Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
17.02.2014
0
886
0

Разработка внеклассного часа для 5-6 классов "Әдептілік"

Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, с. Сайрам
ШГ № 1 им. Ю. Сареми
 Учитель узбекского языка и литературы
Эгамбердиева Насибахан

Мақсаты:   оқушылар бойына ізгілік қасиеттерін ұялату,қамкөңіл жандарға қамқорлық жасауға,бауырмалдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,суреттер,интерактивті тақта.

                       Барысы.

Сабақтың құрылымы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2.     Кіріспе.
  3. 3.     Негізгі бөлім.
  4. 4.     Ой толғау.
  5. 5.     Қорытындылау.

Оқушылармен сәлемдесу.Жылы психологиялық жағдай туғызу.

       Кіріспе.

       Бүгінгі тәрбие сағатымыз адамгершілік тақырыбында өтеді.»Адамгершілік –тәрбие бастауы».Абай атамыз айтқандай адам болу үшін

       Сүймек, сезбек, кейімек, 

       Харекет қылмақ, жүгірмек.

       Ақылмен ойлап сөйлемек...

       Ақыл керек,ес керек,мінез керек...деген екен.

      Негізгі бөлім.

   Адамгершілік –адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

   Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі барлығымызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысқанбұл өнегені біз мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерден күнделікті кезіктіреміз. Қазақ халқы дархан қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, ағайын- туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып уәдеде тұра білуге ежелден тәрбиелеген.Жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнамды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.

    Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда әдептілік, адамгершілік туралы ой қозғайық.

    Ой толғау.

               Ғылым таппай мақтанба,

               Орын таппай баптанба,

               Құмарланып шаттанба,

               Ойнап босқа күлуге.

               Бес нәрседен қашық бол,

               Бес нәрсеге асық бол,

               Адам болам десеңіз.-деген Абай атамыздың өлең жолдарына тоқталып, ақынның айтпақ болған ойы туралы пікір алысу.

   Тәрбие тамыры халық қазынасындағой. Енді ата- әжелердің өсиет сөздеріне назар аударсақ.

   «Ата мен әженің жаман әдетке тыйым сөздері» үлгісінде қысқа сахналық көрініс.

 

 Балалар, әженің соңғы сөзі «Әдепті боп өс, балам!» деп аяқталды. Ендеше сол әдептілік деген сөздің үлкен астары бар екен. Соны ұғыну үшін келесі тапсырмаға назар аударсақ.

   Әдептілік- Қарапайымдылық- Табиғилық үшеуі бір-бірінен ажырамас адамгершіліктің белгілері. Сондықтанда осы үш тақырыпқа байланысты берілген мәтіндерді оқып бір- біріміздің сұрақтарымызға жауап табайық.

   Мәтіндерді үш топқа тарату.

    Әдепті адам өзінің қадір- қасиетін жоғары ұстап, қай кезде болмасын табиғи қарапайымдылығымен ерекшеленуі керек екен. Осы әдепті адамға керекті қарапайымдылық, табиғилық,әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал- мәтелдерінде кезігеді екен.

 

             Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

 

            Аға әдепті болса,іні де әдепті.

            Ана әдепті болса, сіңлі де әдепті.

 

            «Сіз» деген-әдеп, «біз» деген-көмек.

 

            Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп.

            Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

 

            Есер ұлдан, есті қыз артық.

 

            Әдептінің белгісі-иіліп сәлем бергені.

 

    «Әдептінің белгісі-иіліп сәлем бергені» деп өздерің айтқандай, сәлем берудің өзі әдептіліктің биік шыңы екен.Онда сәлемдесудің түрлеріне тоқталамыз. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесің?

   Қорытындылау. Жақсы, оқушылар, осымен бүгінгі тәрбие сағатымыздан қандай қорытынды шығардыңыз?Оқушылардың ойын тыңдау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения