Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
25.02.2014
0
1712
1

ПУТИ ПРИМЕНЕНИЯ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Тайыншиский район

КГУ «Мироновская средняя школа»

Учитель казахского языка

Шарипова Каламкас Кашкарбаевна

Андатпа


Бұл баяндамада «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында заман талабына сай тиімді әрі орынды қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде делелденгені сөз етіледі. Оны тәжірибе барысында қолданған нақты мысалдармен дәлелдейді. Технология құрылымының үш кезеңі сарапталып, толық талдау жасалады. Аталған әдістің ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы. 

Аннотация

В данной статье рассмотрены пути применения критического мышления на уроках казахского языка и литературы. Использование критического мышления позволяет развивать творческие способности учащихся. Самым главным преимуществом критического мышления является то, что знания полученные на данных уроках учащиеся могут применять в жизни.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Демек, әр ұстаз, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай,оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.

Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті. 
Қазақстан мұғалімдері танысып, қолдау көрсетіп, өз тәжірибесіне кіріктірген шетелдік танымал технология, бағдарлама, әдістемелер де бүгінгі ізденісімізге арқау болуда. Менің 6 жыл аралығында тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. 
Әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобалардың бірі – американдық педагог-ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. «Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып, белгілі ғалым Дайана Халперн – ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану - деген пікір білдіреді. Технологияның философиясын тану үшін осы жерде сыни ойлау ұғымының мәнін ашу қажеттілігі туындайды. Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсінік бермейді. Бұл – шыңдалған ойлау үлгісі. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін артыру.

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы


Мақсаты:


Тиімділігі:


Нәтижесі:


Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.


Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,

ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.


Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.


Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:


  1. Қызығушылықты ояту;

  2. Мағына тану;

  3. Ой-толғаныс.
    І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке – жұптаса – топтаса орындалады. Мысалы, қандай да тақырыпты өтпес бұрын оны баланың жас еркшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады. «Синонимдер» тақырыбын өткенде тақтаға «жүздесу, амандасу, сәлемдесу, есендесу т.б.» деген сөздерді жазып, мағыналарына талдау жасап, оқушыны өзіндік бір ойға жетелеп, ереже шығаруға немесе «Буын түрлерін» өткен кезде ертегі әлемімен ұштастырып: «Ерте, ерте, ертеде Буын деген бай бопты, Оның Бітеу, Тұйық, Ашық атты үш ұлы болыпты. Үш ұлының мінездері үш түрлі болыпты...» деп бастап, оқушыларға ұлдарының есімдеріне сәйкес әрқайсысына мінездеме берулерін сұрай отырып, анықтама құрастыруға болады. 7- сыныпта «Шақ түрлерін» өткенде мына жұмбақ арқылы өмірмен байланыстыра отырып тақырыпты ашуға болады. Мәселен, Таңертең төртеу, түсте екеу, кешке үшеу. Осы жұмбақ арқылы адам өмірінің өзі үш шақтан тұратындығын анықтауға болады. 8-сыныпта құрмалас сөйлемді өткен кезде төмендегі мысалдарды келтіріп, оқушының өмірлік ұстанымын анықтауға болады. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді (Шартты бағыныңқы сабақтас), Ғалым болу - міндет емес, білімді болу – парызың (Қарсылықты салалас), Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек (Мақсат бағыныңқы сабақтас), Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді (Себеп-салдар салалас), Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы (Мезгіл бағыныңқы сабақтас). Ал тақырып оқушыларға таныс, бұрын өткен болса, онда «Суреттер сөйлейді» атты тәсілмен (Иассауидің «Даналық кітабы» атты тақырыпты өткенде интерактивтік тақтаға ғұламаның өміріне байланысты суреттер ілінді ) оқушылардың бұрынғы алған білімдерін еске түсіруге болады. Әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын ашу үшін оқушылардың ассосациясын кестеге түсіруге болады. Оқушының ойын автор ойымен салыстыру үшін «Венн диаграммасын » пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы оқушы өз дербестігін, ұқсастығын ажырата алады.

    ІІ кезеңде жаңа ақпараттарды шын мәнінде тұтынуға мүмкіндік (әр балаға таратып беру, фильм, дәріс, параграф материалдарын слайд түрінде, т.б.) беріледі. Бұл кезеңде жеке немесе жұптасқан түрде жұмыс жасатуға болады. Бұл фазада мынадай нәтижелерге жетуге болады:

  4. Белсенді іс-әрекетте болу;

  5. Басқалармен қарым-қатынас жасау;

  6. Басқаларды тыңдай білу;

  7. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;

  8. Топтық тұжырымға келе білу;

  9. Өз тұжырымын айта білу, қорғай білу...

Бұл сатыда мұғалімнің ізденісі мен шығармашылығына қарай әдіс-тәсілдерді түрлендіруге болады. Мысалы, әдебиет сабағында кез келген кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады. 

+ оң қасиеттері


  • теріс қасиеттері

Шығарма мен кейіпкерледің ұқсастығын мен ерекшелігін салыстыру үшін «Венн диаграммасын» қолдану тиімді. Сабақтың тақырыбына қарай түрлі кестелі тапсырмалар құрастыруға болады. 

1 - кесте. 


Білемін !


Жаңа білдім !!!


Білгім келеді?







 





кесте. «Түртіп алу әдісі» - INSERT


Білемін (V)


Жаңа ақпарат (+)


Мен олай ойламаймын (-)


Сұрағым бар (?)

 








  1. кесте. Жұп кестесі.


Не? Қайда? Қашан?


Аргумент

 

 

кесте «Ішкі-сыртқы» стратегиясы


Ішкі


Сыртқы

 



ІІІ кезең шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке – жұппен - топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыс, ғылыми жұмыстар ерекше орын алады. Мәселен, 8-сынып оқушыларының тапқырлығын анықтау барысында төмендегі тапсырманы бердім. Тапсырма: Суретті құрмалас сөйлеммен байланыстырып, қорытынды ой шығар (Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын). «Мидың» суреті... (Жауап: ...Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.) «Алтыбақан» суреті... (Жауап: ...Адамның өмірі алтыбақан сияқты қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттен тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.) «Сағаттың» суреті (...Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.) 

9- сыныпта А. Яссауидің өмірі мен шығармашылын (Даналық кітап - Алланың қасиетін баяндайтын кітап) өткен кезде оқушыларға түрлі түсті қағаз беріп, осыдан бүгінгі сабақтың модулін құрастыруды сұрадым. Оқушылар берілген қағаздан күннің шуағын, Құран кітабын, адамның алақанын, жүректі ойып алып: «Жүрегінде Аллаға деген сенімі, иманы бар адамның тілегін Алла тағала қабыл етіп, нұрын жаудырады» деген ойларын ортаға салды. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруге болады. Мысалы, «Асан қайғының Жерұйықты қазақ жерінен іздеу себептері мен болжамдары», «Махамбеттің ерлік философиясы», «Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы», т.б

Төмендегі кесте бойынша технологияға толық сипаттама беруге болады.


Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің әр түкпірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы


Оқытудың белсенді әдістері:


  • бағдарламалық оқыту,

  • проблемді оқыту,

  • пікірталас әдістері,

  • дөңгелек үстел,

  • іс ойыны,

  • Миға шабуыл,

  • Тренингтер




Оқу құрылымының үш кезеңі:

І фаза. Қызығушылығын ояту;

ІІ фаза. Мағына тану;

ІІІ фаза. Ой-толғаныс.


Сабаққа қойылатын талаптар:


  • Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтау,

  • Проблемалық сұрақтарды шешу,

  • Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алу,

  • Жаңалық қосып, басқаша шешім қабылдай алу,

  • Тапсырманы шығармашылқ жолмен орындау,

  • Өзін-өзі бағалау,

  • Дамытушылық деңгейдегі үй тапсырмасын орындау.


І фаза. Қызығушылық ояту, ми ояту, талпыну, іздену.


ІІ фаза. Жаңа ақпаратпен танысу, мағына тану, түртіп алу әдісі «INSERT», ақпараттық құралы, өнер қойылымдары, техникалық құралдар.


ІІІ фаза.

Ойын нақтылау, қорытындылау.


Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды..

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Б. Сманов. Қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау). Алматы., «Мектеп» ,2003.

  2. Т. Жұмажанов. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім», 2009.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы. № 6, 2010.

  4. «Қазақстан мектебі» журналы. №4, 2009.

  5. В.П. Беспалько. Слогаемые педогические технологий. М., Педогогика, 1983.

  6. «Мұғалім және заң» журналы. №6, 2009.

  7. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналы. №8, 2009.

  8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №4, 2003.

  9. «Тәрбие құралы» журналы. №4, 2010.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения