Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
29.01.2014
0
1029
0

Отырарлық ғалым

Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау

СШ№6

Учитель казахского языка и литературы

Казбекова Самал Рустемовна

Отырарлық  ғалым

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:   Оқушыларға шығыстың ғұлама ғалымы Әл- Фарабидің  өмірі мен еңбегінен мағлұмат беріледі.  

 б) дамытушылық: Оқушылардың белсенділіктері арттырылады,  сыйлау, іздену, қабілеттіліктері  дамытылады.

 ә) тәрбиелік: Әл – Фарабиден үлгі алуға тәрбиеленеді, еліне, халқына деген сүйіспеншіліктері арттырылады.

.Сабақтың  түрі: жаңа білім беру .

Әдіс – тәсілдері: баяндау, пікірлесу, сұрақ – жауап, талдау,ой қорыту.

Сабақтың ресурстары: слайд шоу, постер,үрленген шарлар,көне шығыс халқының киімдері.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Амандасу

Оқушыларды топқа бөлу,психологиялық тренинг өткізу (мұғалім мен оқушылар бір – біріне жақсы тілек, лебіздерін білдіреді)

Әр топқа бағалау парағын тарату.

Үй жұмысы: Қазыбек шешеннің  шешендік сөзінен үзінді жатқа айту.

                Жаңа сабақ

Өткен сабақтарда біз қазақ халқының әйгілі шешендерімен таныстық. Бүгінде қазақ халқының  ұлы ғұламаларының бірі  Әбу Насыр Әл-Фарабимен танысамыз.

Сіздерге үйге қосымша тапсырма бергенмін.

1- топқа Әл-Фараби туралы, ал 2- топқа туған қаласы Отырар туралы  мәліметтер жинап келу тапсырылған.

3- слайд шоу мұғалімнің «Сендер білесіңдер ме?» атты қосымша мәліметі.

Әбу Насыр Әл-Фараби жастайынан талапты,оқу- білімге құштар болған. Білім жолын таңдауына  әкесі қарсы болмаған. Оның әкесі Мұхамбет қыпшақ елінің атақты қолбасшысы болған. Әл- Фараби өзінің көпшілік уақытын Отырардың  бай кітапханасында  өткізген. Сол кездері Отырар кітапханасы әлемдегі Александриядан кейінгі екінші ірі кітапхана еді.

Ғылымға , білімге деген ынтасы осы кітапханада пайда болған.Ғылым саласына 150–ге  тарта  еңбектер жазып қалдырған.  Тарихи деректер бойынша 70-ке  жуық тіл білген.Соның ішінде араб, парсы,түркі, латын, грек тілдерін өте жақсы білген.Әл- Фараби атқа міну өнерін жақсы меңгеріп, садақ атудың да шебері болған.  Ұлттық теңгемізде Әл-Фараби суреті бейнеленген.Ол Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл, ғалым болғаны барша жұртқа белгілі.

Жаңа сөздермен танысамыз.

Шаһар, шежіре, төбе.

Оқулықтағы мәтінмен танысамыз.(Отырарлық ғалым.)

I топ мәтіннің 1- бөлігін мәнерлеп оқиды.

II топ мәтіннің 2- бөлігін мәнерлеп оқиды.

Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазады.

Тақтадағы тапсырманы орындайды.(Мәтінге ат қояды,топтар бір- біріне сұрақтар дайындайды.)

Грамматикалық тапсырмалар;

А) 2 сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

Ә) Синоним сөздердің баламасын,  антоним сөздердің сыңарын табады. 

Б) 1 cөзді тәуелдейді, 1 сөзді септейді.

Сергіту сәтін өткіземін. Ертедегі шығыс ғалымдары киген бас киімді бастарына киіп ,Әл-Фараби жайында өз ойларын айтады.

Кітапханашының көмегімен жасалған көрмеге назар аудартамын.

Оның жазған ,ол туралы жазған кітаптар туралы айтып кетемін.Соның ішінде Музыка туралы жазған еңбегіне тоқталамын.

Әл- Фараби музыканы көп зерттеген.

Ол музыкалық аспаптар жасайтын және оларда шебер орындайтын адам болған.Домбыра мен қобызды жасай білген.(Слайд арқылы домбыра мен қобызды көрсетіп, олардың үнін естіртемін.)

Тақтаға сұрақтар шығады. Сол сұрақтарға жауап берсе, екінші жағынан Әл- Фарабидің портреті шығады.

Екі оқушы аңыздан үзінді ойнап береді.

Сабақты постер  толтыру арқылы аяқтаймын.

Оқушылардың білімін бағалау парақтары арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: Әл-Фараби туралы эссе жазып келеді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения