Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
29.01.2014
0
1822
0

Негіздердің жіктелуі, қасиеттері мен қолданылуы

Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г.Кандыагаш

Средняя школа №1

Учитель химии 

Какенова Орынгуль Нусиповна

Негіздердің жіктелуі, қасиеттері мен қолданылуы

Сабақ мақсаты:  

  • Негіздердің ережесін бекіту, химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы оқып үйрену, химиялық теңдеулер құра білу дағдыларын жетілдіру.
  • Негіздердің химиялық қасиеттеріне тоқталып, тиісті тәжірибелерді жасап, теңдеулерін жазып, химиялық сауаттылықтарын дамыту.
  • Негіздермен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігін  үйретіп, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Типі: аралас

Түрі:  дәстүрлі

Әдісі:  түсіндірмелі, сұрақ жауап, демонстрациялау

Формасы: жеке, ұжымдық

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, электронды оқулық, химиялық реактивтер мен құралдар

Сабақ ұраны: 

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
  • Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Сабақ барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. жаңа сабақ
  4. сабақты қорыту
  5. үйге тапсырма беру
  6. оқушылар білімін бағалау

«Ой шақыру»:

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: «ҚЫШҚЫЛДАР», «ТҰЗДАР», «ОКСИДТЕР»

Әр топтан тақтаға бір оқушыдан шығып, топтарына сәйкес күрделі заттардың (он) формуласын жазу.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.

Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.

 


  1. оксидтер дегеніміз не?

 

  1. негіздер дегеніміз не?

 

  1. тұздар дегеніміз не?

 

  1. қышқылдар дегеніміз не?
  1. сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
  2. екі элементтен тұрып, оның біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.
  3. металл атомымен бір немесе бірнеше гидроксотоптан құралған күрделі заттар.

 металл атомымен қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

 

Сабақ тақырыбы жұмбақ арқылы шешіледі:

  • ақ металл айналады тыным таппай,
  • жүргендей су бетінен орын таппай.
  • Аздан соң суға сіңіп жоқ болады,
  • Оқушым, кәне, ойланшы, қойшы таппай.

 

(2Na + 2HOH = 2NaOH + H2 )

Сабаққа оқушылармен бірлесіп жоспар құру:

 

 

Негіздер дегеніміз молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксотоптан тұратын күрделі заттар.

                                                       НЕГІЗДЕР

 

Суда еритін (сілтілер)

LiOH, NaOH, KOH

Суда өте жақсы ериді

Ba (OH)2 жақсы ериді

Ca(OH)2 аз ериді

 

Суда ерімейтін

Cu(OH)2

Fe(OH)3

Zn(OH)2

және т.б


Негіздердің құрылымдық формуласы:

                                          -O-H                   - O-H

Na-O-H    K-O-H        Ca                       Al  -O-H

                                           -O-H                   -O-H


Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.

 


           
 
 

 


 



Фенолфталеин                Лакмус                 Метилоранж            Әмбебап

Таңқурай                           көк                          сары                         көк

 

Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Қызыл лакмус көгереді, метилоранж сарыға өзгереді, ал түссіз фенолфталеин таңқурай түсін береді.

 

Негіздердің химиялық қасиеттері:

  1. қышқылдармен әрекеттеседі

 

NaOH + HCl = NaCl + H2O

Тұз бен су түзе жүретін қышқыл мен негіз арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы деп атайды.

Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O

Fe(OH)3 + 3HCl = FeCl3 + 3H2O

 

  1. сілтілердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі

 

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO↓+ H2O

 

  1. сілтілердің тұздармен әрекеттесуі

 

2NaOH + CuSO4 = Cu(OH)2 ↓+ Na2SO4

 

Суда ерімейтін негіздер тұздармен әрекеттеспейді, қыздырғанда ыдырайды.

 

Cu(OH)2 = CuO + H2O

 

Негіздердің практикалық маңызы зор. Әсіресе сілтілер кеңінен қолданылады.

Натрий гидроксиді NaOH өнеркәсіпте каустикалық сода. Ол сабын өндіруде, жібек, қағаз алуға, бензинді, керосинді және басқа мұнай өнімдерін тазартуға, өнеркәсіптің басқа салаларына көп жұмсалады.

Калий гидроксиді KOH сұйық сабын алу үшін және сілтілік аккумуляторларда пайдаланылады.  


Кальций гидроксиді немесе сөндірілмеген әк Ca(OH)2 құрылыс жұмыстарына көп қолданылады. Сөндірілген әк пен тотияйынның қоспасы өсімдік зиянкестерімен күресуде көп қолданылады.  


Ой қозғау: «Қанағат»

І деңгейлік тапсырма.

1)    Сәйкестендіру тесті.

 

Негіздер 

 

Формуласы

 

Калий гидроксиді

 

Al(OH)3

 

Темір (ІІІ) гидроксиді

 

Fe2 O3

 

Мырыш гидроксиді

 

FeO

 

Темір (ІІ) гидроксиді

 

KOH

 

Алюминий гидроксиді

 

Fe(OH)3

 

Барий гидроксиді

 

Ba(OH)2

 

Темір(ІІІ) оксиді

 

Zn(OH)2

 

Темір(ІІ) оксиді

 

Fe(OH)2

 

2)    «Сиқырлы гүл»

Бейорганикалық қосылыстардың төрт класына жататын қосылыстардың формуласын бөліп жаз. (Әдемі гүл бейнесі шығады)

 

3)    Артықты тап!

 

KOH

 

 

Al(OH)3

 

Fe(OH)2

 

Ba(OH)2

 

 

Zn(OH)2

 

NaOH

 

Cu(OH)2

 

 

Mg(OH)2

 

Fe(OH)3

Кім жылдам? 

 

«Талап»

ІІ деңгейлік тапсырма.

А) K→K2 O→KOH→KCl

Ә) Li→Li2 O→LiOH→Li2 SO4

Б) C→CO2 →H2 CO3 →CaCO3

 

«Терең ой»

ІІІ деңгейлік тапсырма.

  1. 7,65г барий оксиді сумен әрекеттескенде барий гидроксидінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?
  2. құрамында 5,3г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітінді натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұнба түзілетінін есептеңдер. Тұнба түсі қандай болады.
  3. құрамындағы элементтердің массалық үлестері мынадай:

Fе – 51%  О – 45,3%    Н – 2,8%  болатын негіздің формуласын тауып, оны атаңдар.

 

«Ой түйін»

«Ғажайып гүл»

«Негізсіз дүниенің негізі жоқ»

Фенолфталеин ерітіндісі сіңірілген сүзгі қағаздан жасалған гүлдерге қаныққан ас содасының ерітіндісін шашамыз, сол кезде гүлдің ақ түсі әдемі таңқурай түске боялады. Оқушыларға құбылыстың әсерін түсіндіріп, сабақты ұйымшылдықпен аяқтау.

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения