Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
08.02.2014
0
804
0

Қонақ күту

Казахстан, Акмолинская обл, г. Кокшетау

Средняя школа №6

Учитель казахского языка и литературы

Исламова Қарлығаш Темірханқызы

Қонақ күту

Білімділік:  оқушыларға туған жері, қазақ ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейеді және  мағлұмат беріледі.  

Дамытушылық: оқушылардың белсенділіктері артып, іздену қабілеті дамиды, сабақтың мақсатына жету жолында еңбектенеді, оқушылар ізденуге  бағыт-бағдар алады, қиыншылықтарды төзіп жеңуге үйренеді.

Тәрбиелік:  оқушылардың туған жеріне және халыққа деген сүйіспеншілігі артады.

Эпиграфы          : Қазақ халқы қонақжайлығымен, кішіпейілділігімен, кеңдігімен ерекшеленеді.

Сабақтың барысы:   
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

б) Оқушылардың  көңіл-күйін байқау;

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме балалар! Біз қазір ерекше топқа бөлініп жұмыс істеп жүрміз. Солай бізде бірнеше сабақ өткен. Бүгінде топпен жұмыс жасаймыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазайық.

Жаңа тақырып «Қонақ күту»

      Осы мақсаттарға жету үшін белсенді қатысып, тапсырмаларды орындау керек. Осы тақырыппен байланысты сендер топ-топпен үй жұмысын дайындадыңдар. Соны көрсетейік.

І топ  Қазақ халқының салт-дәстүрі.

ІІ топ Қазақ халқының ұлттық киімдері.

ІІІ топ  Қазақ халқының ұлттық тағамдары.

Барлық балалар үй жұмысын ізденіп, жақсы дайындап келіпсіз.

Сіздерге рахмет!

Енді жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындаймыз.

1 тапсырма

  Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну керек.

-         Настя оқып шық.

-         Мәтінде таныс емес сөздер бар ма?

-         Жоқ

-         Ендеше сөздік жұмысын жасамаймыз, тапсырмаға көшеміз.

1 бетті қағазға тақырып бойынша ойларыңды жазып, қорғау

(3 минут беріледі). Шығып қорғаймыз.

2 тапсырма. Әрбір топ 2 сұрақ құрастырып бір-біріне қояды.

3  тапсырма. (жазбаша дәптерге орындаймыз)

Оқулықпен жұмыс (50 бет 1 тапсырма)

ІІІ топ  Қонақ, қонақжай, қонақжайлы.

ІІ топ. Сый, сыйлы, сыйлық

ІІІ топ. Жол, жолдас, жолдастық.

4 тапсырма  «Қонақжай» сөзбен 3 сөйлем құрастырайық.

5 тапсырма  Бір оқушы тақтаға шығып, синтаксис талдау жасайды, қалғандары топпен жұмыс істейді.

Қонақ аяқ киім шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі.

Қ О Н А Қ

І топ жіктеу                              ІІ топ тәуелдеу                ІІІ топ септеу 

6 тапсырма

Қ О Н А Қ Ж А Й Л Ы  сөзбен жұмыс.

Осы сөздегі әріптерді қолданып, сөздер құрастыру

7 тапсырма

      Оқушылар, сендер қазақ тілі және қазақ әдебиетіндегі сабақтарды өте көп мақал-мәтелдерді білдіңдер. Енді қазір қандай қонаққа арналған  мақал-мәтелдерді білесіңдер, айтайық.

Үй жұмысы: «Қонақ күту» тақырыбы бойынша эссе жазып әкелу.

           Сабақтың қорытындысы: Оқушылар, сабақты қорыта келегенде сендер белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындадыңдар, ізденіп шығарма жұмыстарын жасапсыңдар. Мен сіздерге рахмет айтып бес деген бағаны барлық топтардағы балаларға қоямын.

          Қазақ халқы қонақты жылы қабақпен шығарып салатындай сабақты әдемі әнмен аяқтаймыз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения