Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
09.02.2014
0
1654
0

Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Казахстан, Акмолинская обл, г. Кокшетау

Средняя школа №6 г.Кокшетау

Учитель казахского языка и литературы

Кенжекеева Карлыгаш Темирбекқызы

Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылар аспаптар туралы толық мәлімет алады.

ә) Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, тіл байлығын

 жетілдіру.

б) Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа         

қалыптастыру.

Сабақтың ресурстары: оқулық,үлестірмелі карточкалар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті (2 мин.)

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бойларын сергіту және көңіл күйлерін көтеру

Топтың ережелері.

1.Тәртіп сақтау.

2.Тыңдай білу.

3.Сыйлау.

4.Ортақ шешім қабылдау.

5.Көмектесу.

6.Уақыт үнемдеу.

Топқа бөлу (2 мин.)

1 топ Үрмелі аспаптар

2 топ Ішекті аспаптар

3 топ Ұрмалы аспаптар

 

1.Топ басшы сайлау.

2.Таймер тағайындау.

4.Топ башыларға бағалау парағы таратылады ,бағалау парағына топтағы оқушылардың аттарын жазып,орындалған тапсырмадан кейін баға қояды.

Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін тақтаға көңіл бөлеміз.Оқушылар интерактивті тақта арқылы әртүрлі музыкалық аспаптпр туралы слаид тамашалайды.

Үйге берілген  тапсырма :Оқушылар интерактивті тақта арқылы әр түрлі музыкалық аспаптар туралы жасап әкелген  слаидтарын презентациялайды

Ой шақыру.

1-тапсырма

Көрген  материалдары бойынша топтағы  оқушылар 3 сұрақтан дайындайды да бір-біріне сұрақ қояды(.5 мин)

Қазақтың музыкалық аспаптарының

топтары мен түрлеріне таныстырылым.

 

     Үрмелі:                                      Ішекті:                                     Ұрмалы:  

  1. Сырнай                                 Домбыра                                    Даңғара
  2. Сыбызғы                              Жетіген                                      Дауылпаз
  3. Қамыс сырнай                     Шертер                                       Асатаяқ
  4. Үскірік                                 Қобыз

                                                      Шаңқобыз

   2-тапсырма                                                           

 1.Әр топ берілген музыкалық аспаптардың атауларын  өз тобына қатыстысын теріп жазады .Сырнай,жетіген,даңғара,қобыз,үскірік,домбыра,дауылпаз,қамыс сырнай, асатаяқ,шертер,шаңқобыз,сыбызғы.

2.Жазған сөздерімен сөз тіркесін құрайды.

3.Екі сөйлем құрастырады.

 

Кітаппен жұмыс.

Мәтінмен танысу.Мәтінді мәнерлеп бірнеше рет оқиды(3 мин.)

        Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

        Қазақтың музыкалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.Ертеде аспаптарды ағаштан ойып,түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен,мүйізі мен қылынан жасаған.Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде,аңды үркіткенде,ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырған.Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.                                                      Музыкалық аспаптар үлгілерін алғашқы жасаған шеберлер Қ.Қасымов,А.Ермеков,О.Бейсенбаев,Э.И.Романенко. Музыкалық аспаптардың түрлері Мәскеу,Санк-Петербург,Алматы,Семей қалаларының мұражайларында сақталған.

Сұрақ –жауап:Мұғалім қобдишадағы сұрақтарды оқушыларға таратады,әр топ оқушылары  екі сұрақтан алып жауап дайындайды.

1.Ертеде аспаптарды неден жасаған?

2. Музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

3.Халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгісін ұсынған кім?

4.Аспаптардың түрлері қандай қалалардың мұражайларында сақталған?

5.Музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасаған шеберлер кімдер?

6.Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра не?

 

 

Граматикалық тапсырмалар.

3- тапсырма.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшылары бар сөздерге мысал келтіріндер.

 

           1-топ –паз, - қор       2-топ -гер,-қой               3-топ -ева,-ов

                     –мен                           -бен                                 -пен

                     – дікі                          -нікі                                 -тікі

 

4-тапсырма.Түсіндірме сөздіктен топ оқушылары бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты кірме сөздерді теріп жазып,қай тілден енген сөз екенін түсіндіреді.

 

 

Сабақты бекіту:

«Тақия тастау» ойыны.Ойынның шарты: музыка ойнаған кезде балалар тақияны бір-біріне кигізеді, музыка тоқтаған кезде тақия кімнің басында қалса, сол  оқушы қойылған сұраққа жауап береді.   Қандай музыкалық аспап түрін білесің?

Бағалау:Топ басшы топтағы оқушылармен ақылдаса отырып өз жұмыстарын бағалайды. (3 мин)

Кері байланыс стикерлерін толтырады. «Екі жұлдыз,бір тілек»

1.Бүгінгі сабақ ұнады ма?

2.Қандай музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстық?

3.Мұғалімге тілек.

Үйге тапсырма:125 бет Мәтінді мазмұндау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения