Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
18.02.2014
0
2560
1

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Казахстан, Мартукский район, с. Мартук

Школа-гимназия №2

Учитель физической культуры

Утаргалиев Оспан Амангельдиевич

Жоспары:

І. Кіріспе: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
ІІ. Негізгі бөлім: Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
ІІІ. Қорытынды: Сараптама

І. Кіріспе: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

         Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, солбілімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:

-         Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

-         Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;

Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне — өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?

Өмір салты дегеніміз не?

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

-         белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

-         жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

-         қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

-         дұрыс жыныстық тәрбие алу;

-         зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімділікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:

-         әлеуметтік – экономикалық жағдай;

-         отбасындағы психологиялық орта;

-         жұмыссыздың, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.  Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.

 

ІІ. Негізгі бөлім:   Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

            Білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін миімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңаша педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы артады. Әрбір мұғалімннің оқуға, үйренуге өз тұғырнамасы болуы қажет.

Олар мыналар:

Дене шынықтыру пәні нені береді?: Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандартық бағдарламаны жоспарлай білу. Нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенменде оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырлған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихы, спорт түрлері дамыған елдерде, спортың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін  дене шынгықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын.

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану.

Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы. Оқушылардың биімділігін арттыруға болады. Күтілетін нәтижені, дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында онда 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады.

Ал деңгейлеп саралап оқыту тхнологиясын қолдануда:

Бұдан қандай нәтежиелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:

Алдымен оқушының не? деген сұрағына: Сабақта шынайлық, оқыту бар екенін көрсету.

Оқушының қашан? деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.

Оқушының қайда? деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап нәтежиеге қол жеткізу қажет.

Қорыта  айтқанда: Мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол  арқылы  ұжымдық  зеттеуге  қол  жетіздім, яғни оқушының өзін-өзі  басқарудағы әлеуеті артты.

ІІІ. Қорытынды: Сараптама

Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым.

1. Оқушымен  қарым-қатынасты  қалыптастыру

2. Оқушының  логикалық ойлау қабілетін дамыту

3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.

4. Оқушының ұлттық моральнің орындалуын қамтамасыз ету.

5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін артыру.

6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.

Ең бастысы, оқу үрдісінде  міндетті пәндерде  оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік қалыптастыруға мән беру керек.

1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.

2) Оқушының бойындағы  жетістіктері көрінеді.

3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуетті артады.

4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения