Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
06.02.2014
0
1486
0

Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан! (ашық тәрбие сағаты)

Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау

Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей

Воспитатель

Турукулова Қарлығаш Ислямбековна

Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан! (ашық тәрбие сағаты) 

Мақсаты:  оқушыларға Тәуелсіздік туралы  ұғымды  ұғындыру,  елін құрметтеуге тәрбиелеу,  патриоттық сезімін ояту.

1 - жүргізуші:

Отан, Отан

Сен болмасаң, не етер ем,

Өмірден бұл өксумен кетер ем, деп – құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар 

«Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2- жүргізуші:

Көк байрақ

Зеңгір көк түс – бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы,

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы, ұланбыз біз жайдарлы.

1 - жүргізуші:

Алтын күннің астында қалықтайды қыраным,

Шет-шетінен көмкерілген ою-өрнек, жыр әнім.

Салтымызда салт – дәстүрім жаңғырып,

Орындалып жалындаған асқақ биік арманым.

2- жүргізуші:

Көк  байрақты көтерер болашақпен таудаймын,

Елім үшін жаным пида, лапылдаймын, лаулаймын.

Ана тілін, өз тілімді жаттап өскем жасымнан,

Қасиетті қара өлеңді бір өзіңе арнаймын.

1-    жүргізуші:

Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз,

Өзінде айбын қуаныш, өзіннен қуат аламыз.

Ашық аспан, бейбіт күн, жалғаса берсін салтымыз,

Тәуелсіздікке тән белгі – шырқасын мәңгі халқымыз.

2-    жүргізуші:

Жан азығым, қалықтай берсін, шарықтай бер Әнұран,

Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер кең далам!

Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп Әнұран,

Елімде рух, мән берген иесі оның мен болам!

ҚР әнұраны орындалады.

1-    жүргізуші:

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз  елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін ұланғайыр даламыздың тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.

Ән: «Өз елім менің»

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманның азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырғыш аманаты екені сөзсіз. « Өткенсіз болашақ жоқ» - дейді дана халқымыз.

Ән «Мен қазақпын »

2 – жүргізуші:

Тәуелсіздіктің басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп, әлемдік аренадан көрінсе, кешегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына ( ЕҚЫҰ ) – ға төрелік етуі, 7 - қысқы Азия ойындары  тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе?

Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма?

Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін тоқтық пен молшылықты, қуаныш пен жақсылықты, мұқтаждық пен жоқшылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе ?!  Қазақ  халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай, бүгінгі күні тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

«Туған жер» әні

1 – жүргізуші:

Қазақ даласында қайсар рухты Амангелді мен Бекболаттар жерін қорғауда аянбай күрессе, кешегі бүкіл ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Арқада Ахмет пен Міржақып, Шығыста Алихан, Оңтүстікте Мұстафа, Батыста Халел – халқымыздың ояну дәуіріндегі арыстары, алаптары. Тарихты сараласақ, дұшпанын басқа шығармай, басынан сөз асырмаған елміз. Рухы мықты қайсар қазақ елі аштықты да, қызыл қырғынды да, сталиндік репрессияны да бастан кешті.

 «Жібектің елі» орындайтын Есемғали Анель

2 – жүргізуші:

Елбасымыз елдікті нығайту мен қатар есімі тарихта қалған ұлылар абыройын да асқақтата білді. Оған дәлел ЮНЕСКО көлемінде Абай, Жамбыл, Мұхтар, Махамбет тойларының өткізілуі. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында Астананың Сарыарқа төріне көшірілуі – көрегендіктің белгісі.

1 – жүргізуші:

Түркістанның 1500 жылдығының тойлануы, Күлтегін бабамыздың ескерткішінің Елорданың төрінен орын алуы. Сонымен қатар «Экспо 2017»   Сарыарқаның төрінде өтуі, «Қазақстан 2050» Стратегиясы, Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы.

Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар – асқар тауы бар, кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар менің елім – Қазақстан !

Біз 22 жылда үнемі даму, қарқындау үстіндеміз.

«Қазақ жері осындай»  әні

2 – жүргізуші:

Бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін қазақтың ұлан - байтақ жерін ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» қорғап келген.

Күй: «Балбырауын».

1 – жүргізуші:

Дініміз, тіліміз, ұлттық болмысымыз үшін жандарын қиған Алаш арыстарының да арман мақсаттары жүзеге асты. Оның дәлелі – мемлекеттік тіл туралы заң.

«Саржайлауым»

Барлық қатысушылар сахнаға шығады.

2 – жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық ! Құтты болсын қуаныш!

«Жаса Қазақстан» әні

1 – жүргізуші:

Баршамыздың туған Отанымыз – Қазақстан жасай берсін, байтақ еліміздің мәртебесі биіктеп, әрдайым мерейі үстем бола берсін. Еңбекте жемісті, оқуда озат, денсаулықтарың мықты болып, Қазақстанның өршіл, намысқой, ержүрек азаматы болуларыңызға тілектеспіз.

2 – жүргізуші:

Желбіреп көкте байрағың,

Аман боп ауыл, аймағың,

Айбарың ассын қазағым – деп, жырлай отыра, осынау дарқан жүректі, кең жазира көңілді, ақын жанды халықтың ұрпақтары болғандарымызға қуанамыз, мақтанамыз ! Мың өліп, қайта тірілген елімнің Тәуелсіздігі ұзағынан сүйіндірсін деп, бүгінгі салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения