Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
16.02.2014
0
956
0

Биологиялық турнир

 Республика Казахстан, СевероКазахстанская область, г. Петропавловск

КГУ «Казахская школа-гимназия»
Учитель биологии
Оспанова Асемгуль Ерсаиновна

 

Сайыс алты кезеңнен тұрады:

1. Мықты болсаң, тауып көр!             4. «Тіл өнері»  

2. Ең,Ең,Ең,...                                       5. «Шешендік өнер» 

3. «Ойлы болсаң, озып көр»               6. «Ғажайып ондық»

-         «Бар ізгілік тек білімнен алынар,

          Білімменен аспанға жол салынар» - деген екен Жүсіп Баласағұн.

-         Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер!

     І. Мықты болсаң, тауып көр!

     Төменде берілген сөздер сырын табыңыз.

     1) Гемоглобин                   6) Орнитология

     2) Реципиент                     7) Ихтиология

     3) Этология                       8) Бриология

     4) Геронтология                9) Симбиоз

     5) Нефрит                         10) Гликоген

    

     ІІ. Ең,Ең,Ең,...

     Ең кішкентай құс ? (Колибри) 

     Ең ұзақ жасайтын өсімдік? (Секвойя 3000-5000)

     Ең үлкен сүтқоректі ? (Кит )

     Ең үлкен маймыл? (Горилла )                                                                                    

     Ең тез жүгіретін жануар? (Гепард)

     Ең жыртқыш тоты құс? (Кеа)

     Ең аласа өсімдік?  (Балықот)

     Ең биік сүтқоректі? (Керік)

     Ең үлкен құрлықтағы жануар? (Піл)

     Ең ақылды теңіз жануары?  (Дельфин)

 

     III. «Ойлы болсаң, озып көр»

  1. Асқорыту  физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы          

Нобель сыйлығына ие болған ғалым?  (И.П. Павлов)

  1. Адам өте әлсіз болып, тез шаршайды, қан қысымы төмендейді, асқа тәбеті   

тартпайды, терісі қола түсті(бозғылт) болып өзгереді. Бұл аурудың екінші аты? (Қола ауруы)

  1. Көктемгі өркендері- көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқаратын споралы  өсімдік? (Қырықбуын)
  2. Дене тұрқы ірі, салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын, денесінің әр жерінде

шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген жануар? (Түйе)

  1. Өсімдіктердің іріктемелерін, мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген

ғалым? (Н.И.Вавилов)

 

      IV. «Тіл өнері»                                                                                                                                                                                                

      «Ақыл-ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» - деген екен Ғ. Мүсірепов.                                        

      Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай

      бірнеше тілді білу қажет.                                     

    Мақал-мәтелдің арасында қалдырылған сөздерді тауып, оны 3 тілде айтып беру.                                     

1. Мақтаның анасы жер, атасы- ...  (су, вода, water)

2. Қыз өссе елдің көркі, …  ( гүл, цветок, flower) өссе жердің көркі.

3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі ... ( жапырақ, лист, foliage)

4. Бабалар еккен шынарды, ... ( балалары, дети, children) саялар.

5.  Біреуге мал қайғы, біреуге ... ( жан, душа, soul) қайғы.

    

     V. «Шешендік өнер»                                                                                                                                    

    «Ойлау – таңдаудан басталады» деген екен Аристотель.

Бұл кезеңде оқушылар өзінің шешендігін көрсетеді.

Ақтық сайыстағы 2 оқушыға екі конвертке салынған 2 тақырып беріледі.

1-тақырып. «Табиғат – адам өмірінің кепілі»

2- тақырып. «Дені сау ұрпақ – елдің болашағы»

 

    VI.  «Ғажайып ондық»

  «Уақытты тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі». Ж.Ж. Руссо.

     1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? (Микология)

     2. Қан түзуші ұлпа? (Дәнекер)

     3. Ортаңғы құлақтағы сүйектер саны? (3)

     4. Қандай құс ұя салмайды? (Көкек)

     5.Ағзаның жеке дамуы? (Онтогенез)

     6. Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым? (И.П. Павлов)

     7. Мәңгі жасыл өсімдік? (Шырша)

     8. Бүйректе түзілетін сұйық зат? (Зәр)

     9. Сүтқоректілерде мойын омыртқалар саны? (7)

    10. Қандай құс «Хат тасушы» атанған? (Көгершін)

    Сайыс соңында оқушылардың алған ұпайларына қарап, білімді, ұшқыр, ойлы жеңімпаз анықталады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения