

-Сендер де шаршадыңдар енді демалайық.

Сергіту сәті.

Бауырсақ, қоян, қасқыр үшеуі мектепке келе жатқанда алдарынан не шығады? (аю шығады)

-Аю  не деп сұрайды?

-Бауырсақ, бауырсақ қайда барасыңдар?

-Мектепке 1 «б» сыныбына оқуға барамыз.

-Мен де сендермен мектепке барайыншы, -дейді.

-Ендеше, мен саған тапсырма беремін. Соны орындай алар ма екенсің, деп тапсырма береді. Ал аю болса, орындай алмады. Аюға көмектесеміз бе, балалар?

Дәптермен жұмыс

1. Дәптерімізді ашып, әдемі етіп 5 санын жазамыз. Кітаптың 53 бетін ашып, 7-тапсырманы орындаймыз. 1 тапсырманы 1 қатар, 2 тапсырманы 2 қатар, 3 тапсырманы 3 қатар орындайды.

2. Сандардың құрамын табу. (3, 4, 5)Топтық жұмыс.

 Аю сендерге рахметін айтып, бауырсақ оны мектепке бірге ертуге келісті.

-Енді алдарынан не шығады? (түлкі)

-Түлкі не деп сұрайды?

-Бауырсақ, бауырсақ қайда барасыңдар?

-Мектепке 1 «б» сыныбына оқуға барамыз.

-Мен де сендермен мектепке барайыншы, -дейді.

-Ендеше, мен саған тапсырма беремін. Соны орындай алар ма екенсің, деп тапсырма береді. Ал түлкі болса, орындай алмады. Түлкіге көмектесеміз бе, балалар?

1. Мына таратылған сандарды салыстырамыз. Жұппен жұмыс.

2. Геометриялық фигураларды есімізге түсірейік.

 Снымен, бәрі достасып мектепке барады. Мектепке кіру үшін де тапсырма орындау керек екен. Кәне балалар көмектесеміз бе?

 -Мына жердегі жемістерді тарату керек. Әр жемістегі өрнектерді ауызша шығарамыз.

-Енді мектепке кіргіземіз бе?

Қорытындылау: -Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Бағалау: Балаларға смайликтар таратамын.

Үйге тапсырма: 38 беттегі тапсырманы орындау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения