Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
15.02.2014
0
3553
2

9-сыныпқа арналған «Мінез – адам көрсеткіші» атты сабақ жоспары

Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл., район Магжана Жумабаева, г. Булаево

КГУ "Булаевская средняя школа №4"

учитель Самопознания
Хозина Г.Д.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданы,

№4 Булаево орта мектебі

Хозина Гүлсім Досжанқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші 

Мақсаты:  оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-          Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

-          Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

-          Адамгершілікке тәрбиелеу

-          Өзге жұрттың еңбегін бағалай білуге үйрету

Кіріспе:

-          сәлемдесу

Шаттық шеңбері:

Балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіледі.  «Мен бүгін...» деген сөзді айтады  да тақтада жазылған сөздерді оқиды

-          нақты әрі дұрыс ойлаймын;

-          ойларым жеке құндылықтарыммен үйлеседі;

-          өзімді сабақта жігерлендіремін, әрі қолдайтын ойларды таңдаймын;

-          игілігіме кедергі келтіретін әдеттерден құтыламын;

-          ойларым – байлығым мен бақытымның бастауы;

-          мінезімдегі міндерімді дұрыстай аламын;

 

Бүгін сабақта осы оқығандарыңызды ескере отырып жауап беруге тырысыңыздар.

Ал қазір сынып тез арада «1» және «2»-ге саналасыздар. Бірге саналғандар бір қатарға, екіге саналғандар қарсы қатарға отырасыздар.

Сынып «Мейірім» және «Келісім» тобы болып екіге бөлінді.

(Екі топ та бүгінгі сабақта баптап  ағаш өсіріп шығару керек. Ол үшін екі топқа да отырғызылған бұтақ беріледі. Қарсы топ дұрыс жауап берген кезде ағашқа жасыл жапырақ ілесіздер, егер дұрыс жауап бермесе сары жапырақ ілінеді.)

Ол үшін тақтадағы сөздерді оқып шығасыздар.

1-тапсырма   Тақырыпты шығару

(Мәрт, ізгілік, намысшыл, ержүрек, зейінді, адал, дарынды, арлы, мейірімді, кішіпейіл, өжет, ризашыл, сенімді, еңбекқор, төзімді, кешірімді, іскер, шыдамды, іздемпаз.)

Тақтада берілген сөздерді оқыған кезде ойларыңа не келді?

-           Берілген сөздер адам бойынан табылатын қасиеттер.

    2-тапсырма    Сөздік жұмысын жүргізу

-          Берілген сөздер арасында көп айтыла бермейтін, түсініксіз сөздер кездесті ме?

-          «Мәрт» сөзі

-          Мәрт деген сөз ертеректе парсы сөзі деп те келген екен. Тек бұл сөз қазақтың көне сөзі болып есептеледі екен. Ол дархан, жомарт деген ұғымды білдіретін қазақтың көнеден келе жатқан сөзі.

Ендеше қазір осы берілген сөздердің тек қана бірінші әріптерін теріп жазасыздар. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Шыққан тақырыптың керекті тыныс белгісін қоясыздар.

Мінез – адам көрсеткіші

 Бұл бүгінгі сабақтың тақырыбы болып есептеледі.

Оқулықта осы тақырыпқа берілген өлеңді кезектесіп оқимыз.

 

3-тапсырма  Тақтамен жұмыс

 

Жақсы міннез, жылы сөз – жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

 

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

 

4- тапсырма   Пікірталас

1.Сұрақтарды қарсылас топ бір-біріне қояды. Егер жақсы жауап берсе жасыл жапырақ іледі, жауабына көңілі толмаса сары жапырақ іледі.

 -  Неліктен  «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?

- Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

- Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

- Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

 

2. Оқулықпен жұмыс (1шумақты І топ, 2 шумақты ІІ топ оиды) қай топ мәнерлеп, нақышына келтіріп оқиды. Сынаймыз. Оқуларың жапырақпен сыналады.

Тапсырма:

Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай

3. Мәтінмен жұмыс 

Мәтін оқылады.

Талдау:

Автор осы мәтінді жазғанда оқырмандарға не айтқысы келді?

 Мәтіннің сендер үшін ең негізгі тұсы қайсысы деп ойлайсың?

4. Ақпарат

Мінездің сұлулығы. Жанның өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікірлер айту.Ол әсіресе өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді.

Сондықтан қазақта таспен атқанды аспен ат деген. Өзіңе жамандық ойлаған адамға ешқашан кек сақтамай керісінше жақсылық істе. Өз ісің оңға басады. Бұл өмірдің шындығы.

Тыныштық сәті

Қазір өздерің біреді ренжіткен не болмаса қуантқан кездерің болса, естеріңе түсіріңдер. Өздеріңді сол адамның орнына қойып көріңдер. Іштеріңнен пайымдап көріңдер. Қаншалықты дұрыс істедіңіздер ме, жоқ па?

5. Суретпен жұмыс

Сынып топпен сурет салады.

1)      «Мейірімді» адамның кейпін (смайлик) суреттейді

2)      «Қатал»  адамның кейпін суретейді

6. Слайдта берілген сурет туралы оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салады. Суреттен ұққандарын айтады.

7. Екі топ кезектесіп мақал-мәтелдер айтып жарысады.

8. Дәптермен жұмыс

Бүгінгі сабақтан қандай қандай қорытынды шығардыңдар. Ой-пікірлеріңді жазыңдар.

9.  Бағалау . Екі топ ағаштарының қаншалықты жайқалып өскенін салыстырады.

10. Қазір алдарыңдағы жүрекшелерге тілектер жазып қонақтарға бересіздер.

Үй тапсырмасы

24 беттегі 2-тапсырманы орындап келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения