Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
05.02.2014
0
753
0

Табу

Казахстан, Северо­ Казахстанская область, Айыртауский район, с. Новоукраинка

Рудная средняя школа

Учитель казахского языка и литературы

Атыгаева Асем Шагымановна

Табу

Мақсаты: Жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, Табу  туралы     лингвистикалық білім беру.

 

 Міндеттері:Ресурстардағы тақырыпқа сай тапсырмаларды орындау  арқылы сыни ойлауға үйрету,оқушылардың метакогнитивті дағдыларын қалыптастыру,  бір-бірінің пікірін  тыңдай білуге, өз ойларын ашық жеткізе білуге,ынтымақтастыққа  дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Табу  туралы толық мәлімет алу, оның адам өміріндегі маңыздылығын білу. Топпен жұмыс жасай білуге, ынтымақтастық ахуал құру. Өз пікірін қорғай алу,дәлелдей алады,әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады. 

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,пікірталас,сахналау/диалогтік оқыту/ қызығушылықты ояту.миға шабуыл, ой қозғау/сыни тұрғыдан ойлау/,(жеке тапсырма беру арқылы) жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,дарынды және талантты балаларды оқыту(зерттеу),бағалау(кері байланыс).

Көрнелігі: интерактивті тақта, ресурстар,ватман, түрлі қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:

І.Психологиялық дайындық : «Сағат бойынша достар» ойынын ұйымдастыру Психологиялық дайындық кезеңінде оқушылар «Сағат бойынша достар» ойынын ойнайды.Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарын қысады, жылы сөздер айтады, массаж жасайды, арқаларынан қағады, бір-біріне көздерін қысады, күлімсірейді. Ойын арқылы көңілдері көтеріледі.

2.Қызығушылықты ояту.ТҰСАУКЕСЕР.

Берілген метаграммалардың   жауабын табыңыздар:

Оқушылар топ болып берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, қызығушылық білдірді. Берілген метаграмманы шешу арқылы жаңа тақырыптың тақырыбын анықтайды.

           Атада бар         

Арада жоқ

Батада бар            Т

Масада жоқ

 

Сайда бар

Қойда жоқ            А

Тайда бар

Тойда жоқ

 

 

Биеде бар

Түйеде жоқ           Б

Биде бар

Тілде жоқ

 

Уықта бар

Ықта жоқ              У

Суда бар

Ойда жоқ.

 

Негізгі бөлім. 3.Топқа бөлу.

 

1.Оқушыларға қима қағаздар таратылады.Ол қағаздарда күшік, әтеш деп жазылып тұр.Оқушылар өз кейіпкерінің дауыстарын шығарып, сол арқылы өз тобын табады.

 

4.Проблемалық жағдаят.

    Бір келіншек орманнан келіп,маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы алып, бауыздап жібердім депті. Мұны қалай түсінесіңдер? Мұндағы маңырама,ұлыма,жаныма сөздерін  басқаша қалай атауға болады.

Маңырама-қой,ешкі Ұлыма-қасқыр Жаныма-пышақ.Ендеше, тілімізде ескі- наным сенімге байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздерді табу дейміз.

 

5.Жаңа тақырыптың глоссарииімен таныстыру. Табу-полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда тыйым салу –алғашқы қауымды құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым.Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын.

6.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша мәтіндер беріледі.Табу,жаңа түскен келінге байланысты,табиғат құбылыстарына,жан - жануарларға байланысты.Топ тәлімгерлері жұмыстарын қорғайды.

 

7.Ертегі жазылған мәтінді  таратып беру,сахналауды ұсыну. Топтар берілген мәтінді сахналайды.

 

8Шығармашылық тапсырма (өткен тақырыппен байланыс).

Мынадай үлгіде әзіл өлең құрастырып, өлең шумақтарында міндетті түрде омоним  сөздер болу  керек.

Мысалы: 

 Бүгін кеште ауылда,

 Қызықты бір кеш болды.

 Аяғымен су кешіп,

 Айыбымды кеш деді.

СЕРГІТУ СӘТІ.

9.Айналайын,толғанайын –ойынын ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар үйдегі үлкендер оларды қалай еркелетсе ,бір-біріне жылы сөздер айту арқылы  еркелетіп ,бастарынан сипап,арқаларынан қағады.

 

10. Әзіл сұрақтар. Бұл сұрақтарға оқушылар мақалмен жауап беруі қажет.

Қар жана ма?
Түкіріктен көл құрала ма?
Қандай бас аяққа тыным бермейді?
Тауық түс көре ме?
 

11.Екі топқа постер құрату.(Табу тақырыбына).

 

12.Зерттеу жұмысы. Ақын Қадыр Мырзалиевтің өлең кітаптарынан антоним кездескен бір екі шумақ өлеңдерін дәптерге жазу.

13.Топтармен жарыс ұйымдастыру.Кім жылдам? (тыйым сөздер айтып жарысады).

 

 Сабақты қорытындылау:

14.INSERT –картасын толтыру.Осы сабақта не білгені туралы кесте толтырады. 

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

15.Ыстық орындық. Топтан бір оқушы шығып,ортадағы орындыққа отырады.Ыстық орындықтағы оқушыға 2 топ мүшелері тақырыпқа сай сұрақтар қояды. 

 

Үйге тапсырма:Табу тақырыбына  5 тест тапсырмасын құрастыру.

Қосымша мәліметтер іздеу

 

Бағалау./өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау/.

 

Кері байланыс.Ым - ишара арқылы.


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения