Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
01.02.2014
0
3601
0

Сабақтың тақырыбы: Үстеу.Үстеудің түрлері.

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Кокпектинский район, с. Кокжайык

Кокжайыкская средняя школа

Учитель казахского языка  ІІ квалификации

Жалелова Анар Ергазиновна

Сабақтың тақырыбы: Үстеу.Үстеудің түрлері.

Мақсаты: Жалпы үстеу туралы түсінік беру,оның түрлерін ажырата білу, білімдерін пысықтап бекіту.

      Міндеттері:

1. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

 2. Топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
 3.Өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырып бойынша толық мағлұмат алды. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, қорытынды жасай білетін, топта ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасты.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі – тәсілдері: Сұрақ – жауап,түсіндіру, ұжымдық талдау, топқа бөлу, СТО( Еркін жазу, Венн диаграммасы, ЖИГ СО).

 

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ватман, түрлі түсті қағаздар,үлестірмелі қималар.

 

Сабақтың барысы:

 

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) психологиялық ахуал тудыру;

б) топқа бөлу;

в) бағалау парағын үлестіру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

ҮІ. Үлестірмелі қималар.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау.

Х. Кері байланыс.

    Мұғалім:

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

 

      Сәлеметсіңдер ме, балалар? Отырыңдар. Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберге тұрып, бір – бірімізге жылы – жылы лебізімізді білдірейік.

Мен сендерге бүгінгі күнге сәттілік тілеймін!

 

   Ендеше, балалар, « Мен не білемін?», « Мен не білгім келеді?», « Мен не білдім?» деген үш сұраққа жауап беріп көрейік. 

  ІІ. Үй тапсырмасын сұрай отырып өткен тақырыптарды қайталау.

« Мен не білемін?» сұрақ – жауап ( оқушылар өткен тақырыптар бойынша бір- біріне сұрақтар қояды).

 Зат есім деген не?

 Сын есімнің мағыналық түрлерін ата.

 Етістік дегеніміз не?

Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? т.б

Сонымен, балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?

 

 

 

ІҮ. Жаңа сабақ. « Мен не білгім келеді? »

Бүгінгі сабақ сөз табының тағы бір түрі « Үстеу және оның түрлері».

( Оқушыларды түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу). Сабақтың мақсатын оқушылар өздері құрады. Тақырыпты алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылайды. Алдымен  топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.

І – топ Үстеу туралы түсінік

ІІ – топ Үстеудің құрамдық түрлері

ІІІ – топ Үстеудің мағыналық түрлері

 Топта постер жасай отырып, тақырыптарын қорғайды.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

 Дәптермен жұмыс.

І топ -  285 жаттығу

ІІ топ -  287 жаттығу

ІІІ топ -  290 жаттығу

ҮІ.  Үлестірмелі қималар.

І топ.

Берілген мөлшер үстеулерін кірістіре отырып сөйлем құраңдар.

Онша. Мүнша. Неғұрлым. Талай. Сонша. Әжептәуір.

ІІ топ.

Мекен үстеулерін

ІІІ топ.

Мезгіл үстелерін

 

 Венн диаграммасын толтыру.

І топ-   Етістік пен үстеу.

ІІ топ-  Зат есім мен үстеу.

ІІІ топ- Сын есім мен үстеу.

 

 

 Шығармашылық жұмыс.

« Үстеу елінің патшалығы» ертегі құрастыру.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

« Мен не білдім?»

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

295 – жаттығу

1) Негізгі үстеу мен туынды үстеуді ажырату, қалай жасалғанын айту

2) Берілген үстеулерді қатыстырып, мәтін құрастырып жазыңдар.

ІХ. Бағалау. Бағалау парағын жинап алу.

Х. Кері байланыс.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения