Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
05.02.2014
0
3078
3

«С», «с» дыбысы мен әрпі

Казахстан, г. Костанай

Средняя школа №30

Учитель начальных классов

Мнайдарова Әсемгүл Оразғалиқызы

«С», «с» дыбысы мен әрпі

Күні: 17.10.2013.

Пән: Сауат ашу

Сынып: 1 «А»

Сабақтың тақырыбы: «С», «с» дыбысы мен әрпі. 1слайд

Сабақтың мақсаты

Білімділік: «С», «с» дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға, оқуға жаттықтыру.

Дамытушылық : оқушылардың ой-өрісі, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. 

Тәрбиелік: Дәптерге таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу. Сыйластыққа, кішіпейілілікке, үлкенді, кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: ой қозғау, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: компьютер, кеспе әріптер, д\о «Не тығылды?»,  көркем жазу үлгілері, суреттер, жұмбақ.  

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қажетті оқу құралдарын дайындату. Оқушыларды сабаққа  дайындау. Зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. Оқушыларорындарынан тұрып тілек айтады.

       Үлкенге де сіз,

       Кішіге де сіз.

       Әдеппенен бастаймыз,

       Сабағымызды біз. 

II. Өткенді қайталау. 2 слайд

Өткен әріптерді қайталау.

62 беттегі «Орман» мәтінін оқыту.

Сөздік диктант

Бала, бота, бор, бал, қар, май сөздерін жаздыру, тексеру.

III. Жаңа білімді меңгеруге даярлық.

Жұмбақ жасыру.

                           Қос мүйізді, төрт сирақты.

                           Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (сиыр)  3 слайд

Балалар сиыр деген сөзде ең бірінші қандай әріп естіледі?

Сиырдың адамға қандай пайдасы бар? Осы жерде сын тұрғысынан ойлау технологиясының бір элементін пайдаланамын, «Кластер толтыру». Сиыр бізге не береді?

 

 
   

 

 


                                                         сүт         ет        тері

 

 

май         қаймақ       ірімшік         бал қаймақ        құрт      сүзбе

 

С дыбысын айтқанда дауысымыз созылмайды, кедергілер  болады. Қалай ойлайсыңдар «С» дыбысы қай үйде тұрады?

Дұрыс балалар «С» дыбысы көк үйде тұрады.

«С», «с» дыбысының әріп таңбасын көрсету. Баспа және жазбаша түрін жазып көрсету.  4 слайд

 

Сергіту сәті: 5 слайд

Бас аяқты топ-топ-топ,

Шапалақта көп-көп-көп.

Бір алға, бір артқа,

Өзіңді өзің айнала.

Оқулықпен жұмыс: 6 слайд

«С» дыбысын ауада жазу.

Сиыр сөзіне дыбыстық талдау жасату, бұл сөзде «С» дыбысы сөздің басында кездеседі, маса сөзінде «С» дыбысы сөздің ортасында кездеседі, бас сөзінде «С» дыбысы сөздің аяғында кездеседі. Олай болса «С» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездесеті.

 

Дыбыстық талдау (қорапшалармен)

 

с

а

ғ

а

т

 

 

 

 

 

 

 

Тексеру.      7 слайд

 

Сергіту сәті     8 слайд

 

Дәптермен жұмыс: ең алдымен «с» әріп таңбасын ауада жаздырамын, тақтаға «С» әрпінің таңбасын жазып көрсетемін. «С» әрпі жазылған парақшалар үлестіремін, балалар бастырып жазады, содан соң «с» әрпін жазады.

 

 

 

 

Сергіту сәті:   9 слайд

Көгершінге ұқсайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Ұямызға қонайық,

Әдемі етіп жазайық.

 

Оқулықпен жұмыс:   10 слайд

Сөздерді буындап оқыту, сөздік жұмыс жүргізу.

 

Сергіту сәті:     11 слайд

 

Дәптермен жұмыс:

С дыбысының бас әрпін және кіші әрпін жазады. Сана, Саттар сөздерін жаздыру. Сандық, глобус, үстел, мысық деген сөздердегі «С» дыбысын бастырады.

 

Дидактикалық ойын «Не тығылды?»    12 слайд

Сары түсті қарандашпен тек қана «С», «с» әріптері тұрған бөліктерді боя. Мұқият қара басқа бөліктерді бояп тастама.

 

 

 

 

 

 
   

 

 

Шыққан суретке сөйлемдер құрастыру. 3-4 балаға.      13 слайд

 

 

IV. Бекіту кезеңі.

Балалар біз қандай жаңа дыбыспен таныстық?

«С» дыбысы қандай дыбыс?

«С» дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

 

 

Оқушыларды мадақтау.    14 слайд

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен бағалап, мадақтау


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения