Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
17.02.2014
0
2530
1

Дизайн өнері

Республика Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш
Школа-гимназия №3
Учитель изобразительного искусства и черчения
Алшагиров Тулеген Шукирбаевич

Сабақтың мақсаты:

1.Бейнелеу өнеріндегі алған білімдерін тексеру, дизайн туралы тереңірек мағлұмат беру. Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың  қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу

2. Оқушылардың шеберліктерін дамыту.

3. Бейнелеу  өнері   арқылы оқушыға эстетикалық тәлім-тәрбие беру.Шығармашылық ізденістерін арттыру,өнерді қабылдау.

Дамытушылық:             Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс  жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

 Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

  жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,  әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дизайнерші мамандығына байланысты суреттер салынған плакат, әр түрлі түстер, үй жиһаздарының ,автомобильдердің суреттері, үй схемалары, белгілер.т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

       Қызығушылықты ояту

Сергіту, топқа бөлу

        Ой қозғау стратегиясын қолдану арқылы оқушыларға сұрақ қойылады.

-Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз?

-Графика, сыршырай, мүсін, қолөнер сәулет, дизайн.

-Дизайн деген не?

Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері.Жаңа нәрселерді ойлап шығару және өмірге енгізу, Дизайн дегеніміз - кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді

ІІ. Мағынаны тану

        Топтастыру стратегиясын пайдалану арқылы сұрақ қойылады:

-         Суреттер бір-бірімен қандай маман арқылы байланысты?

-         Дизайнерші маман арқылы.

 (Слайдтардан дизайнершімен байланысты суреттер көрсетіледі.)

 

 

Автокөлік                                                     Интерьер

                                                                Ыдыс-аяқтар

-         Дизайнершінің осы суреттерге қандай қатысы бар?

-         Осы нәрселерді ойлап шығарып, әсемдейді.

Алдымен ол суретші болу керек.
-Дизайнның түрлері:

1. Өндірістік дизайны- өндірістегі механизмдер көліктер, ыдыстар, киімдер және т.б

2.  Графикалық дизайн- газеттер, журналдар, кітаптар,сыйлық кәде,кондитерлік тәттілердің қорапшалары т.б

3.  Интерьер дизайны – тұрмыстық үйлер, қоғамдық өндірістік мекемелер.

- Интерьер  деген не? Қасбет деген не?

- Бөлменің тұтас  ішкі көрінісін (бүкіл жиhазымен) интерьер деп атайды. Интерьер дизайнершінің міндеті үйдің ішіндегі бөлмелерге қолайлы түстер тауып, үй жиhаздарын қолайлы, әрі әдемі етіп орналастыру.  Жиhаздардың бөлмелерге лайықты, бүкіл жиhазымен үйлесімді болуын қадағалау. Үйдің сыртқы бетін қасбет дейміз(фасад)

ІІІ. Ой толғаныс.

Бүгін сендер  дизайнер баласыңдар. Оқушылардың мақсаты:

  1. Үйді бірнеше бөлмелерге бөліп, әр бөлменің атын жазады да, әр бөлмені сәйкес түстермен  бояйды.
  2. Үйдің сыртқы қасбетін эстетикалық талғаммен безендіреді.
  3. Әр топ жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.

Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа үйдің горизанталь тіліктегі көрінісін, үйге  қажетті жиhаздар мен санитарлық құбыр қондырғылардың суреттері үлестіріледі.

 Сабақтың аяғында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

V.Сабақты бағалау.

Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

                       Үй жұмысына тапсырма беру. Өз үйлерінің ішкі көрнісін салып келу.      

    VІ.Сабақты бекіту.

-Сабақ  аяқталды,

 Сау болыңыздар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения