Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
05.02.2014
0
2572
6

Электромагниттік тербелістер мен толқындар





Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау

КГУ "Сервисно-технический колледж № 1"

Преподаватель физики

Тастембекова М.Б.

 

Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: тақырыптар бойынша алған білімді бекіту және тереңдету, үлгілік есептерді шығаруда икемділіктерді дамытуды жалғастыру, тақырып материалын меңгеру деңгейін анықтау;

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызығушылықтарын дамыту, қойылған сұрақтарға қысқа да қисынды жауап беруге, ойларын анықтап айтуға үйрету;

Тәрбиелік: табиғат құбылыстары мен әлемнің бірыңғай физикалық көрінісінің өзара байланысы туралы түсінігін қалыптастыруды жалғастыру, байланысқа бейімділікті  (оқытушыны, жолдастарын тындай білуге) тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: АКТ қолданумен ойын-сабақ

ТОҚ: ДК, тапсырмалары бар карточкалар, бейне проектор, «Өз ойыным» презентациясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
  • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау
  • Сабақ тақырыбын және оны өткізу түрін хабарлау.

 

ІІ. Тірек білімдерді актуальдандыру (үй жұмысын блиц-сауалдама түрінде тексеру)

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

Берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін жинақтау

Сабақты келесі эпиграф сөздерімен бастау

   Білім, ол шам-шырағы жұрттың күнде,

                                                            Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.

Ж.Баласағұн

ІV. Сабақтың негізгі бөлімі (электромагниттік тербелістер мен толқындар бөлімдері бойынша алған білімді бекіту)

 Топтарға бөлу, команда капитандарын таңдау. Оқытушылар арасынан қазылар алқасын таңдап, анықтау. Ойынның сипаттамасы:бұл ойын – теледидарлық «Өз ойыным» ойынының аналогы. Ойынға үш команда қатысады, әр команда 9-10 студенттен тұрады. Ойын 6 тақырыптан, әр тақырып 5 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауап үшін 100 – ден 500-ге дейін ұпай беріледі. Егер топ сұраққа дұрыс жауап бермесе, сұраққа басқа топ жауап бере алады, ұпай дұрыс жауап берген топқа беріледі.   Жиналған ұпайлар бойынша ең аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады. Қалған екі топқа күрделілігі бірдей есеп беріледі, қай топ дұрыс және бірінші болып есепті шығарса, сол топқа 500 ұпай беріледі. Соңында ойын ұпайлары саналып, ойын жеңімпаздары анықталады. 

V. Ойынның қорытындысы. Жеңімпаз топ мақтау қағаздарымен мадақталады.

Студенттерді бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы.

Электромагниттік тербелістер мен толқындар тараулары бойынша барлық негізгі анықтамалар мен формулаларды қайталау; Рымкеевич есептер жинағынан № 12.1 – 12.6 есептерді шығару 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения