Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
09.02.2014
0
3302
0

Тәрбие басы – тал бесік

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район, с. Акжар

Акжарская средняя школа

Учитель начальных классов

Сейтказинова Советхан Шаймардановна

Тәрбие басы – тал бесік

Негізгі бөлім:

а) Өзін-өзі тану пәнінің ұлттық тағылымдармен сабақтастығы.

ә) Өзін-өзі тану пәні баланың рухани әлемін байыту көзі.

б) «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері.

в) 7-сыныпта «Тамырын жайып тереңге» сабағын оқыту.

Қорытынды

Еліміздің  болашақ  азаматы – қазіргі  балалар. Егеменді  елімізді  дамытып  гүлдендіре  түсетін  санасы  таза  және  дені  сау  ұрпақ. Сондықтан   ел  болып  балалардың  тәрбиесіне  кері  әсерін  тигізетін  келеңсіз  жағдайларға  қарсы  күресуіміз  керек. Балалардың  рухани  адамгершілігін  қалыптастыратын  салауатты  өмір  салтына  аса  көңіл  бөлуіміз  қажет. Тәрбие  отбасынан  басталады.

Бала  әрқашан  да  ата – анадан  жүрек  жылуын , мейірімділікті  қажет  етеді , ол  ата – ананы  өмірдің  тірегі  деп  санайды. Бала  үшін  ата – ана  игілік  жасаушы , үлгі - өнеге  көрсетуші  және  ақыл – кеңес  айтушы  болып  табылады.

Ұрпақ  тәрбиесі – адамзат  баласының  асыл мұраты. Үшінші  мыңжылдықты  жастар  қандай  болу  керек  деген  жанды  сұрақ  әрбір  саналы  адамды  ойландыратыны  сөзсіз.

Баланың  өнегелі , тәрбиелі  болуы  алдымен  отбасына  байланысты  болса, содан  кейінгі  оған  ықпал  жасайтын  басты  тұлға – оның  араласатын ортасы.

Бала  тәрбие  мәселесінде  ата – ананың  жауапкершілігі  күшті. Өйткені  біздер, ата – аналар, баланың  мінез – құлқын, өмірге  көзқарасын  қалыптастырамыз. Олар  үйде  көрген  өнегесін  мектептен  алған  білім , тәрбиесімен  толықтырады , жанұяда   күнделікті  болып  жатқан  сон  алуан  ірілі – уақыты  оқиғалар , ата – ананың  баламен  сөйлесуі, үй шаруасының  істеуі,  әке мен  шешенісінің  еңбекке  көзқарасы, демалысты  қалай  ұйымдастыруы, өздерінің  туыстары мен  жолдастарына  ықыласы,  қонақ   қабылдауы  бәрі де  балаларға  әсер  етеді. Олардың  мінез – құлқы, тәрбиесін  қалыптастырады. Халық  даналығы  «Ұяда  не  көрсең , ұшқанда  соны  ілесің»  демей  ме?

Осыған  орай  әрбір  ата – ана  өзінің  үй – ішіндегі  ісіне, сөзіне  басқалармен  қарым – қатынасына  ерекше  мән  беріп, сын  өзімен  қарап, жағымсыз  іс, мінезі  байқалса, өзінің - өзі  тәрбиелеу  мен  шұғылдануы  қажет  болады.

Бедел – адамның  сана – сезіміне  бекем  ұялаған  қасиет. Сондықтан  әрбір  жанұя  басшылары  өзінің  істеген  ісімен, өнегелі  жүріс – тұрысымен  жас  жеткіншектерге  тағылым  сиятындай  өнеге  көрсеткен  жөн.

Жанұя  ынтымағымының  болмауы, ерлі – зайыптылар  арасындағы  ала  ауыздылық, бірінің сөзін  екіншісі  тыңдамайтын  жағдайда  бала  тәрбиесі  қиындап  кетеді. Ата – ана  беделден, педагогикалық  ықпалдан  айырылады.

Жекелеген  ата – аналар  өздерінің  міндеттерін  тек  балаларының  қарнын  ашырмау, киімдерін  бүтіндеумен  ғана  шектелмейді. Ал  олордың  білімін  мектептен  алған  бағасына  қарай  жорамалдайды, «2»  аласа  жаман, «5» аласа  өте  жақсы. Білім  беру  саласындағы  жанұядағы  тәрбие  жұмысы  ескерілмей  қалады.

Жанұяның  басты  міндеттерінің  бірі – баланы  жарқын  сезімдері, нұрлы  мұраттарға  тәрбиелеу. Достық, жауапкершілік, ар – намыс  сезімдері, негізінен  жанұяда  қалыптасады. Осыны  әрбір  ата – ана  естерінен  шығармаған  жөн. Әр  бір  ата – ана  өзінің  жеке  бастарының  өнегесімен  балалардың  бойына осындай сезімдерді,азаматтық парызы  ұялатады.

Бос  уақытты  жанұяда  дұрыс  пайдалаудың  маңызы  өте  зор  Көптеген  балалар  таза  ауада  аз  болады.  Уакыттың  біразын телевизор  алдында  өткізеді . Бұл  баланың  денсаулығына  кері  әсерін  тигізеді.

Ата-аналар  балаларының  үйде  отыратынын  қанағат  етіп,  олардың  немен  шұғылданатынына   көңіл  бөлмейді.  Бұл  дұрыс  емес . 

Әрбір  бала  жанұяда  алған  тәрбиесін  мектепте, аулада, жолдастарының  арасында  қолданады. Сонымен  жанұяның  ішкі  қатынасының  үлкен  әлеуметтік  мәні  бар.

“Егер  біз  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  алсақ , ол  бала  дәл  сондай  бола  алады”, деген  болатын.                                                                                                                                            В.А.Сухомлинский      

Біздің  дана  қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлген. Тәрбие  ісін  арқау  ету  борышымыз.

«Тәлім-тәрбие көрген халықты бір жаққа қарай бағыттау оңай, жетектеу қиын; басқару оңай, құлдыққа соқтыру мүмкін емес» дейді Лорд Броугам.

 Демократиялық жүйелерде адамға тәлім-тәрбие беру, яки білім алған адам үлгісі ерекше маңызға ие. Себебі, демократия – зайырлы елдің өмір сүру бейнесі. Ал, жауапкершілік сана-сезімі — демократияның негізгі шарты. Бостандықпен қатар өзге шарттар жауапкершіліктен кейін келеді. Жауапкершілікті мойнына алмаған азаматтар демократияның маңыздылығын түсінбейді. Ал, мұндай сананы және сезімді қалыптастырудың жолы — тәлім-тәрбие беру. Жауапкершілік сана-сезімін қалыптастыру үшін оқыту және білім беру жеткілікті емес. Бұл үшін міндетті түрде тәлім-тәрбие қажет. Әрбір азаматқа бостандықты танытып отырған демократия жүйесі білім беру жүйесі арқылы тәрбие ісінде ынталандырмаса, тығырыққа тіреледі.

 «Мектептер – демократияның қорғаны» дейді Ф. Чателайн. Тәлім-тәрбие беру үшін мектептер жеткілікті емес. Әлбетте, адамға тәлім-тәрбие беруде мектептің рөлі зор. Алайда, тәлім-тәрбиені мектеппен шектеу де дұрыс емес. Сократ жастарды тәрбиелеп, адал болуға шақырды. Бірақ, ол кезде қабырғасы тұрғызылып, тастармен қаланған ғимараттар жоқ еді. Еркін ойлауды дамытатын мектептер болған. Негізінде, қоғамның өзі тәлім-тәрбие беруші ретінде маңызды фактор. Адамдардың басым көпшілігі осы жерде тәлім алады. Ал, егер қоғам тәлім мен тәрбие көрмеген болса, онда жағдай мүшкіл. Сондықтан, өмірдің мән-жайын түсіну және өмір сүріп жатқандығын ұғыну — тәлім-тәрбие алған адамның басты ерекшелігі. Тәлім-тәрбие көрмеген адам өмірінің мәнін білмегендігінен өмірді өз кіндігінен аластатады. Сондықтан да, тәлім-тәрбие — мектепте ғана емес, қоғамның өз ішінен шығатын қасиеттің бірі. Осы тұста Лонис Бромфилдтің мына сөзі өте орынды: «Білім беру жүйесі – мектептің туындысы емес. Адамның өзінде ұялаған қасиеттердің туындысы…». Қоғам ретінде тәлім-тәрбие алу мәселесі барлық мәселелерден асып түседі. Қоғамның жақсы да жайсаң болуы — әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Әлеуметтік әл-ауқаттың өсуі және әділдіктің нығаюы жауапкершілік сана-сезімге ие азаматтардың болмысына байланысты. Ал, бұған жетудің ең мызғымас жолы — тәлім және тәрбие…

 «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», - дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.

«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ

Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.

Бүгінгі жас ұрпақты оқыьтып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.

Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері , «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Ал биылғы, яғни 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.

Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда да 4 тарау бойынша беріледі. Олар:

1 тарау: Адамның өзін-өзі тануына арналған.

2 тарау: Адам және қоғам қарым-қатынасына арналған.

3 тарау: Адам және қоршаған орта қарым-қатынасына арналған.

4 тарау: Адамзаттың рухани тәжірибесіне арналған.

Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағытыболып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» жобасы жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда 2001 жылы қолға алынды және еліміздің жетекші педагогтері, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты.

«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық  қатынастарды қалыптастыру және дамыту.

 

 

Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат - әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету.

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 7-сыныптағы «қарым-қатынас атты екінші тарау мақсаты оқушылардың күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету болып табылады. Бұл тараудағы рухани құндылықтар оларды отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп, ата-баба ұрпақ жалғастығы туралы пайымдай алуға үйретеді.

Мысалы осы сыныпта берілген «Тамырын жайып тереңге» атты сабақтың  мақсаты әр балаға отбасы, жақын адамдары, өздері жайлы әңгімелете отырып отбасы құндылықтары, ата-баба дәстрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Осы тараудағы одан кейінгі сабақтарда (Аялай біл, сен деп соққан жүректі) балалар үшін отбасынан кейінгі әлеуметтік ортасы болып табылатын қоршаған орта, сыныптастар, ондағы өмір, қарым-қатынас ерекшеліктері туралы баяндалып, айнала қоршаған ортамен, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынаста болу, әрбір сәттен жақсылықты көре білуге, қуаныш, шаттана білуге үйрету негізделеді.

7 сыныпта «Тамырын жайып тереңге» сабағы екі сағатқа негізделген. Сабақтың мақсаты оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру; өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту; өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Мұғалім сабақта әдеттегідей шаттық шеңберін ұйымдастырады. Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Т.Молдағалиевтың «Адам» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген.

Сабақтың бірінші сағатында мұғалім аталған тақырып бойынша жалпы «Отбасы» ұғымына тереңірек тоқталып, осы ұғымды жан-жақты талдау мақсатында оқулықта берілген төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырады.

  • Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?
  • Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлерің бар?
  • Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?

Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана қабылдап қоймайды, сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Жаңа ақпараттағы  мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып береді.

Мұғалім оқушыларға ата-баба дәстүрі, ұрпақтар жалғастығы мен сабақтастығының мән-мағынасын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «оқып үйренейік» айдарында берілген Р.Акдемірдің «Ақылды егінші» атты мәтінмен таныстырады. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім мәтінді жеке бөліктерге бөліп, кідіріспен оқытуға болады. Мысалы сыныпта топтық жұмыс жүргізіп, әрбір топ мәтіннің белгілі бір бөлімін оқып, ол бойынша сұрақтар дайындайды. Мәтіннің негізгі мазмұнын әрбір топ тезист түрінде сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.

Мәтінді талдап болғаннан соң үлкенді, ата-ананы құрметтеу туралы үйренген білімдерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында                           Мұхтар Әуезовтың  «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый» деген қанатты сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Мұғалім дәйексөзді талқылау барысында «әдеп», «сый» сөздерінің мағынасын тереңірек түсіндіріп, оқушылардың үлкендер алдында қандай әдеп пен сый жасай алатындықтарына көңіл аудартып, ойлантуға жетелеуі қажет.

Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыру. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.

  • Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер, олардың мағынасын ашып дәптерлеріңе жазыңдар.
  • Өз ата, әжелеріңнің ұрпақтарына қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап, қысқаша шығарма жазыңдар.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға отбасының, шаңырақтың қадір-қасиетін ұғындырып, отбасындағы үлкендердің, ата-ананың рөлі мен орнын түсіндіру мақсатында оқулықта берілген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан берілген үзіндімен таныстырады. Үзінді оқулықта берілген.

Оқулықта оқушылардың ұқсас нәрселерді салыстыру, яғни ойлау формасы аналогия арқылы берілген тапсырма адами қасиеттер туралы түсініктерді тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Тапсырмада адамдық жақсы қасиеттерді (ақ көңілділік, ақ жүректілік, ақ ниеттілік, ибалылық) білдіретін бірнеше сөз тіркестері беріліп, оларды өзара салыстыра отырып, адами қасиеттер түсінігін тереңірек түсіндіру көзделеді.

Сабақ соңында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып М.Мақатевтың «Сәби болғым келеді» өлеңін айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген.

Ал сабақтың екінші сағатында мұғалім сабақтың бірінші сағатындағы мақсатқа сәйкес әрекет ете отырып мәселенің екінші қырын ашуға талпынады. Мысалы оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында төмендегі сұрақтар берілген:

  • Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдересіңдер?
  • Отбасы мүшелерінің ой-ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?
  • Отбасындағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма? Ал алуан түрлі болса ше?
  • Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

Мұғалім бұл сұрақтар арқылы отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет, ризашылық пен өзара түсіністікке қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіруді көздейді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдайды. Мұғалім балалардың жауаптарын негізге ала отырып, сабақта мақсат еткен негізгі ойды қорытындылап, түйіндейді.

Оқулықта берілген П.Джонның «Боз орамал» шығармасы берілген. Мұғалім шығарманы оқытуда ата-ана махаббаты, кешірімділігі, олардың өз баласынан еш нәрсені аямайтындығын түсіндіре отырып, оқушыларға ата-ана махаббатын сезініп, бағалай білу қажеттігін сезіндіріп, ұғындыруы тиіс.

Оқулықтағы келесі тапсырма оқушыларды классик ақындардың шығармаларымен таныстыра отырып, өздерінің өмір тәжірибелерін қолдана отырып, мысалдар келтіре алуға үйрету мақсатын көздейді.

«Сахналау» айдарында берілген тапсырманы орындау үшін оқушыларға белгілі бір рөлде ойнауына тура келеді. Тапсырманың орындалуы күрделірек. Сондықтан мұғалім алдын ала тақырыппен, рөлдермен, қарым-қатынас әдістерімен таныстыруы тиіс. Тапсырманы орындау барысында оқушылар жағдаяттың себебін талқылап, түсінеді бұл оларға өте тиімді болатыны сөзсіз. Рөлдік ойыннан кейін талқылау жасау қажет. Мұғалім оқушыларға сахналау кезінде актерлік сападан гөрі, әрекеттің объективті шешілу нәтижесі мен өзара қарым-қатынастың маңызды екендігін түсіндіргені жөн.

Оқулықта «шығармашылық жұмыс» айдарында төмендегідей тапсырма берілген:

  • Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?
  • Ағалыққа тұрарлық қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?
  • Лайықты іні болып жүрсің бе?

Бұл шығарманың мақсаты: оқушыларға өз іс-әрекетіне есеп беріп, ой елегінен өткізе білуге үйрету. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.

Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Қ.Жұмағалиевтың «Анашым» өлеңін айтады. Өлең мәтіні оқулықта берілген. Сонымен қатар сабақ тақырыбы мен мақсатына орай өз ата-аналарына, жақындарына тілектері мен ризашылықтарын білдіруіне болады.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанына, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа, жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады.

Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында және мектепте халықтың рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр. Осы айтылғандардың толыққанды іске асуы үшін отбасы мен мектеп тәрбиесі арасындағы ынтымақтастық, тығыз байланыс қажет. Бала тәрбиесіндегі осы байланысты жүзеге асырудың дәнекерлеушісі деп «Өзін-өзі тану» пәнін айтуға болады. Сондықтан да әрбір ата-ана отбасында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулығын қолға алып, онда айтылған тағылымдар мен құндылықтарды балаларының оқып-үйренулеріне ықпал етулері керек.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

 Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.

 Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.

 Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

 Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.

 Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…

 Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.

 Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

 Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Ал ұлттық салт - дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсетіп жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан көп қолданысқа әдет-ғұрыпқа айналған, әдет-ғұрып ұлттық қолданыста әдепке ( ұлттық мәдени көрніске) айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт болады. Салттың ұлттық санадағы көрнісі салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.

 Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып, сараптап өтсек.

 Белгілі педагог К.Д. Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал, Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз “ деп қарастырды.

 Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев “Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізде мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрніс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінезді болып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз” – тұжырымдайды.

 Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

 Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” –деген екен.

 Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектеп ішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.

 Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:

 - тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;

 - сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;

 - мектеппен отбасының байланысын жасау;

 Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазір оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, биімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымызды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парымыз.

Атамыз  қазақ  “Тоқсан  ауыз  сөздің   тобықтай  түйінен ”  тауып, қысқа  да, нұсқа  сөйлеген. Сонымен  бүгінгі  баланың  тәрбиесі – ертеңгі  біздің  рухани  байлығымыз!

Қорыта  келе, өз  ұлтымыздың  салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын  балалардың  бойына  сіңіріп, нағыз  қазақ  жігітті, нағыз  қазақ  қызы  дерліктей  тәрбиелей  отырып, салқын, елін, жерін,тілін –дінін  ата –анасын  құрметтеуге  сүюге тәрбиелеу.

Дәстүрімізді  үйренген  ұрпақ, өміріміздің  өзекті  мәніне  айналары  сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Самопознание kz» журналы:. №8 июль 2011 (25-29 беттер). 

2. «Самопознание kz» журналы. №7 (19) июль 2011 (25-27 беттер).

3. «Жантану» оқулығы

4. «Самопознание kz» журналы: №3 август 2011 (30-32 беттер)  


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения