Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
15.02.2014
0
905
0

ОТТЫ ЖЫЛДАР

Казахстан, Акмолинская область, Целиноградский район, с. Новоишимка

Средняя школа № 32

Учитель истории
Кульмагамбетов Т.М.

ОТТЫ ЖЫЛДАР

Сабақтың мақсаты:

-         Соғыс жылдарында экономикада болған өзгерістер туралы; соғыстың шығу себебін, сипатын түсіндіру; әр деңгейлі тапсырма беріп топпен жұмыс.

-         Оқушыларды Отан сүйгіштікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

-         Мәскеуде, Ленинградта және басқа майдандарда қазақстандықтардың жасаған ерліктерін көрсету.

-         Қосымша материалдармен әзденуге бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі: «Отан – Ана шақырады» плакат. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен елге танымал Кеңес Одағының батырлары – И.В.Панфилов, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Ә. Молдағулова, М. Мәметованың суреттері ілінеді. Буклет – Т. Бигелдинов, С. Луганский, Л.Беда, С. Баймағамбетов, Н. Әбдіров т.б.

Қосымша әдебиеттер: Тахаул Ахтанов «Қаһарман күндер», Б. Момышұлы «Артымызда Мәскеу», Ә. Нұршаиқов «Ақиқат пен аңыз».

Көрнекілік құралдар: Үлестермелі карточкалар, сөз жұмбақ (милитаризм). Анаграмма, магнитофон таспасы: «Кеңес ақпарат бюросы». Баян.

Сабақтың барысы:

(«Отты жылдар» пікірталас сабағының тақырыбы екі апта бұрын әзірленуге беріледі. §13, §14, §15. Сынып 6 топқа бөлінеді: «Сұңқар», «Қыран», «Мерей», «Мирас», «Парасат», «Қаһарман», «Жеңіс». Әр топта 3 оқушы. Әр топтағылар өз пікірлерін айтады).

«Сұңқар» Барбаросс жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері КСРО‑ны көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, өзінше бір ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп қарастырды. Фашистер «Ғылыми – зерттеу институты» деп атанған «Арбай‑тегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебін құрып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның бір бөлігі еңгізілді.

         Қуыршақ мемлекет құру экономикалық және саяси мақсат көздеуден туындады. Экономикалық тұрғыдан бұл өңірде ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық‑түлік базасын құру белгіленеді. Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдықта ұстау – гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы басты нысаналарының бірі болды. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып‑жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі.

«Қыран» Кеңес Одағы аса қауіпті жауға қарсы аттанды. Жалпыға бірдей міндетті әскери іске үйрету өрістетілді. Республикада екі миллионнан астам адам әскери дайындықтан өтті. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Құрылған бөлімдері мен құрамы жағынан көп ұлтты болды. Тылда командалық кадрлар даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді: негізінен, жау уақытша бастап алған аудандар мен майданға жақын өңірлерден көшіріп әкелінген 27 әскери оқу орны соғыс жылдары ішінде 16 мың офицер даярлап шығарды.

         Республика экономикасын соғыс жағдайына лайықтап қайта құру жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпорындардың, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтобе ферроқортпа зауытының, Текелі және Өскемен қорғасын‑мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді. Майданға жақын жерлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарына көшіру жүзеге асырылды.

«Мерей» Қатал соғыс жағдайында халықтың еңбек және шығармашылық белседелігі артты. Олар: «Екі, үш адам үшін жұмыс істейік. Еңбек майданының жауынгері майданының жауынгері майдандағы армияның жауынгерлерінен кем түспеуі керек. Барлығы да майданға, барлығы да жеңіс үшін!» ‑ деген ұранмен аянбай еңбек етті. Көп забойлы және көп қабатты озат бұрғылау әдісін Республикада алғашқы болып қолданған, атақты бұрғылаушы, Георгий Хайдин болды. Ол күндерде жұмысшылардың әзденістерінің сипаты мен мәні жұмыс күшін және материалдық байлықтарды мейлінше аз жұмсай отырып, көп, сапалы өнім беру керек болатын.

«Мирас» Жұмылдыру, көшіру және халық шаруашылық тасымал ісін қамтамасыз ете отырып, теміржолшылар қауырт жұмыс істеді. Қазақстан кеңестер Одағының негізі әскери‑өнеркәсіптің негізгі базаларының біріне айналды. Ол 1942 жылы жалпы Одақта балқытылған қорғанысынның 85%‑ын, малибденнің 60%, 1 млн. тоннаға жуық мұнай берілді. Ауыл шаруашылығын қайта құру да оңай болған жоқ. 1942 жылы Қазақ ҚСР‑інің егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842000 га‑ға көбейіп, жалпы КСРО бойынша егіс көлемінің 30%‑ын құрады. Күндік дәнді дақылдар, тары, қызылша егісі артты. Соғыс кезінде Қазақ КСР‑і КСРО‑ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды. Ш. Берсиевтің, Ы. Жақаевтің, А.Дацкованың, С. Оңғарбаеваның еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады. «Қатал уақытта Кеңес елі мен Қызыл Армия азықтан тапшылық көрген жоқ» ‑ деп жазды «Правда» газеті.

         «Қазақстан ұжымшалары, партия мен кеңес ұйымдары көп еңбек сіңірді».

«Парасат» Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін шайқаста асқан ерлік көрсетеді. «Брест» қамалын қорғаушылар: В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, А.Наганов, Ш.Шолтыров т.б. қамалда теңдігі жоқ ерлік көрсетті. Ұзақ жылдар соғыстың алғашқы күндерінде бірінші таран жасап жасап, жанған ұшағын жау тобына түсірген авиация капитаны Н. Гастелло деп саналып келгені белгілі. Әйтсе де мұндай ерлікті алғаш жасалған А.Масловтың экипажы екендігін дәлелдеді. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев бар еді. А. Маслов экипажының мүшелері Ресейдің батыры атағын алды. Тек 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үкімімен Б.Бейсекбае «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

«Қаһарман» Девизия комиссары, Оңтүстік‑барыс майданӘскери Кеңесінің мүшесі, Ертіс өңірінің перзенті Е.П.Рыков Полтава облысының Шумейково тоғайында болған ұрыста ерлікпен қаза тапты. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылдықтарды жеңе отырып, күші басым жауға төтеп берді. Политрук В.Г.Клочковтың: «Ресей ұлан‑байтақ, шегінетін жер жоқ, артымызда Мәскеу!» ‑ деген қанатты сөзі жауынгерлердің рухын көтерді.

316 – атқыш дивизиясының жауынгерлері, жауға қарсы батыл да ерлікпен шайқасты. Қарашаның 18-де дивизия генералы, ержүрек жерлесіміз Панфилов қаза тапты. Жауынгерлер оның есімін қастерлеп, өздерінің дивизиясын мақтанышпен «панфиловшылар» деп атады.

         Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті. Дивизия, жаудың төрт есе басым күштеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы, 8 – гвардиялық болып қайта құрылып «Қызыл ту» орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша, дивизия даңқты командирінің атымен аталатын болды. 1942 жылғы қаңтар, ақпан айларында Старая Русьтен Хомиге дейінгі жорықтағы батыл да шебер қимылдары үшін дивизияға Ленин ордені, Латвияның астанасы Риганы азат еткені үшін, 2-дәрежелі Суворов ордені тапсырылды.

Пікір‑сайыс ойыны Кезекпен әр топқа (алдын‑ала дайындалған) тақырып бойынша 1 сұрақ қойылады. Жауабы қанағаттанарсыз емденеді. Сұрақтар қайталанбауы керек.

Карточкамен Әр топқа мұғалімнің алдын‑ала әзірлеген карточкалары таратылады (карточкадағы «1 сөйлем» сыныпқа сабақтан тыс қосымша материалдардан беріледі). Топ мүшелерінің міндеті 30 секунд ішінде ол сөйлемді әрі қарай өрбіту.

«Анаграммамен» жұмыс Тақтада ілінген Ұлы Отан соғысына байланысты құрылған «МИЛИТАРИЗМ» анаграммасының белгісіз торларын мұғалімнің қойған сұрағына дұрыс жауап беру арқылы толтыру керек. Әр табылған «жұмбақ» сөз 1 ұпайға тең. «Ақ кептерлер» әні шырқалады.

1 – жүргізуші:

         Отан‑Ана жылағанда шерленіп,

         Табжылмастан төгеді екен жерге бұлт

         «Қара бұлтты қақ жарайық» ‑ деді де

         Қолдарына қару алды ерленіп.

2 – жүргізуші: Қазақстандықтар осы соғысқа қатысып, майданда жаппай ерлік көрсетті. 518 қазақстандық «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Соның 97‑сі қазақ. 1999 жылы 11 желтоқсанда Б.Момышұлына (қайтыс болған соң) «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Мыңдаған қазақстандықтар Кеңес өкіметінің орден, медальдарымен марапатталады. Жеңіске жету жолы қиын болады. Фашистік Германияны жеңген күн тарихтағы ең әйгілі күндердің бірі ретінде адамзаттың есінде сақталатын болды.

Магниттік таспа: Кеңес ақпарат бюросы: «Қымбатты бауырлар, 1941 жылғы 22 маусымда фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады. Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес! Біз жеңеміз, әділет әрқашан жеңбек! Фашистерге өлім келсін» ‑ деп хабарлады.

2 – жүргізуші: Кең байтақ еліміздің түпкір‑түпкіріне әскери – комиссариаттардың маңы толған халық. Бәрі Отан үшін жауға қарсы күреске жіберуін сұрауда. Кәрі де, жас та, қыздар да, аналар да әскерге іліккен жастарды шығарып салуда.

1 – жүргізуші: Соғыс – қиратушы күш. Барды жоқ ететін апат. Қасіретті соғыста 70 млн. адам құрбан болды, соның 20 млн. Кеңес Одағының азаматтары, ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

2 – жүргізуші:

         Сен құрметте оны!

         Түсіндің бе, қарағым?

         Ол ақшаға сатқан жоқ

         Тізеден кесіп аяғын

         Еріккеннен ұстап жүрген жоқ

         Қолындағы ұзын таяғын

         Денесін оқ паршаласа да

         Ел намысын қорғап қалды.

         Сен құрметте оны!

         Түсіндің бе, қарағым?

         Сенің келешегің үшін берді ол,

         Азаттық жолында аяғын.

1 – жүргізуші:

         Айырылдық қанша бауыр, қанша достан?

         Жүреміз бе біз оларды аңсамастан?

         Жалғайтын ерлік жолын ұрпақтарға,

         Мирас қой солар жайлы қалса дастан.

2 – жүргізуші: Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Әди Шәпіров, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты есімдерді аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымыздың есімдері тарих бетінде «Батыр» деп жазып қалдырылды.

Мұғалім: Оқушылар, мына алдарыңдағы «Естелік» кітапта Новоишимка ауылынан майданға аттанып, елге оралмай қаза болған аталарымыздың есімі алтын әріппен жазылған. Сол аталардың рухына бас иіп, 1 минут еске алайық.

1 минут еске алу.

1 – жүргізуші: Жеңіс туын алғашқы боп қадаған әкелер ерлігін мақтана, шаттана, мерейлене жалғастырайық.

 

8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындады. 1945 жылы 9 мамыр. Мың зенбіректен 30 дүркін от шашу берілді. Міне, Жеңіс күні осылай келді.

2 – жүргізуші: Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты. Неміс үшін Ғабдуллинге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотында бір ғана «Киров» қызыл тулы крейсерінде 156 қазақстандықтар жауынгерлік сапта тұрды.

1 – жүргізуші: 1941 жылғы ұыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, көп ұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой‑пікірін, сезімі мен алаңдаушылығын білдірді...

Қорытынды: Сабақ барысында ең көп ұпай жинаған топ 1 орын иеленеді. Әр оқушы өз деңгейінше (орташа деңгей, күрделі деңгей, аса күрделі деңгей) сабаққа қатысуы бағаланып, қорытынды баға қойылады.

Муз. безендендіру: Сабақ соңынан 9 сынып оқушылары Қалдаяковтың «Соғыс болмасын», М. Керейбайдың «Жеңіс тойы» әндерін орындайды.

 

 

Анаграмма

«МИЛИТАРИЗМ»

 

 

М

О

М

Ы

Ш

Ұ

Л

Ы

 

 

 

 

Л

Е

Н

И

Н

Г

Р

А

Д

 

Б

И

Г

Е

Л

Д

И

Н

О

В

 

П

А

Н

Ф

И

Л

О

В

 

 

 

С

Т

А

Л

И

Н

Г

Р

А

Д

 

Б

А

Й

М

А

Ғ

А

М

Б

Е

Т

О

В

 

Б

Р

Е

С

Т

 

 

 

 

Х

А

И

Д

И

Н

 

 

Ә

З

І

Л

Х

А

Н

 

 

М

Ә

Н

Ш

Ү

К

 

                             

Үш деңгейлі карточкалық тапсырмалар:

1 – карточка

1)    «Барборос» жоспары.

2)    1938 – 1940 ж. Қазақстандағы мал шаруашылығы.

3)    Соғыс бағыты – Батыс

 

2 – карточка

1)    Неміс және Кеңес әскерлерінің соғысқа дайындығы.

2)    Қазақстанға көшіріп әкелінген зауыттар мен фабрикалар.

3)    Майданға бүкіл халықтық көмек.

 

3 – карточка

1)    Неміс әскерлерінің шығыс Еуропаны жаулауы.

2)    Соғыс кезіндегі Қазақстандағы әскери оқу орындары.

3)    Қазақстандықтар Мәскеу үшін ұрыстарда.

 

4 – карточка

1)    Берлин операциясы.

2)    Жау тылындағы партиядан қозғалысы.

3)    Соғыс уақытында ерлігімен көзге түскен жауынгерлер.

 

5 – карточка

1)    Соғыстың бірінші күні.

2)    Қазақстандағы зауыттарды майдан қажетіне лайықтап құру.

3)    Қазақстан‑Сталинград майданның ең жауын тылы.

 

6 – карточка

1)    Жаңа әскери техникалардың майданға кешігіп жетуі.

2)    Соғыс жылдарындағы Қазақстан колхозшыларының үздік еңбегі.

3)    Соғыс жылдарындағы ұлт аралық қатынастар.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения