Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
09.02.2014
0
1436
2

Қазақстанның табиғаты, Су қоймалары

Казахстан, ВКО, г. Семей

"СОШ№11" КГУ

Учитель казахского языка и литературы
Искакова Гульмираш Рымбаевна

Қазақстанның табиғаты, Су қоймалары

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту. Буын түрлерін қайталау.

2.Дамытушылық: оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты оқуға, жазуға үйрету.

3. Тәрбиелік: патриоттық тәрбие, оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Оқыту нәтижесі 

1.Сынып оқушыларының ойлау қабілеттері жетіледі.

2. Оқушылардың ауызекі тілдері дамиды.

3. Оқушылар өз  беттерімен білім алуға ынталанады.

 

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, қайталау, , жеке жұмыс, кластер

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу;

Оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру мақсатында  жақсы тілектер айту үшін  «Шаттық шеңберіне»  шақыру.

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн, құрбым!

Жұманың сәті

Сәттілікке толсын!

Бүгін алған бағаң

Кілең бестік болсын!

 

ІІ. Үй жұмысын тексеру

І слайд. Өткен сабақты пысықтау. Рәміздер туралы сұрау.

1.Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?

2.ҚР Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды.

3.ҚР мем. Елтаңбасының түсі қандай?

4.Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

5.Шаңырақтың айналасында нелер бар?

6.Елтаңбаның екі жағын нелер көмкерген?

7. Елтаңбаның авторлары кімдер?

8. Елтаңба туралы өлеңді кім айтып береді?

 

«Елтаңбасы  елімнің» өлеңін жатқа айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе сөз: Балалар, өткен сабақтарда  сендер Қазақстанның қалаларымен,  мемлекеттік рәміздерімен таныстыңдар. Бүгін біз  Қазақстанның  табиғатымен танысамыз.

Табиғат деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Табиғатқа нелер жатады?

1.      «Табиғат» сөзіне кластер жасау  3 слайд

ЖЕР, ТАУ, ТЕҢІЗ, ӨЗЕН, ОРМАН

4 слайд Жаңа сөздермен жұмысты ұйымдастыру.

Сөздік жұмыс:

ел –страна

жер-земля

теңіз-море

көл-озеро

өзен-река

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

Біздің жеріміз үлкен. Биік тау. Біз биік тауға шықтық. Біз өзенге шомылдық.

 Мәтінмен жұмыс: Оқу, аудару.

5. Сұрақ-жауап ұйымдастыру

1. Қазақстанның жері қандай?

2. Табиғаты қандай?

3. Қазақстанда қандай  таулар бар?

4. Неше теңіз бар?

5. Олар қай теңіздер?

6. Қандай үлкен өзендер бар?

 

6. Іле Алатауына саяхат жасаймыз.  Ол үшін біз  мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

Жазылым. Дәптермен жұмыс. Грамматикалық  тапсырмаларды орындау:

1. Мәтіннен 3 жуан, 3 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.

2.Сөздерді буынға бөліп жаз.

Іле Алатауының суретін көрсету. 

5 слайд. Сурет бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Сергіту. Көзге арналған жаттығу жасау.

7. Қазақстанда қандай теңіздер бар?

Келесі саяхатымыз- Каспий теңізі. Ол үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек. 6 слайд. 1.Сызба бойынша  сөйлеу. 

                                            Қазақстан  Таулары     теңіздері     өзендері

8.  «Сиқырлы сандық»  Сөздерді кестеге орналастыр.

1.Қазақстанда қандай өзендер бар?

2.Біздің қаламызда қандай өзен бар?

3.Өзеннің үстінде не бар?

Семей өзеніне саяхат. 9 слайд

Енді біз Семей қаласында орналасқан Ертіс өзеніне саяхат жасаймыз.  Аспалы көпірге шығамыз. Ол үшін сендер  мына тапсырмаларды орындаңдар.    

Айтылым. Сызба бойынша сөйлеу.

Қазақстанның жері бай.

Қазақстанда Іле Алатауы, Қаратау, Баянауыл, Алтай  таулары бар.

Екі үлкен теңіз бар. Олар-Каспий және Арал теңізі.

 Үлкен өзендер бар: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Шу.

 

IV.Бекіту: «Білім биржасы» ойыны. 10-15 слайдтар

V. Қорыту. Сұрақ-жауап:

Бүгін сабақта не туралы білдік?

Қазақстанда қандай таулар бар?

Елімізде қандай теңіздер бар?

Жерімізде қандай өзендер бар?   

V. Бағалау.

VI. Үй тапсырмасы:  -жаңа сөздерді жаттау;  -мәтінді мазмұндау;  -38-бет 3-тапсырма (жазбаша)  
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения