Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
09.02.2014
0
534
0

Звучащее серебро мелодии





Казахстан, ВКО  г.Семей

КГУ № 23

 Учитель музыки

Торайғырова  Шакинур Оралхановна

Звучащее серебро мелодии

Сабақтың мақсаты:  Жаңа тақырыпты балаларға толық меңгерту.

а) Білімділік:      Балалар жаңа тақырыпқа сай мағлұматтар арқылы білімдерін толықтырады.

ә) дамушылық:   Сабақ барысында сөйлеу тілін, жадында сақтау қабілетін дамытады.

б) тәрбиелік:     Меңгерілген материалдардың мазмұнымен идеясы, әннің мазмұны арқылы оқушыларды ел мен жерді қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелейді.

Сабақтың көрнекілігі:       Плакаттар, суреттер, бүктемелер.

Қолданылған әдістер:         Түсіндіру, баяндау, индукция-дедукция, сурақ-жауап.

Техникалық құралдар:      Үнтаспа.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Пән аралық байланыс:      Тарих, этнограпия.

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2.     Ой толғау.
  3. 3.     Жаңа тақырып.

а) Музыкалық сауат: Күй дегеніміз не?

ә) Домбыраның құрылысы.

б) Құрманғазы туралы түсінік.

4.  Сергіту сәті.

5.  Ән үйрету.

а) әнді таңдау.         ә) сөзімен жұмыс.  б) әнді үйрену.

6. Ой толғау. Пысықтау

7.  Үйге тапсырма.

8.  Бағалау.

1. Дәстүрлі амандасудан соң, оқушыларды түгендеп, «Ой толғау» бөлімін бастау.

Оқушылардың зейінің сабаққа аудару мақсатында «Адай» күйін тыңдату.

а) мына музыкада не істедіңдер.

ә) Күй мұңлыма, әлде көңілдіме. Жақсы.

б) Күй дегеніміз не (балалардың ойын білу)

Жақсы, бүгінгі сабағымызды бастайық.

2. Музыкалық сауат: Күй дегеніміз не-домбыра және т.б. ұлттық аспаптарда орындалатын музыкалық шығарма.

Жаңағы күй қандай аспапта ойналып тұр (домбыра)

Ендеше осы домбыраның құрылысымен танысайық (тақтамен жұмыс)

Сендер білесіңдерме, домбыра біз сияқты сөйлей алады.

3. Домбыра қалай пайда болды. Ғажайып домбыра (аңыз)

4. Балалар осы домбыраның дарабозы атанған күйші, компазитор – Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы-Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданындағы Жиделі деген жерде 1823 жылы дүниеге келіп, Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батаға» деген жерінде қазіргі  «Құрманғазы төбе» деген жерде 1896 жылы дүние салды. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты-Дуйсебай деген сөз бар) өңерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Бесінші атасы-Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Жетінші атасы-Ерші деген кісі от тілді, сөз дарыған адам екен. Нағашы жұрты-Беріш руы да өнерлі болған. Анасы-Алқаның ағалары төпке ақын, әнші, күйші, палуан болатын дейді,-Ахмет Жұбанов. Ол өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нңрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Ақ желең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбыраун», «Серпер», «Бұлбұлдың құйрығы», «Қуаныш» сияқты күйлері бар.

5. Аздап шаршағандарыңды ұмытып, демалып, «Сергіту сәтін» өткізейік.

Домбыра қалай тартады?-Домбыра балай тартады.

Биді қалай билейді?-Биді былай билейді.

Сарбаз қалай жүреді?-Сарбаз былай жүреді.

Әнді қалай айтады?-Ла-ла-ла-ла-ла-ла-ла.

Жақсы балалар, енді бүгінгі үйренетін әнімізбен танысайық. «Домбырасыз сән қайда».

6. Ән үйрену.

7. Енді балалар бүгінгі сабақта не өткенімізді пысықтап, «Ой таразы» бөлімін бастайық.

а) Күй дегеніміз не?

ә) Домбыраның құрылысые ата.

б) Қандай күйшімен таныстық? Жақсы.

8. Үйге тапсырма. Әнді жаттау.

9. Сабаққа қатысқан балаларды бағалау. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. (Күй ойналады).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения