Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
29.01.2014
0
1968
2

Технология получения мыла в домашних условиях

Казахстан, Акмолинская область, Целиноградский район, с. Новоишимка

Средняя школа № 32
Учитель биологии и химии
Жусупова Р.Ш.

Технология получения мыла в домашних условиях

Зерттеу мақсаты: Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .

Міндеттері:

1.Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.

2.Сабын алудағы химиялық реакцияларды зерттеу.

3.Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.

Зерттеу нысанысабын жасау үрдісі (шикізат, шикізат сапасы, өнім, өнім сапасы)

 Ғылыми болжамы:  Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай,  келер ұрпаққа  мұра етіп қалдырады. 

Өзектілігі:

 Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін  ескере отырып, экологиялық таза өнімді  пайдалану.  

Зерттеу кезеңдері:

І. Ізденіс. Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.

ІІ. Мәлімет жинау. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.

ІІІ. Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.

ІV. Талдау жасау. Сабынның  пайдасын зерттеу.

Зерттеу тәсілдері:  ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.

Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып,  жетілдіру.

Abstract

Aim research :

To use by technology making national soap in daily way of life.

Objectives:

1.Investigate and know some plants which making soap then do  

    herbarium.

2.Investigate chemical reaction which is the result of soap. 

3.To  make  soap for practice with natural materials.

Scientific prediction :

All family will not forget about making soap in daily way of life and then they will leave this knowledge how inheritance for future generation.

Research of stages   

  1. Search material.

We must gather information of articles, magazines, internet, scientific literature, and also we must ask experienced grandmothers which making soap about this skill.

II.  Gather material.    

To gather information about history and technology of making soap.                                                                                    

  1. Laboratory control.

With leader for practice making soap.

  1. Analysis

 To research necessary soap.

Base:

To make soap in daily life and use medical aim.

 

I  Кіріспе

Мен, Сабыр Нұрсұлтан қазіргі Қарағанды обылысы, Нұра ауданы, Жанбөбек аулында 1999 жылы дүниеге келдім.  Бұл жылдары еліміздің түпкір-түпкіріндегі ауылдар көптеген өзгірістерге тап болды: совхоздар жекеменшік иелеріне өтіп, мал саны азайып, жұмыссыздық белең алды. Бұл жағдай менің туған ауылыма да соқпай кетпеді. Еңбекақы берілмей, орнына тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Біздің ауыл қаладан шалғайда орналасқан, тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек заттар ауыл дүкендерінен табылмайтын. Сондықтан ол заттарды қолдан жасауға тура келетін. Әлі есімде бір күні әжем қойдың майының шыжығын пайдаланып  қара сабын жасап жатқанын көрдім, және ол процесс мені қатты қызықтырды.  Қосымша химия сабағында пән мұғалімі Жусупова Рәзия Шақтайқызы сабын қайнату және сабын қайнату технологиялық әдістері туралы түсінік беріп,  осы тақырыпқа «Кім ғылыми жұмыс жазады?» деп ұсыныс айтқан кезде мен бірден келісе кеттім. 2012-2013 оқу жылының сәуір айынан бастап мұғалімнің көмегімен күнделікті тұрмыста сабын жасау әдісін зерттей бастадым.

Ең басты керекті әдебиеттерді оқып, материалдар жинай бастадық. Сабын жасап көрген әжелермен сұхбаттасып, материалдарымызды толықтырдық.  Сабын жасайтын керекті заттарды: май түрлерін, өсімдіктерді танып-білуге арналған материалдарды оқып, өсімдіктерді жинап, кеппе шөп жасадық.  Күзде алабота шөбін жинап, кептіріп, өртеп, күлін жинап алдық. Күл неден тұрады, сақар дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап іздеп, біраз химиялық тәжірибелер жасадық. Қыс бойы соғым етінің сүйектерін жинадық.  Сөйтіп теория жағынан түгелдей дайын болып, тәжірибелік жағын жасау қалды. Жоспар бойынша тамыз айында сабын қайнатып, дайын өнім жасай аламыз деген үміттеміз.

Адамзаттың даму жолында әр түрлі  қажеттіліктерге байланысты көптеген заттарды өздері табиғатты пайдалану арқылы жасап шығаруға тура

6

келді. Қазіргі кездерде ғылыми жобаларға, өзге мемлекеттердің соны жаңалықтарына қарап қызығушылық білдіретініміз хақ. Бірақ, тарихқа үңілсек, барлық адамзат секілді қазақ ұлты да өз өмірлерінде табиғатты дұрыс пайдаланудың арқасында мақтанышпен айтуға лайық заттар жеткілікті жасаған. Ең бастысы бүгінгі заманда да маңызды және сұранысқа ие боларлықтай дүниелер баршылық. Ұлтымыз табиғатты, табиғи заттарды өте ұқыпты пайдалануға ерекше назар аударған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын жетік меңгерген. Өнімдерді қалдықсыз, үнемі пайдаланған. Біздің ата-бабаларымыз ерте кездің өзінде-ақ жаратылыстану ғылымдарының бірі химияның негізгі күрделі  ұғымдарын үй тұрмысында кең түрде қолдана білумен қатар ұрпақтан-ұрпаққа үйрету арқылы келешекке жеткізіп отырған. Бүгінгі күнде олардың тұқымдарын тиімді пайдалана білу, үйрену, қажетіне қарай қолдана білу әрбір жас ұрпақтың өз халқына деген мақтаныш сезімін арттырады  және  бұл ғылымды оқып білуге деген құштарлығын оятары хақ.

Солардың кейбірі бүгінгі тұрмысымызда сабын жасау ісі ұмыт болып бара жатыр, сол себепті халқымыздың бұл өнерін қайта жаңарту үшін пайдалы жақтарын және өнімнің табиғи таза екенін жарнамалау арқылы күнделікті тұрмысқа еңгізсек деген оймен осы жұмысты жасауға бел будық.

7

ІI  Негізгі зерттеу бөлімі 

2.1  Сабынның шығу тарихы.

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәліметтер [1] бергені белгілі. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған.

Сабын  – тілімізге арабтың «сабун» [2.244] деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты әлемге әйгілі болды. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды.

Ал біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтардың малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған  алабота шөбін өртеп,оның  күлін жинап, қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін салып әбден қоюланғанша  оқтаумен бұлғап

 

8

отырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан алып, салқындатып,  сабынның пішініне келтіріп

жасаған. Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп атаған. Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бүзаубас"сабын деп атаған. Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған.

 

2.2  Сабын алатын  өсімдік   түрлері

Алабұталар тұқымдасы (Цһеноподіацеае) – тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер.[3.79.] Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Тұқымы сақиналы болады. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-

ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай

9

бұйырғыны – сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Алабота тұқымдастарға қызылша,  шпинат, көкпек,                                                  сораң, алабота, теріскен,     сексеуіл, бұйырғындар жатады.                                 

1 cурет.  Ақ алабота

Ақ алабота [ 1 cурет ] - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі - ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы - Т4А4Ж1 Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.

2 сурет.  Сексеуіл                     

10

Сексеуіл [2 cурет ]  - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі.Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде  жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты - бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі

11

Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.

3 сурет Қант қызылшасы

Қызылша [3 cурет]  - алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туысының 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына, өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды. Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл - екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша - қызылшаның мәдени түрі. Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады.
Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады. Жапырақты қызылша (мангольд) - қант қызылшасының түршесі. Қант қызылшасы республикамызда Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады. Тамырдан сағақты, топтасқан жапырақтар өсіп шығады. Гүлсидамы, қуатты сабағы екінші жылы пайда болады. Жасыл немесе ақшыл гүлдері жеке-жеке немесе 2-5-тен топтасып өседі. Бірінші жылғы өсім мерзімі 160-170 күн, екінші жылы 100-130 күнге созылады. Жылу сүйеді.

12

4 сурет Шпинат 

Шпинат [4 cурет] - бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Құрамындағы нәруыз мөлшері етке пара-пар. Витаминдерге де бай: А1, В1, В2, С және РР болғандықтан, асты дәмдеуге өте пайдалы. Жапырақтарын тамаққа пайдаланады. Бақша шпинаты - екіүйлі. Аталық гүлінің формуласы: К4А4Ж0, аналық гүлінікі: К0Ж0

 

 

 

5 сурет Бұйырғын   

Алабота тұқымдас [ 5 cурет ]  - бұйырғын (ежовник) шала бұталы немесе көпжылдық шөптекті өсімдік. Гүлдері - қосжынысты. Жемісі - қызғылт, қызыл-сары түсті жидек. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайла жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек жетек түрі өте улы. Итсигектен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі алынады. Оңтүстік Қазақстанда Шымкент қаласында арнаулы зауыт бар. Тұқымбүршігі аналық жабынның ішінде жабық өсетіндіктен, өсімдіктердің бұл тобы жабық тұқымдылар

13

болып аталған. Бұлардың көбею мүшесі - гүлі, сондықтан олар гүлді өсімдіктер деп те аталады. Көпшілігі шөптекті өсімдіктер. Тұқым құрылысына байланысты қосжарнақтылар және даражарнақтылар класына топтастырылады. Қосжарнақты өсімдіктер табиғатта кең таралған. Олардың негізгі белгілері - тұқымы екі жарнақтан құралады, кіндік тамыры, жапырағы тор жүйкелі. Көкнәр және алабота тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады. Жіңішке көкнәр - Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген шөптекті көпжылдық өсімдік. Үлкен сүйелшөп - көкнәр тұқымдас улы өсімдік. Қызылша, көкпек, сораң, алабота, сексеуіл, теріскен, бұйырғын - алабота тұқымдас өсімдіктер. Ағылшын жаратылыс зерттеушісі Джон Рей 1628-1707 жылдары түрге анықтама берді. Ол тұңғыш рет гүлді өсімдіктерді тұқым жарнағының санына байланысты қосжарнақтыларға және даражарнақтыларға бөлдіАлабұталар тұқымдасы.

2.3 Сабын жасау технологиясы және химиялық реакциялар.

Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270°Ц-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RСООNа+HОH®R—СООH+ +NаОH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, СH3, С2H5, С3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары [6.158]. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады . Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, КОН, сода, NаОН, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады [5.]. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май

 

14

қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады.

Сақар — калий карбонаты, поташ. Химиялық формуласы: K2CO3. Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат,ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі.

Суда жақсы ериді. Сақарды KOH ерітіндісіне CO2 -мен әсер ету арқылы және

глинозем өндірісінде қосымша өнім ретінде алады. Сұйық сабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде, фотографияда, т.б. қолданылады.

Сабындану рекциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүреді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы түзіледі (сабын) [7.220]:

 

май    +   NaOH   >   глицерин  + сабын

 

 CH2-O-OC-C17H 35                                 CH2-OH

 CH-O-OC-C17H 35       + NaOH     >      CH-OH       +       3 C17H35COONa

 CH2-O-OC-C17H 35                                CH2-OH                натрий стеараты

        май                  натрий               глицерин                  (қатты сабын)

                             гидроксиді

түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады.Сабынды жинап алып,пішін береді.Хош иісті заттар, бояулар және тағы басқа қалауы бойынша заттар қосуға болады.

         Қазіргі кезде  майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алып [7.223]

 

15

 

2 С36Н74  +  5О2  >  4 С 17 Н35 СООН  + 2  H2O

түзілген қышқылды бейтараптау арқылы сабын алады :

 

С 17 Н35 СООН + NaOH > C17H35COONa + H2O

                                                    натрий стеараты

Әжелеріміз майға сақар қосып  «қара сабын» жасаған. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша Алаботаның сабағы

қатайған кезде  жинап алып,  өртедік.[қосымша 2].

Жанып болған алабота,  күлін суығаннан кейін  кендір қалтаға салып, жинадық. Егер күлдің қорытындысы кесек-кесек болса ,  ондай  қорытпадан мол сақар алуға болады. Көп сақар алу үшін де күл көп  болуы керек. Жиналған күлді  шиден жасалған шыптаның үстіне  жайып,  айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына  тегене қойып, сосын  күлдің үстіне қайнап тұрған  суды құйдық.

Төмендегі аққан сумен бірге күлдің сөлі, нәрі сумен бірге аға береді. [Қосымша 3].

Тегенеге аққан  суды тұндырып алып, тұнған суды тұнбасынан айырып ,  майланған қазанға құйып қайнаттық. Қайта тұндырып, жаңалап,  майланған қазанға  құйып алдық. Маздап жанатын ағаштарды қосып  қайнатқан күлдің суы  сақарға айналды.

 Сабынның құрамын дайындау барысында ескерілетін қауіпсіздік шаралары бар. Сақардың құрамына белсенді металдардың қосылыстары кіргендіктен абайлап дайындамаса, адамның сыртқы терісін күйдіруі мүмкін. Негізі, сабын жасап жатқанда бөгде адам қазан маңына келмесе деп тілеген. Олардың жұмыс барысын қарап тұрғанын да қаламаған. «Бісімілләны» 

айтып ырымдаған.        

Осыларды ескерсек ата бабаларымыздың тұрмыстағы химиялық  үрдістерді 

 

16

білгендігінің айғағы. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналыды. [Қосымша 4].

Өнімді өз қалағаныңдай  пішінге келтіруге болады. Жарты қазандай сақар жинау үшін 4-5 қазан күлдің сөлі болу керек. Осыған қарап, жарты қазан сақар алу үшін қыруар еңбектің нәтижесі екенін байқадық. Қай өсімдіктің күлін алсақ та,  оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғанын

ескерген жөн. Көбіне тегенедегі күлдің суы  қызылкүрең түсті болады. Оны қайнатудың да өзіне тән ережесі бар. Тегененің  астындағы оты бір қалыпты жанса,  қайнап жатқанда тасытып алмай, баптап, алынған сақар  да уытты, майда болады. Осы ажыратуды  қоспалар  ажырату дейді.

Сақар жасауға апалар ертеден қолданған. Күз мезгілі жақындасымен келсе  алаботаны өртеп, сақар жинауға кірісетін. Осы кезде жиналған  сақар бір жыл бойы пайдалануға жететіндей болғаны дұрыс. Сақар дегеніміз –

сабын құрамындағы  негізгі қоспа. Ал оны  алу көп уақытты қажет ететін жұмыс.Бір әулетті бір жылдық сабынмен қамтамасыз ету үшін,  нілді суды үш-төрт күн қатарынан қайната отырып, бір қазанмен қайнатуға болады.  Көбіне бірлігі ыдырамаған қазағымыз  үш-төрт  үй  бірігіп сақар жасаған.  Қатар қойған  қара қазандардан бірнеше отбасы жететін сақар дайындап алып отырған.
Сабын жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді.  Сабын жасауына қарай да адамдарға баға беріп отырған. Сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп қалса, дұрыс жасалынбаса, ол адамның жолы ауырға санаған. Сабын жасайтын ыдысын жуып, тазалап дайындаған. Оған бір кесе сақар салып, оған тура сондай майын қосқан. Қойдың майын жиі пайдаланған.  Сабын

дайындайтын ыдысыңыз  үлкен болса, мөлшерін молайтуға болады.   Қазанды үнемі   ағаш  қалақшамен  араластырып отыру керек.  Егер уақытылы араластырмаса масса, бір қалыпты қайнамайды.  Қазанды үш рет қайнатады. Әр рет қайнағанда, оның  бетіне суық су бүркіп, ожаумен су 

17

құйып отыру керек. Үш қайнағаннан кейін  сабынд  араластырмаймыз,  сабын дайын деуіңізге болады. Жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі-үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір-қоң жууға арналады. Жалпы, сабынның мөлшеріне қарай , оны бірнеше бөлікке  бөліп, домалақтап, матаға орау керек. Сабынды  бөлгенде көбінесе тақ санға бөледі. Сабын  дайын  болған

кезде, майдалап түтілген жүнді қосуға болады. Ол сабын бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.
Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сияқты. Ауыл адамдары кім сабын жасған  үйге сәлем айта келеді, сабын қалап сұрайды. Осы дәстүрді білетін жұртшылық, сабынды шүберекке ораған кезде  қазанның түбінде  азырақ бөлігін бөлек алып қалып,  бала­ларға сақтайды. Мұны бұзаушық дейді. Домалап істелінген сабынды,  балаларға меншіктеп береді. Артылған сабынды  көршілерге , сұрап келген ауыл-аймаққа береді.  Сабыннан берекет, үйден құт кетпесін деп ырымдап береді.                                                            

18

 

ІІІ  Қорытынды. 

Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің  ата бабамыздан қалған дүниелерді  іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Үй ішін де, түскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан. Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды  кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне  байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған.  Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.  Еліміздің әр өңірінде халық тұрмысына ыңғайлап өздеріндік атаумен яғни диалектілермен атау да кездеседі.

Қазіргі күннің өзінде  халық  арасында жасөспірімдердің  өтпелі

кезеңінде бет - әлпеттеріне шығатын түрлі жағымсыз бөртпелерге және әр түрлі қышымаларға (қазіргі кезде аллергия деп аталады) да емдік дәрі ретінде пайдалану кең етек жайған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу

19

арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жұмыстың маңызы ерекше. Емдік   және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.

Қолдан жасалған сабынның ерекшеліктері:

-         бұл экологиялық таза өнім, оның негізі - табиғи  май, шөптер.

-         тазартудан бөлек , ол косметикалық, медициналық  тұрғыдан да әсер етеді.

-         мал ауруларына емдік қасиеті  бар.

-         үнемді.

-         киім - кешек тазартуға қажетті. 

20

 

Қосымша 1:

 

Қосымша 2:

 

Қыркүйек айы. Алабота жинау сәті.

 

Қосымша 3: 

10 сурет   Сақар 1 күні                          11 сурет Сақар 2 күні         

12 сурет  Май қосу сәті

Қосымша 4:

13 сурет  Шүберекке түю                          14 сурет  Сабын үлгілері  (а)        

14 сурет  Сабын үлгілері  (б)

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.  Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ,  2002.  456 бет.
  2. К.Кайым, Р.Сатимбеков, А.Аметов, Ж.Кожантаева . Биология жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: « Атамұра», 2007. 
  3.   Әдістемелік хабаршысы.Білім жүйесіндегі кадрларды қайта даярлау қалалық  орталығының  ай сайын шығатын әдістемелік жинағы. 2000, 3
  4. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра».  198-199 бет .
  5. Н.Нұрахметов, Р.Жұмадилова, Ә.Темірболатова, С. Әлімжанов . Химия Жалпы білім беретін мектептің  жаратылыстану бағыты бойынша 11-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2011, 217-223 бет. 
  6. Н.Н. Нұрахметов, К.Б.Бекишев,Н.А.Заграничная . Химия Жалпы білім беретін мектептің  жаратылыстану бағыты бойынша 10-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2010.  212 бет


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения